Маңғыстау гуманитарлық колледжі
Тақырыбы: : Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың
әріптері. Торғай.
Практикант: Түркменбаева.Ә.
Пәні: Ана тілі
Тобы: ББ-41
Мектебі: № 23
Сыныбы: 1 «а»
Сынып жетекшісі:Сармолдаева А.
Әдіскер: Джанизаковна А.
Күні: .01.15.
Бағасы:
Ақтау 2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың
әріптері. Торғай.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауысты
дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы
толық мағлұмат беру; «Торғай» өлеңін оқыту;
2.Оқушылардың түрлі суреттер арқылы сөздік қорын
молайту,мәнерлеп оқу,көркем жазу дағдысын
жетілдіру;
3. Табиғатты сүйіп,құстарды аялай білуге
баулу,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар,суреттер, видео.
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
Сәлеметсіз бе?
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
(Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.)
- Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Дыбыс дегеніміз не?
Сөз неден құралады? ? Мысал келтіру.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
Оқушылар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын ойнауға дайынбыз ба?
Иә, иә.
« Тиісті әріпті қойып жаз» деп аталады бүгінгі ойынымыз.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды зеректікке тәрбиелей отырып ойлау
дағдысын күшейту мақсатында жылдамдыққа
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Қ – К әріптерін сәйкестендіріп қою арқылы
мағыналы сөз құрап жазу керек
Достарыңызбен бөлісу: |