Сынып: 5 Пән: математика Күні:
Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың кесінді оның ұзындығы,сынық сызықтар оларды салып білу, оқып білуге үйрету, ұзындықтары бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын дамыту.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Есептер шығару , сұрақ –жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары
Сабақтың өту жоспары:
1 .Ұйымдастыру бөлімі.
2.Сабақтың барысымен таныстыру.
3.Практикалық жұмыс .
4.Үйге тапсырма.
5.Бағалау.
Қайталау үшін сұрақтар:
Кесінді мен сәуленің айырмашылықтарымен ұқсастықтары неде?
Сынық сызықтар деген не?
Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар деген не?
ІІІ. Практикалық бөлімі
№ 65
АВ кесіндісінің ұзындығы 18 см. АВ кесіндісін Д және Е нүктелері тең үш кесіндіге бөледі. Егер АВ кесіндісінің қақ ортасынан О нүктесі бнлгңленсе, ОЕ кесіндісінің ұзындығы неше см?
№ 66
Ұзындықтары бірдей төрт бөлік сымнан параллелепипедтің макеті құрастырылғаны көрсетілген. Сымдардың әрқайсысы неше буынға бөлініп иілген.
№ 67
АД кесіндісінен АВ кесіндісі 5 см ұзын болса, АС кесіндісі 4 см қысқа. АС кесіндінің ұзындығы СВ кесіндісінің ұзындығынан 3 есе кем. АВ кесіндісінің ұзындығы неше сантиметр?
№ 68
Бақтағы 33 жеміс ағашы түзу бойымен бір- бірінен 6 м арақашықтықта орналасқан. Екі шеткі жеміс ағаштарның арақашықтығы неше метр?
А. 192м В. 195 м С. 198м Д.184 м
№69
2 баскетбол добы 2 волейбол добынан 600г ауыр, ал 4 волейбол добынан 100г жеңіл. Баскетбол добының массасы неше грамм? Волейбол добының массасы неше грамм?
Сабақты бекіту:
Шағылысқан айна.( оқушылар мұғалімге сұрақ қояды, мұғалім сол сұрақты өзгертіп келесі оқушыға қояды.)
Үйге тапсырма .№
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |