Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Тоқсан: ІІ
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мақал – мәтелдер туралы лингвистикалық білім беру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тұрақты тіркестер сияқты мақал – мәтелдер де әбден қалыптасқан сөздердің тобы. Мақал – мәтелдің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады.. ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.
Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты бір сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың. Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де бірінші бөлімінде себеп немесе шарт, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.
Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы:біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.мақалдың мәтелден айырмашылығы – мағынасы ашық болмайды, ишарамен, тұспалмен айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз болып қалады.
V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
Төмендегі мақал – мәтелдердің жалғасын жаз.
А) ит тойған жеріне,
Ә) Ана сүтін ақтамаған,...
Б) Ит үреді,...
ІІ деңгей
Төмендегі мәтелдердің синонимдерін жаз.
А) Ұлық болсаң, кішік бол.
Ә) Кісі еліне сұлтан болғанша, өз еліңе ұлтан бол.
Б) Бұралқы ит үргенімен жағар.
В) Соқыр атқа қотыр ат құмар.
ІІІ деңгей
1.Төмендегі сөздер бар мақал – мәтел тауып жаз
Жақсымен, асың, жылы, қорқытады, көл, бөрік, екі, дос.
1А. 1 - тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді сәйкестендір.
1. Адам ұйымшыл,
|
А) Ағаш көркі жапырақ.
|
2. Адам көркі шүберек,
|
Ә) Гүлдей нәзік.
|
3. Адам ойға тоймас,
|
Б) қамал бұзар.
|
4. Атаңның баласы болма,
|
В) алдамшы.
|
5. Адам тастай берік,
|
Г)Мал үйіршіл.
|
6. Адамның сырты
|
Ғ) Бөрі қойға тоймас.
|
7. Халық қаһары
|
Д) Адамның баласы бол.
|
8. Ештен
|
Ж) кеш жақсы.
|
2А. 1 - тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді сәйкестендір.
1 Шешеге қарап қыз өсер,
|
А) Мойнымен көтередi.
|
2 Жел дауылды шақырады,
|
Ә) Өмiр – үйретедi.
|
3 Бiр еңбектiң
|
Б) бiр рақаты бар.
|
4 Еңбек – ширатады.
|
В) Ауру кiсi – тырысқақ.
|
5 Қара көзден нұр тайса,
|
Г) Әкеге қарап ұл өсер.
|
6 Аш кiсi – ұрысқақ,
|
Ғ) Бұлт жауынды шақырады.
|
7 Қолмен iстегендi
|
Д) Аңның жайын атқан бiледi.
|
8 Ауру жайын баққан бiледi,
|
Ж) Қарға адым жер мұң болар.
|
1-г, 2-а, 3-ғ, 4-д, 5- ә, 6-в, 7-б, 8-ж
1-г, 2-ғ, 3-б, 4-ә, 5-ж, 6-в), 7-а, 8-д,
Достарыңызбен бөлісу: |