Батыс Қазақстан облысы
Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
Амангалиева Жеміс Ғалымжановна
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Сынып: 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Сөйлемнің түрлері.
Мақсаты: Мектеп тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту,мәтінді негізге ала отырып,өз мектептері туралы әңгімелей білу.
Танымдық деңгейлерін арттыра отырып, сөздік қорларын молайту.
Ауызбірлікке, білім ұясын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: слайд көрсету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Амандасу. Түгендеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Жаңа сабақ :
Менің мектебім. Сөйлемнің түрлері.
ІV. Грамматикалық тақырып.
Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
СӨЗ
СӨЗ ТІРКЕСІ СӨЙЛЕМ
мектеп ауласы Мектеп ауласы кең және таза.
таза сынып Біздің мұғалім өте білімді адам.
біздің мұғалім
СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ Мен мектепке жақын тұрамын.
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ Мектебің қайда орналасқан?
ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ Туған жер қандай байтақ!
БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ Сен мектепке бар.
Сөз – зат немесе құбылыс атауы. Бірнеше сөздің бір – бірімен мағыналық байналысқа түскен тобын сөз тіркессі дейміз. Бір сөз немесе бірнеше сөз тіркесінен жасалған тиянақты ойдың көрсеткішін сөйлем дейміз. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.
V. Cөздік жұмыс.
жаяу – пешком оқырман -читатель
қазіргі талапқа сай – соответствуют мәжіліс - заседание
современным требованиям гүлзар- клумба
жабдықтау – оснащаться мектеп бітіруші – выпускник
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудуру.
Дұрыс айтуға дағдыландыру:
мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
тізбектеп оқиды.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Жаяу бару, мәжіліс залы, ........
Сөйлемдер құрау.
Мен мектепке дейін жаяу барамын.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
VI. Лексикалық тақырып.
Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды.сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады.
ә) Мәтін бойынша «Мәтін құра» ойыны.
Ойынның шарты:
Оқушылар «Менің метебім» мәтінін ынтамен тыңдайды. Қолдарына қалам мен қағаз алады.Әрбір оқушы мәтінге сұрақ жазып, парақты бүктеп, оны жүргізушіге береді.Бірақ мұның алдында мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығады. Сосын жүргізуші кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Енді оқушылар жауаптарын өзара бір – бірімен талдасып, мәтіндегі тәртібі бойынша түзетеді. Осы түзетілген тәртіппен олар мәтінді әңгімелеп, соңынан оны оқу мәтінімен салыстырады. Әңгімелеуге кіресеміз. Жүргізуші ең белсенді ойыншыны анықтайды.
№ 133 мектеп Төле би көшесі
спорт алаңы Менің мектебім 900 оқушы
аула
спортзал, асхана, мәжіліс залы кең, жарық, таза
VII. Мәтіннен төмендегі сызба бойынша сөз тіркестерін теріп жазу, оларды аудару.
Үлгі: мектепте оқимын – учусь в школе
Зат есім + етістік
Сан есім + зат есім
Сын есім + зат есім
VIII. Cергіту жаттығу.
ІХ. «Тірек сызба » оқыта үйрету ойыны. Сызбалар бойынша сөйлем құрастыру.
Үлгі: Мектебім Тастақ ықшамауданы Төле би көшесінде орналасқан.
Х. Блиц – турнир өткізу.
Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, сайыс өткізу. Мұғалім сөйлемді бастап береді. Ал оқушылар сөйлемдерді дұрыс аяқтауы керек. Әрбір дұрыс жауапқа фишка беріледі.
1.Мектеп Төле би ......
2.Мектепте 900 ....
3. Мектеп іші ....
4. Бірінші қабатта ....
5.Кітапханада ....
6. Асхана кең ....
8. Екінше қабатта ....
9. Мектептің ауласы ....
10. Жас ағаштарды .....
11. Мектеп алдындағы ....
12.Ауладағы спорт алаңында ....
Үй тапсырмасы. Сөздерді жаттау. 3-тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |