Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.1.А.Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
|
Мектеп:№97
|
Күні:13.09.2022 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні:Дүйсенбай Ж
|
Сынып: 9 А
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.2.2.1екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату
|
Бағалау критерийлері
|
- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді тауып, дәрежесін анықтайды;
- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімін тауып, графигін салады;
- график бойынша екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу құрастырады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0 – 2 мин
2 – 4 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Белсенді оқу әдісі: «Тілек шоғы»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, қолдарынан ұстайды. Көршісінің көзіне қарап тұрып оларға жақсы сөз айтып, мақтау керек. Оны қабылдаған адам басын изеп: «Рақмет, мен өте ризамын!»-деп айтады. Кейін ол өз көршісіне қошемет сыйлайды. Жаттығу шеңбер бойымен жүреді.
ҚБ: «Қошемет» әдісі арқылы бір-біріне қошемет көрсетеді.
Топқа бөлу.
Саралау тәсілі: жіктеу (аралас - гендерлік топ)
Белсенді оқу әдісі: «Сиқырлы сандықша»
Оқушылар мұғалім алдында тұрған сандықша ішінен қағаз қиындыларын алады, қағаздағы теңдеуге байланысты график түрін анықтайды, сол бойынша 3 топ құрылады.
І топ:
«Парабола»
|
ІІ топ: «Гипербола»
|
ІІІ топ:
«Шеңбер»
|
у = х2-4х +3
|
|
х2+у2=16
|
у = -3х2+2х +5
|
|
(х+3)2+(у-1)2=9
|
у = 2х2-4х +5
|
|
х2+у2=36
|
у = -х2+7х -12
|
|
(х+1)2+(у-3)2=4
|
ҚБ: Мұғалім мадақтауы «Керемет!», «Жарайсыздар!», «Өте тамаша!»,т.с.с.
|
кеспе қағаздар
|
Сабақтың ортасы
4– 7 мин
7– 10 мин
10– 20 мин
20– 22 мин
22– 27 мин
27– 37 мин
|
Жеке жұмыс
Бағалау критерийі:
- екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді тауып, дәрежесін анықтайды
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: білу, түсіну.
Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Белсенді оқу әдісі: «Допты лақтыру»
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы бірнеше сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса , допты басқа оқушыға береді.
1.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.
2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.
3. х(х+y2)=х+1 теңдеуінің дәрежесі?
|