|
Дуниетану
|
2 сынып
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
|
Сабақтың мақсаттары:
|
1.Өсімдік мүшелерін, олардың атқаратын қызметін пысықтай отырып, жапырақтың күздегі сарғайып түсетін жағдайын түсінеді.
2.Оқушылардың дүниетанымдары кеңейеді. Оқу-білімге деген құштарлықтары артады.
3.Туған жердің табиғатын аялауға, оны сақтауға, қорғауға тәрбиеленеді.
|
Сілтеме:
|
Әдістемелік нұсқаулық, 2-сыныпқа арналған дуниетану оқулығы
|
Оқунәтижесі:
|
Күзгі табиғат көріністерін меңгеруі, жапырақтың түсінің өзгеру себебін ұғынуы, АКТ-ны пайдалана алуы
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
суреттер, қималы карточкаларды пайдалану
|
Оқыту әдістері:
|
Сұрақ- жауап, АКТ, сынитұрғысынанойлау, ой шақыру
|
Оқытудың түрлері
|
Жұптық, топтық, өзіндікжұмыстарарқылыөткізу
|
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Топқа бөлу. «Өсімдік мүшелері» арқылы 3 топқа бөлу.
1-топ Тамыр
2-топ Сабақ
3-топ Жапырақ
Таңдау, бөліну, отыру
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
|
Әр топтың оқушыларынан үй тапсырмасын сұрау.
1.Өсімдік тіршілігіне нелер қажет?
2.Өсімдіктің негізгі мүшелері.
3.Сабақ
|
ІІІ. Жаңа сабақ
|
Жұмбақ өлең жасырылады. Жыл мезгілі анықталады, күз туралы пікірлерін ортаға салады.
|
IV. Сергіту сәті
|
«Күзгі табиғат көрінісін» бейнелеп әр топ сурет құрастырады.
|
V. Оқулықпен жұмыс
|
Мәтінді түсіндіру.
«Жапырақтың түсі неге жасыл немесе ол неге күзде сарғаяды?»
|
VI. Тапсырма
|
Әр топқа жұмбақтар жасырылады. Шешуіне байланысты сурет салынады.
Топтарға сұрақтар беріледі.
|
VII.Қорытындылау
|
Сұрақтарға жауап алынады.
|
VIII.Үйге тапсырма беру
|
Мәтін бойынша дайындалу.
Проблемалық сұрақ: Қураған жапырақты мал жей ме?
|
IX.Бекіту
|
Бекіту мақсатында жаңа тақырып бойынша бірнеше сұрақтар беріледі.
|
X. Бағалау
|
Формативті бағалау. Екі жұлдыз бір тілек арқылы
|
XI. Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсету тапсырылады.
|