Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Пәні:
Көркем еңбек
Бөлім:
Құндылықтар
Педагогтің аты-жөні:
Коблашова В.У
Күні:
09.11.2022ж
Сынып: 4 «А», «Ә», «Б», «В», «Г»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Жақындарымыз бен достарымызға ашық хат жасаймыз.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
4.1.3.1 Қаріп түрлерімен танысып, ашықхат жасау арқылы адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыру.
4.2.2.1 Өз идеялары мен сезімдерін көрсете отырып, әртүрлі қаріптермен жұмыс істеп, оларды қабылдауды дамыту.
Сабақтың мақсаты
Алған білім, білік-дағдыларын пайдаланып, өз бетінше шығармашылық ашықхатын жасайды.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабаққа кіріспе 10 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдайды ұйымдастырады.. Сабақтың басында әртүрлі музыка мен балаларға арналған әндерді қосып қоюға болады. Бұл оқушыларға өз бетінше әдемі плакат, ашықхат, постер жасауға көмектеседі.
Сабақтың басында оқушылар қанық және қанық емес түстерді еске түсіріп, олардың адамның сезімін берудегі рөліне тоқталуды мұғалім сұрайды
Бұл сабақ арқылы қабырға газетін, ашықхат, жалпы әртүрлі жазбаларды безендіруге ерекше назар аударып үйренеді
Мұғалімнің мадақтау сөздері.
Музыка, газет, плакаттар.
Сабақтың ортасы 10 мин
Жаңа сабаққа қадам Мұғалім балалармен бірге оқулықтағы суретшілердің туындыларына назар аударып, олардың түс үйлесіміне, ол нені үндейтініне, туындының идеясы мен көңіл күйінің байланысына, көрерменді қандай сезімге бөлейтініне көңіл бөліп, талқылайды. Одан әрі мұғалім қаріп түрлері туралы айтады: «Суретші – жай қарапайым заттардың өзінен ерекше, қызықты дүниелерді көріп, оны басқалардың да көруіне көмектесетін адам. Біз бүгін әріптер әлеміне сапар шегеміз. Сендер таңғалып отырсыңдар ма?
Қарапайым әріптер бізді несімен қызықтыруы мүмкін? Біз суретші емеспіз бе? Кәне, қарапайым әріптерге қарап, олардан ерекше нәрселерді байқап үйренейікші. Мысалы, «Я» әрпін алайық. Ол неге ұқсайды?» ( мұғалім тақтаға бұл әріпті әртүрлі етіп салады, сонда оқушылар олардан өздеріне таныс бейнелерді көреді). Балалар оны бір қырынан қарап тұрған қарны томпақ адамға, балыққа, ілмекке және т.б. ұқсатады. Тіпті ерекше жауаптарды да естуге болады.
Одан соң балалардың назарын бір әріптің өзі әртүрлі бола алатынына аудару керек. Алдымен бір әріппен жұмыс істейді.
Ал енді оқушылар, оқулықтағы жұмыс реті бойынша қанық және ашық түстерді қолдана отырып, ашық хат жасаймыз!
Балаларға әріптер туралы қызықты оқиғаларды айтып беруге болады. Мысалы, «К» әрпі өзін хас сұлумын деп санап, айнаның алдынан шыр айналып шықпай қойды. Айналып-айналып «Ж»-ға өзгеріп, енді хас сұлудан жапалаққа айналды. Мүмкін, жапалақ емес, тырна шығар. Ал көңілді «Р» әрпінің тісі ауырып, беті ісіп, ол ... әріпке айналды. Балалар бәрі бірге «Ф» деп жауап береді.