Сабақтың тақырыбы: “Жеңіс – оңайлықпен келген жоқ”
Сабақтың мақсаты: а) білімділік – Қазақстанның қиын – қыстау кезеңіндегі іс-қызметіне тоқтала отырып, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағының халықтары сияқты, Қазақстан еңбекшілерінің де жоқшылық пен ауыртпалықтарға қарамастан, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қарақшы жау-фашизмнен ерлікпен қорғағанын және тылда болашақ үшін тамаша еңбек еткені жайлы толық түсінік беру.
б) Дамытушылық – Оқушылардың Ұлы Отан соғысы жайлы тусініктерін кеңейте отырып, жеңістің – оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылдық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.
ә) Тәрбиелік – Отанға деген шексіз махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, достық, бірлік, татулық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.
Көрнекілік: Карта “Ұлы Отан соғысы” 1941-1945 ж.ж, “Кеңес Одағының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы” – фильмі; 1-2бөлімдері. Кадаскоп, тірек схемалары.