Сабақтың тақырыбы: Жергілікті желі



Дата12.09.2020
өлшемі18,5 Kb.
#77937
түріСабақ
Байланысты:
000687bf-f1e8e16b


Пәні: Информатика

Сыныбы: 11 сынып (жарат.бағыт)


Сабақтың тақырыбы: Жергілікті желі

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға жергілікті компьютерлік желі, топология, жергілікті желіні және Wi-Fi желісі баптау жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, көру және есту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу. (8 минут)
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. «Шаттық шеңбері» көмегімен оқушылар бір - біріне өздерінің аттарының бас әрпінен келетін жақсы сөздерді айтады.
5. Оқушыларды қима қағаздарда жасырынған сөздері құрастыру көмегімен екі топқа бөлу. 1 - топ – «Wi-Fi желісі», 2 - топ – «Жергілікті желі»деп аталады. Екі топқа бағалау парағы беріледі.
Топтар өздерінің сайыс барысында алған ұпайларын бағалау парағына түсіріп отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру: (7 минут)


Сайыстың 1 - бөлімі: «Кім жылдам?». Ойынның шарты бойынша ғаламтор бойынша 2 топ оқушылары да тестке жеке-жеке жауап береді. Ойын соңында топ оқушыларының ұпайлары қосылады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру: 10 минут

Топология – желі компоненттерінің физикалық орналасуы.

Желі топологиялары: жұлдыз, сақина және шина

Желілік концентратор немесе хаб – кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.

Желілік коммутатор деп бір (немесе бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын компьютер.

Жергілікті желіде топологиядан тәуелсіз сервер ретінде бір компьютердің бөлінуі (бөлінген серверлі желі) немесе желідегі барлық компьютерлер тең құқықты (бір рангілі желі) болуы мүмкін.

Wi-Fi – бұл радиоарналар бойынша мәліметтердің сандық ағындарын тасымалдау стандарты.

ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: (5 минут)
Сайыстың 2 - бөлімі: «Жалған мәтін». 2 топқа мәтін беріледі. Берілген мәтіндегі қателіктерді жөндеу керек.
1 - топқа:
Желілік коммутатор – бұл радиоарналар бойынша мәліметтердің сандық ағындарын тасымалдау стандарты.

2 - топқа:


Wi-Fi – кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.

V. Жаңа тақырыпты бекіту: (10 минут)


Сайыстың 3 - бөлімі: «Компьютердегі тәжірибелік жұмыс».

Тапсырма: компьютердің желідегі жұмысын тексеру



  1. Жергілікті желіге қосылған өз компьютерлерің мен көршілес компьютердің IP-адресін анықтаңдар.

  2. Интернет желісінде желі жұмысындағы ең қарапайым ақауларды анықтауға мүмкіндік беретін Windows стандартты құралы – Ping бұйрығы туралы ақпаратты жазыңдар.

  3. Сендер таңдаған компьютердің желіде дұрыс жұмыс жасайтынын тексеріп, дәптерлеріңе жазыңдар.

VІ. Қорытындылау: (5 минут)
Топтардың бағалау парағына қарай отырып, жеңімпазды анықтау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 18 тақырыпты оқып келу

VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау

«№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Тақырыбы: «Жергілікті желі»



Өткізген: информатика пәні мұғалімі Қабиева Т.Т.

Мұнайлы-2016ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет