Назарова Толғанай Жақсылыққызы – бастауыш сынып мұғалімі
ШҚО, Аягөз қаласы, «№ 6 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ
Пән аты : Ана тілі
Сыныбы: 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов. “Байлық”.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға байлықтың не екендігін түсіндіру, әңгіменің мазмұнын ашу.
2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды ойлануға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу.
3. Топпен жұмыс арқылы өз пікірін еркін айтуға үйрету.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Байлықтың қалай келетіндігін, еңбек арқылы бәріне қол жеткізуге болатындығын, жалпы байлық дегеннің не екендігіне көз жеткізу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, Венн диаграммасы, түртіп алу жүйесі, топпен жұмыс, болжау, көрнекілік стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: М.Дулатовтың портреті, ватман қағаз, сюжетті суреттер, қосымша кітаптар, карточкалар, т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысын тексеру: Мұзафар Әлімбаевтың “Сөз құдіреті” өлеңін 1, 2 оқушы мәнерлеп оқиды. Сонан соң 2, 3 тапсырма бойынша өздерінің жазған шығармаларын оқиды. Шығармаға сәйкес салған суреттерін айтып, әңгімелеп береді. Сыпайы, қатты сөздер туралы мақал-мәтелдер айтылады. Оқушылардың салған суреттерін түгел қабырғаға ілемін.
Жаңа сабақ: Жаңа бөлім “Еңбек түбі – береке” атты тақырып туралы бірер сөз. Өткен бөлімді пысықтап өту, “Байлық” тақырыбын өтетіндігіміз және кіріспе бөлімінде еңбек туралы бірер сөз, автор М.Дулатов туралы айтылып өтіледі, портретімен таныстырамын.
Қызығушылықты ояту: Ой қозғау: Байлық дегеніміз не? Оқушыларға уақыт беріледі. Өз ойын дәптерге жазу, оны серіктесімен бөлісу. Ортақ ойды тақтаға жазу байлықтың 2 түрін бөліп көрсетемін.
Байлық
Материалдық:
|
Рухани:
|
Киімі, тамағы, төрт түлік малы, машина, ақша, доллар, дүние-мүлкі т.б.
|
Ақыл-ой, денсаулық, қайрат-күш, білімі, өнері, еңбегі, спортпен айналысу т.б.
|
Өз ойларын қайталамай, бір-бірлеп айтып шығады. Оны тақтаға тізіп жазамын. Балалардың ойын білген соң оқулықтың 116-бетіндегі “Байлық” тақырыбына назар аударып, оқымас бұрын сюжетті, суреттерді магнитті тақтаға іліп, балаларды жаңа сабаққа әзірлеймін. Болжау стратегиясы бойынша сұрақ қойып, осы суреттің жаңа сабаққа байланысы бар екендігін түсіндіремін. Сурет бойынша балалар тіл дамытып, әңгімелейді. Сосын тақырыпты мәнерлеп оқып беремін. Өздеріне іштей оқытамын. Рольмен үш оқушы оқып шығады. Сонан соң сұрақ-жауаптар айтылады. “Түртіп алу жүйесі” стратегиясы бойынша + v - ? түсінбеген сөздерді белгілетіп, сөздік жұмысын жүргіземін. Мысалы: жарлы жігіт, мұңын шақты, қадірлі кісі, шәкірт т.б. сөздерге түсініктеме беріледі.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді (қимылдармен орындайды).
Мағынаны тану: топпен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.
І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге?
ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?
ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар?
ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер?
V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер.
VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер?
Топпен жұмыс талданып болған соң Венн диаграммасын құрамыз. Ол үшін өткен сабақтардағы Д.Исабековтың “Өкініш” әңгімесіндегі басты кейіпкер “Малқаржан” мен “Жарлы жігітті” салыстырамыз. Әңгімені еске түсіріп болған соң оқушыларға әр топқа ватман қағаз таратылады. Топтарға ватман қағаз таратылып, жалпы суреттер беріледі. Малқаржан мен Жарлы жігіттің ортақ 3 қасиетін және ұқсамайтын 3 қасиетін бөліп көрсетіп, шеңберге жазу.
Ой толғаныс: Венн диаграммасы.
Малқаржан
|
Жарлы жігіт
|
|
|
1. Кішкентай бала
|
|
1. Үлкен жігіт
|
2. Әжесінің еркесі
|
|
2. Туған-туыстары жоқ
|
3. Оқушы бала (2с)
|
1. Жалқау
|
3. Оқу бітірген, ақыл
|
4. Қазіргі замандағы оқиға
|
2. Еріншек
3. Ер бала
|
тоқтатқан жігіт
4. Бай мен жарлы
заманында болған
|
Ұқсастығы/ Ұқсамайтын жақтары
Әр топ өз ойларын шеңберге жазады. Топ басшылары өз топтарының ойын айтады. Соңынан жалпы шеңберді оқушылардың ортақ ойымен толтырамын. Қалған оқушылардың еңбегі түгел тақтаға, қабырғаға ілінеді. Сабақты осылай қорытып болған соң әңгіменің де идеясы – еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатындығы, адам бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіріп отыру керектігін өздері және мұғалім айтып, пысықтайды.
Сабақты қорыту: Өздері білетін мақал-мәтелдер айтылады. Байлық түрлері туралы. “Байлық дегеніміз не? Байлық дегеніміз ………” Көп нүктенің орнына әркім өз ойын тізбектеп жазады.
Үйге тапсырма: “Егер мен жарлы жігіт болсам” атты әңгімені аяқтап, әркім өз шығармасын жазып келеді және мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады.
Бағалау кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |