Сабақтың тақырыбы: Демографиялық проблемалар Оқу мақсаты: 8.4.1.5 дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді Сабақтың мақсаты: Дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктеу, талдау. Демографиялық проблемаларды талдау
проблема
себептері
қорытынды
Дәлелдер, фактілер
(Т) Демографиялық жарылыс, дағдарыс елдеріндегі проблемаларды жіктеп, талдау жасау (PEST немесе STEPLE) 1- топ. «Демографиялық жарылыс елдеріндегі проблемаларды талдау 2- топ. «Демографиялық дағдарыс елдеріндегі проблемаларды талдау
Дескриптор
|
Оқушылар:
|
| - Демографиялық жарылыс елдеріндегі проблемаларды, жіктейді, талдайды.
|
демографиялық проблема
Демографиялық проблемаларға: дамыған елдердегі халық санының азайып кетуіне байланысты туындаған– «демографиялық дағдарыс» және дамушы елдердегі халықтың шектен тыс көбейіп кетуі салдарынан туындаған– «демографиялық жарылыс» жатады. Орта есеппен алғанда дүниежүзі халқы жылына 1,6 % –ға өсуде.
Халықтың орташа жылдық өсу қарқыны
1995- 2010 жж аралығы ( %)
Демографиялық жарылыс бір жағынан Жер халқының жасаруына әкеледі, ал бұл еңбек ресурстарының көбеюіне ықпал етеді.
Екінші жағынан– көптеген ғаламдық және аймақтық проблемалардың (кедейшілік, табиғатты қорғау, азық–түлік жетіспеушілігі, сауатсыздық, аурулардың көбеюі, т.б.) туындауына себепші болады
Демографиялық дағдарыс депопуляцияға, ұлттың қартаюына, елдің экономикалық дамуына ЭБХ ның азаюы әсер етеді.
Демографиялық жарылыс проблемасы- бүкіл әлем қауымдастығының проблемасы
БҰҰ мәліметтері бойынша халықтың аштықта өмір сүретін бөлігі 1,02 миллиард адамға жетуі мүмкін. (планетаның әрбір 6 - шы тұрғыны)
Қалалардың өсуі. Ауыл шаруашылық жерлерінің аумағын арттыру мүмкін болмағандықтан, халық қалаға қарай ағылады. Бұдан келіп, қала маңында миллиондаған лас қыстақтар зонасы (жалған урбандалу) тез қарқынмен ұлғайып, олар қоршаған ортаны ластағанымен қоймай, ұлттық саябақтар мен қорғалған аймақтарға да шабуыл жасай бастайды.
БҰҰ –ның жаңа статистикасына сәйкес, әлемде 771 млн. ересектер мен 100 млн. астам балалар өмірінде мектепке барып көрмеген сауатсыздар екен. Аш , сауатсыз және еліктегіш жандарды дін арқылы басқару оңай.
Күнкөріс үшін дамушы елдерде балалар еңбек етуге мәжбүр. Жер шарында 5 – тен 14 жасқа дейінгі 165 млн бала еңбегі пайдаланылады.
Жүргізілген зерттеулер негізінде дамушы елдердегі демографиялық жарылысқа байланысты төмендегідей негізгі проблемаларды атап көрсетуге болады : Жүргізілген зерттеулер негізінде дамушы елдердегі демографиялық жарылысқа байланысты төмендегідей негізгі проблемаларды атап көрсетуге болады : - Өмір сүру деңгейінің төмендігі:
а) кедейшілік; б) сауатсыздық; в) аштық; г) жұмыссыздық. 2. Өлімнің жоғары деңгейі: а) ерте некеге тұру; б) індеттер; в) әскери қақтығыстар ,терроризм. Табиғи ресурстардың сарқылуы
Егер өсу қарқыны 2,4 - 3,2% болған жағдайда, әлемдегі энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну 50 - 70 % -ға артуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығы айналымындағы жаңа жерлердің үлесі жыл сайын 3,9 млн. га артады.
Ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры жылына 6 - 7 млн. га жылдамдықпен азаяды.
Суды шектен тыс тұтыну әлемдегі су ресурстарының сандық және сапалық жағынан сарқылуына әкеп соқтырады.
Әлемдегі халық санының үздіксіз артуы - тамақ пен энергияны өндіруді және пайдалы қазбаларды тұтыну мөлшерін арттыруды қажет етеді.
Халық санының азаюынан туындайтын проблемалар: Депопуляцияның геосаяси қатері Халық тығыздығының төмендігі кез келген елді көрші елдердің басып алуына қызығушылығын тудырады. Бұл ретте басып алудың әскери әрекеттермен болуы міндетті емес. Оның орнына иммигранттармен толтыру арқылы тыныш және байқаусыз өтпек.
Экономикалық қатер
- Ұлттың қартаюы, халық санының аздығы елдің экономикалық әл-ауқатына қатер төндіреді.
- Халық санының төмендеуі экономикалық инфрақұрылымның одан әрі өсу үшін әлеуетінің болмауына әкеледі.
- Өндіріс өнімдері тұтынудың азаюына байланысты қиындыққа тап болады.
Демографиялық проблема
Қайталау үшбұрышы
Білемін, білдім, білгім келеді
Достарыңызбен бөлісу: |