1.3.1.1.Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және түзу сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле,бұрышты атайды және бір-бірінен ажыратады.
Сабақтың мақсаты
1.Кесінді мен сынық сызықты атайды.
2.Оларды бір- бірінен ажыратады.
3.Геометриялық фигуралар сызады.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балаларды сабаққа дайындау
2 минут
Сергіту сәті
1 минут
Қызықты тапсырма
12 минут
Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ертеңгілік шеңбері Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.
Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)
Бірінші күн- дүйсенбі
Екінші күн – сейсенбі
Үшінші күн – сәрсенбі
Төртінші күн — бейсенбі
Бесінші күн — жұма
Алтыншы күн- сенбі
Жетінші күн- жексенбі.
Мадақтау арқылы
Оқушының жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы 8 минут
1 минут
12 минут
5 минут
Кіріспе бөлім І.Жаңа сабақ № 1 тапсырма. «Ойлан,тап» ойыны арқылы жолақтың бір бөлігін екі жағынан бүктеп, бүктеу сызықтары арқылы қайшының көмегімен қию керектігі туралы ұсыныс беремін. Не пайда болғанын сұраймын.Оқушы жауаптарын тыңдаймын.
Осы жолақтың бөлігін «кесінді» деп аталатынын айтамын. Өмірде кесіндіні қай жерде кездестіргенін сұраймын.
Кесіндінің түзу сызықтан айырмашылығы неде екенін сұраймын. Жұп болып жолақтың екі ұшынан ұстауға ұсыныс беремін.Бұдан оқушылар түзу сызықтың ұштары болмайтынын, сондықтан оның шексіз, ал кесіндінің екі ұшы болатыны туралы қорытынды жасайды.
№ 2 тапсырма. «Радио эфир» әдісі «Ойнайық та, ойлайық» ойыны арқылыоқушыларға өз кесінділерін
біріктіруді ұсынамын
Дескриптор:
Сынық сызықтың бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралатынын біледі.
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалату
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
«Смайликтер » арқылы
Қолдарының қимылы
Бөлім:
Геометрия элементтері.
Мұғалімның аты-жөні
Әбжапбар Назым
Күні:
Сынып: 1 «З»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Жазық фигуралар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:Геометриялық фигураларды танып, соған ұқсас заттарды табады.
Көптеген оқушылар: Жазық және кеңістік фигураларды танып, ажыратып және қоршаған ортадағы ұқсас заттармен сәйкестендіре алады
Кейбір оқушылар: Жазық және кеңістік фигураларды танып және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіріп, әртүрлі пішіндермен өз ойынша құрастыра алады
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балаларды сабаққа дайындау
2 минут
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. Жаңа сабақты түсіндіру
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Мадақтау арқылы
Оқушының жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы 5 минут
3 минут
1 минут
2 минут
6 минут
5 минут
4 минут
1.Жазық фигураларды бояп,атауларын атайды
Дескриптор Білім алушы - жазық фигураларды бояп,атауларын атайды.
2 . «Пазл құрастыру»Пазл қиындары салынған конвертті таратып беремін.Орта бөлігінде жазық немесе кеңістіктегі пішін орналасқан, ал қалғандары осы пішінге ұқсас қоршаған ортаның заттарынан тұратын пазлдағы пішіндер мен заттарды салыстырып, сәйкестендіру
Дескриптор Білім алушы - пазлдағы геометриялық пішіндер мен заттарды салыстырып және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.
Сергіту сәті
6-4пазлды толық тауып сәйкестендірсе
3-2 пазлды тауып сәйкестендірсе
Мүлдем еш пазлды сәйкетендірмесе
3 . «Құрастырып көр» Оқушыларға конвертке түрлі бірнеше жазық фигураларсалып таратамын. Жазық фигуралардан түрлі 3-4 мазмұнды композициялар құрастыруды тапсырамын.
Дескриптор Білім алушы - жазық және кеңістік фигураларды танып және қоршаған ортадағы заттармен сәкестендіріп ,түрлі пішіндерді құрастырады.
Сабақты бекіту тапсырмалары 5.Жазық фигураларды - қызыл, ал кеңістік денелерін көк түспен боя. Фигураларды ата.
Дескриптор Білім алушы - жазық фигураларды анықтайды; - кеңістіктік денелерді анықтайды.
Жоғары шапалақ-өте жақсы
Ортада шапалқ-жақсы
Төмен шапалақ-әлі де ойлан
2-тапсырма
Ж.Кеңістік денелерінің атауын оқы. Оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендіріп сыз.
Суретке қарап өз ойын айту
Сұрақтарға жауап береді
сергіту жаттығуды қимылмен, дұрыс жасау
қол соғу «Жарайсыңдар!», «Тамаша!» Барлығың тез,шапшаң,шатаспай көрсете алдыңыз.
«От шашу» өздік бағалау
Жоғары шапалақ-өте жақсы
Ортада шапалқ-жақсы Төмен шапалақ-әлі де ойлан
Геометриялық пішін суреттері,түрлі заттардың суреттері Мысалы;шаршыға:шахмат тақтасы, теледидар,жастық,печенье т.б
Шеңбер:күн көзі,машина дөңгелегі,50 тиын,жер шары,түйме т.б.
Тікөртбұрыш:үстел,кітап,сот,телефон,тақта ,диван
Үшбұрыш: шырша,сәукеле,питца бөлігі,тау шыңы,т.б.
қимылдар көрсету
Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалату
Кеңістік фигуралар моделін құру және олардан композиция құрастыру.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балаларды сабаққа дайындау
Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Қайырлы күн деп айтамыз,
Кешке бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!»
-Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.
.
Мадақтау арқылы
Оқушының жұмыс дәптері, кітап
Сабақтың ортасы
8 минут
3 минут
6 минут
3 минут
6 минут
Кеңістік фигураларын қолдана отырып, осы фигураларды жасаудың ретімен оқушыларды таныстыру.
Кеңістік фигураларының ішінен бір фигураны таңдап алу, мысалы текше;
Фигураны түрлі түсті қағазағ не қатырма қағазға бастырып сызу;
Салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу.
Шаршыны бір диоганалі бойынша бүктеп екі үшбұрыш алудың жолын көрсету;
Шаршыны екі диоганалі бойынша бүктеу арқылы төрт үшбұрыш жасауды көрсету.
Қиып алынған фигураларды пайдаланып әр түрлі композиция құрастыру.
Композиция құрастырудың ең оңай тәсілдерін үйрету.
1.қадам екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы екі үшбұрыштан бір шаршы құрастыру
2. қадам қарапайым фигуралар құрастыру.мысалы шырша, саңырауқұлақ.
3.қадам мазмұнды (сюжетті) композицияларды кеңістік фигуралардынан көрсету.
Дайын композицияларды қатырма қағазға желімдеу.
Сергіту сәті. Тірек білімдерін жетілдіру. «Артық фигура» ойынды өткізу. Берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізу.
1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, тіктөртбұрыш
2). Үлкен үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш, шаршы.
3). Шаршы, төртбұрыш, дөңгелек.
Оқушылар жауаптарын дәлелдеп отырады.
Оқулықпен жұмыс Кеңістік фигураларынан құралған Астана қалысындағы зәулім үйлер мен ғимараттардың суреттері.
Бәйтерек монументі қандай кеңістік фигураларынан жасалған?
Неше шар бар?
Цилиндр ше?
Кеңістік фигураларынан бақа композициясын жасау.Өздерінің жұмыстарында қандай фигура қолданғандығын сұрау.
Сұрақтарға жауап беру
Суреттермен сәйкестендіру
Фигураларды орнына қою
Дене қимылдату
62 ші бетті ашу.
Суреттерге қарап жауап беру
мадақтау
мадақтау
мадақтау
смайликтер
суреттер
сызба
жазба дәптер
қимылдар көрсету
Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалату
«Бес бармақ» тәсілі
Қолдарының қимылы
Бөлім:
Геометрия элементтері.
Мұғалімның аты-жөні
Әбжапбар Назым
Күні:
Сынып: 1 «З»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Жазық фигураларды модельдеу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
1.3.1.4 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөрт бұрыш) және кеңістік (куб, шар, ци линдр, конус, пирамида, тікбұ рышты параллепипед) фигураларды тану және айналасынан табу
Сабақтың мақсаты
Әртүрлі материалдардан жазық фигуралардың модельдерін жасату; модельдерді құрастыру дағды-ларын қалыптастыру; зерттеушілік іс-әрекетті ұйым-дастыру арқылы жазық фигураларды жасаудың әр-түрлі тәсілдерін іздеуге үйрету.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, журнал толтыру. - Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Мадақтау арқылы
Оқушының жұмыс дәптері, кітап
Сабақтың ортасы 8 минут
1 минут
6 минут
5 минут
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну
«Бұл қай фигура?»
Белгілері бойынша геометриялық фигураларды табады
Өз бетіңше тіктөртбұрыш жаса. Тіктөртбұрышты жасау үшін қос-қостан ұзындықтары бірдей төрт ши ді таңдап алу қажеттігіне назар аудартыңыз, өйткені тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең. Ұзындықта ры бір-дей екі жұп шиді да йындауда қиындық көрген оқушыға көмек ұсыну. Тапсырманы аяқ та ған кезде оларды бір-бірінің жұмысын тексеру үшін жұптарға біріктіру
Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы орын-дау үшін бес ши мен бес бөлік ермексаздан қандай фигура алуға болатынын ойлануды ұсы ну. Егер оқушылар тапсырманы орындай алмаса, тәжірибе жүргізу арқылы жауабын табуды ұсыну.
Жауабы:бесбұрыш, себебі оның бес төбесі және бес қабырғасы бар.
Сергіту сәті Орындап көр. Тапсырманы орындау кезінде жазық фигураларды құрастыруда алған білімдеріне сүйене отырып, оқушыға мәселелік (проблемалық) жағдайды шешуді және талдауды ұсыну.
Шешуге қойылған міндет оларға қиындық туғызса, онда тәжірибе жүзінде байқап көру арқылы қажетті фигураны анықтауды ұсыну.
Суретке қарап өз ойын айту
Сұрақтарға жауап береді
сергіту жаттығуды қимылмен, дұрыс жасау
Ермексаздан геометриялық фигуралар жасау
Қимыл-қозғалыс
мадақтау
мадақтау
мадақтау
смайликтер
Геомет
риялық
фигура
лар
Санау
сызба
жазба дәптер
қимылдар көрсету
Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалату