Сабақтың барысы:
Оқулықпен жұмыс.
Тақтамен жұмыс
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ-жауап
І топ –Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
ІІ топ –Жай сөйлем дегеніміз не?
ІІІ топ – Жалаң сөйлем дегеніміз не?
ІV топ – Жайылма сөйлем дегеніміз не? т.б.
Дескриптор
1.Ережені біледі.
2.Сөйлем құрап, талдай алады.
Жаңа сабаққа тұсау кесер:
1-жаттығу. Екі бағандағы берілген сөйлемдерді оқып, оларды салыстыру. Сөйлемдердің бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін табу. Сөйлемдерді көшіріп, бастауышы мен баяндауышын тауып, астарын сызу.
Дескриптор:
1.Сөйлемдерді салыстырып, бір-бірінен айырмашылықтарын табады.
2.Бастауышы мен баяндауышты тауып астын сыза алады.
3. Ойын дәлелдей алады.
Бейнетыңдалым. Жай және құрмалас сөйлем туралы тыңдау.
Ойтолғау. Жалғасын тап: 4 топқа бөліп беру.
2 – жаттығу. Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.
Дыбыс естісе қашады,
Қырқаны бір – ақ асады. ( қоян )
Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді. (бульдозер )
Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі. ( жаңғырық)
Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. ( мұз )
3 – жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айту. Бастауышы мен баяндауышты табу.
Ердің атын еңбек шығарар. ( 1 жай сөйлем )
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді. (2 жай сөйлем )
Достықтың төлеуі – достық. (1 жай сөйлем)
Дескриптор:
1. Екінші жай сөйлемді таба алады.
2. Бастауышы мен баяндауышты таба алады.
3. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.
|
Таныстырылым,
оқулықпен жұмыс
|
Қызықты тапсырма
|
4-жаттығу (ауызша талдау)
5-жаттығу. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап жазу
Дескриптор:
1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.
2. Екі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрап жаза алады.
Топтық жұмыс.
І топ – Суретке қарап : жай сөйлемнен бір мақал, құрмалас сөйлемнен бір мақал жазу.
ІІ топ –Екі суреттен бір жай және бір құрмалас сөйлем құрау
ІІІ топ – Венн диаграммасы
ІV топ – Семантикалық карта
Дескриптор:
1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.
2. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем құрап жаза алады.
3. Өмірмен байланыстырады.
|
Түрлі тапсырмалар
|