Сабақтың тақырыбы Ұлылар елі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың сөздік қорын толықтыру,білімдерін пысықтау және тереңдету,шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету.
2.Дамытушылық: топпен, жұпта жұмыс істеу арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін мен тіл байлығын ,ой- өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: оқушылардың өлкетану мұрағаттарын,дерек – мағлұматтарын тереңдетіп оқыту арқылы ұлтжанды,отаншыл азамат тәрбиелеу және танымдық белсенділігін арттыру.
Негізгі ойы:Сыни тұрғыдан ойлау үйрету арқылы топ ішінде қарым – қатынас жасап, оқушыларда коммутикативтік құзырлығын дамыту.
(Развитие коммуникативных компетентностей уч-ся посредством критического мышления через групповое взаимодействие)
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: м/м презентация,үлестірмелі парақшылар (мәтіндер, тест тапсырмасы, кесте парағы), стикер.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұхбат,тест-сөздік, деңгей тапсырма,кесте толтыру,жағдаят шешу, топпен, жұпта жұмыс істеу-диалог, әңгіме, жатқа айту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2.Тіл дамыту. Сұхбат.
- Бүгін көңіл-күйлерің жақсы ма? Оның себебі неде?
( Қазір күз. Қараша айы. Бүгін күн ашық, аязды. Ауа таза.Сондықтан мен бүгін көңілдімін.)
Сабағымыздың ұранын еске түсірейік:
Әрбір адам туысым, досым,
Әрбір сабақ –үйрену, ұғу,
Әрбір ісім –тірлік, адамдық,
Әрбір сөзім- шындық, бірлік, адалдық.
Осы жақсы қасиеттерді: достықты, адалдықты, шындық пен бірлікті естеріңе сақтай отырып, бір – біріңе көмектесіп, тапсырмаларды жақсы орындауға қандай тілектер тілейсіңдер.(на стикерах) Іске сәт !
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Бірнеше сабақ бойы біз «Қазақстан аймақтары.Ауыл мен қала өмірі » тақырыбына байланысты сөз қорымен таныстық. Сол білімдеріңді шағын тест арқылы тексеріп көрейік.
1) №1слайд арқылы (тест – сөздік жұмысы) тапсырмаларын орындау:(Взаимопроверка)
1.Бұл жерден сізге керек қала немесе ел туралы сұрақтарға жауап алуға болады.
А. Саяжай.
Ә. Аялдама
Достарыңызбен бөлісу: |