Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова. «Оюлар» Сабақтың мақсаты: а білімділік



Дата03.12.2016
өлшемі34,15 Kb.
#3039
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова. «Оюлар»

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: оқушыларға Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып .Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінің сюжетін меңгерту.

Ә) тәрбиелік: Оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Б) дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетің дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: кіріктірілген

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, баяндау, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: Тіл,технология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. оқушылармен сәлемдесу

2. оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. /шаттық шеңбер/

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


  1. Жүмекен Нәжмеденов өмірі мен шығармашылығы.

  2. Әкемен бала достығы әңгіме.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Ақынның өмірі жайлы мәлімет

Өмірбаяны.

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) обл. Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

1961 жылы Гурьев Мемлекеттік Педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, балықшы ауданының Еркінтома октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.

Қазақ халқы өнерді бағалаған. Өнердің түрі көп. Сол өнердіңң ішінде ақын апамыз Фариза Оңғарсынова ою-өрнектен халықының , тарихын, өткенін көрген. Ою-өрнектен өзінің асыл әжеге деген сүйіспеншілігін, сағынышын көрсете отырып, әженің алқанымен сипағандай болып сезінгендей болғанын көрсеткен.

Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Бес жолды өлең құрастыру.


  1. Ою(зат есім)

  2. Өрнекті, әдемі (сын есім)

  3. Ояды, тағады, безендіреді (етістік)

  4. Ою- қазақтың ұлттық байлығы

  5. Өрнек (синоним)

Мақал – мәтелдердің сыңарларын табыңдар.

  1. Кестені көңіл сызады,

Қол тігеді, көз сыңайды.

  1. Асыл қайшы, пішуге сән,

Күміс қасық, ішуге сән.

  1. Өнерліден үйрен,

Өнерсізден жирен.

  1. Өнер іздеген осер,

Өсек іздеген өшер.

  1. Өз үйінде ою оймаған,

Кісі үйінде сызуды сыза алмас.

Жаңа сабақты бекіту:

Оқушылар біз бүгін не білдік, не үйрендік?



Инсерт әдісі:

Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

Әжемнің киізде ою салатының білемін

Ою-өрнектердің түрлері, көптігі мен үшін жаңалық

Шығу тарихын білгім келеді

1966 – 68 жж Гурьев облыстың «Коммунисттік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970 жылдары Республикалық «Меншіктік жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметкерін атқарған.

1970-71 жылдары Республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсанның «Пионер» журналының бас редакторы болып істеген.

1978-96 жылдары Республикалық «Ақ желкен» журналының бас редакторы. ҚР парламенті мәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004жж)

Шығармалары – Қазақ тіліндегі «Сандуғаш» (1966ж), «Әуендер» (1968ж), «Мазасыз жан» (1972ж), «Тәкаппар ұрпақ» (1973ж), «Көгершіндерім менің» (1974ж), «Мен сенің жүрегіндемін»(1975ж), «Шілде» (1978ж), «Сенің махаббатын» (1979ж), «Дауа» (1985ж)

Марапаттары:

«Құрмет белгісі» (1976ж)

«Парасат ордені» (1996ж) басқада медальдарымен , Қаз КСР жоғарғы Кеңесі Президентінің құрмет грамоталары марапатталған.

Қаз КСР Мемлекеттікк сыйлығының лауреаты (1979ж)

Халыққа білім беру ісінің үздігі. (1985ж)

Қазақстанның халық жазушысы (1991ж)

Қазақстанның халық ақыны.

Қазақстанның мемлекеттіік сыйлығының лауреаты.



«Оюлар» өленің мәнерлеп оқу.

Халықтың асыл қасиеттерін өзіне жинақтаған ұлттық қол өнері бұйымдарын, халықтық дәстүрді, өнерді ақын мейілінше бағалаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет