Мукиева Орынгул Аменовна
Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №3 жалпы білім беретін орта мектебі
Нұсқа А.
Формат: бейнесабақ
бейнесабақтың ұзақтығы 7-10 минут
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Бөлімі : Меніңм туған өлкем.
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем.Қазақстан картасы.
Сабақтың мақсаты:
2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.2.5.1 - дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу
Бағалау критерий :1 Мәтіннің тақырыбы арқылы мәтін мазмұнын болжайды.
2.Лепті сөйлемді ажыратады.
3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын табады .
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Қош келдіңіздер! Қазір бізде қазақ тілі сабағы.
1.Кіріспе бөлім (Жаңа материалды ұсыну кезеңі)
«Бейнелілік» тәсіл .
Мәтін тақырыбы «Алғыс» деп аталады.
--Қалай ойлайсың мәтін не туралы болмақ?
Мәтін :Алғыс.
Мен бос уақытымда әжеме , әке- шешеме көмектесемін.Әжеммен далаға серуенге шығамын, газет -журналын әкеліп беремін. Ата-анама көмектесіп ыдыс жуамын,бөпелерімді ойнатамын..Үлкендер қуанып маған:
Көп жаса!
-Беспен оқы!
-Қатарыңның алды бол!
-Рахмет! -деп алғыс айтады.. Соңғы сөйлемдерге мән беріп қарайық.
Сөйлемдер көтеріңкі көңіл күймен оқылуда, ендеше біз бүгін сөйлемнің айтылуына қарай лепті сөйлеммен танысамыз.
Адамның көңіл күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем
дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Сөйлем аяқталған соң леп белгісі қойылады.,қуану ,өкіну, бұйыру, тілек, таңдану, сескендіру . Бұл сөздер көтеріңкі дауыспен айтылады
Мысалы: Алақай , ертең ауылға қуыршақ театры келеді!
Қорыту : Оқушылар лепті сөйлем туралы білімімізді жинақтадық.
Ынталандыру: Жарайсыңдар, оқушылар !
1 тапсырма 16- жаттығудағы «Қазақстан картасы» өлеңін түсініп оқимыз.
Сұрақ- жауап:
-Өлең не туралы ?
-Өлең неліктен « Қазақстан картасы» деп аталды деп ойлайсың?
«Бейнелілік» тәсіл -Балалар қандай сурет көріп тұрмыз?
-Дұрыс айтасыздар, бұл-карта.
-Қазақсатан Респуликасының картасы.
Басқа облыста тұратын досыңа ауызша таныстырылым ретінде мақтанышпен айтып бөліс.
-Картадан өз облысыңды, тауып, облыс орталығын ата, Қандай мақтанып айтар көрікті жерлер, өзен-көлдер,ұлы адамдар бар?
Дескрипторы :
мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды.
оз облысы туралы мақтанышпен айта алады.
Негізгі бөлім (Тәжірибе кезеңі).
2 тапсырма 17- жаттығудағы жұмбақты қатесіз көшіріп жаз. Шешуін тап.
Леп белгісі неліктен қойылғанын айт.
Бір жерінде жаз,Бір жерінде күз, Бір жерінде қыс,
Бір жерінде көктем, Керемет алып неткен!
Жұмбақтың шешуі . ЖЫЛ МЕЗГІЛІ
Дескрипторы ;Жұмбақтың шешімін табады.
Леп белгісінің қойылу себебін біледі .
Шығармашылық тапсырма.Жақша ішіндегі артық сөзді алып тастап,
көшіріп жаз. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.
Ешкі (лақтады, қоздады).
Қысқа ғана құлақты.
Шақырамын лақты:
(Пұшайт, пұшайт! Шөре-шөре!)
Дескриптор : Төлдің іс-әрекетін анықтай алады.
- Төлді қалай шақыру керектігін біледі.
-леп белгісінің қойылу себебін біледі.
Қорытынды бөлім ( өзіндік жұмыс үшін материалды ұсыну кезеңі).
5 тапсырма Танымдық ізденіс:
«Тыныс белгілер сөйлейді» ойыны арқылы мысалдар құрастыр
Ойынның шарты берілген тыныс белгісіне байланысты сөйле м құрастыру.
Үй тапсырмасы :19 жаттығу,109-бет
- Жақсы, балалар. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |