Күні: 20.10.2016ж
Сынып: 1 «Ә»
|
Қатысқандар саны:20
Қатыспағандары :0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі. 43 бет
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы:О әрпімен оқушыларды танысады.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
О дыбысы мен әрпі.
|
Сабақ түрі
|
Ойын сабақ
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспар ланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шеңбері
|
Жаңа сабақ
|
«Менің мектепке баратын жолым» Оо дыбысы мен әрпі (Псикологиялық дайындық)
Айналаңа қарасаң,
Ғажайыптар қаншама.
Сан жетпейді санасаң,
«Сәлем» деймін баршаңа.
|
1 слайд
|
Сабақтың ортасы
8 минут
Оқулықпен жұмыс
|
№1 Тыңдалым.
—Қазір қай сабақ? Бүгін ерекше сабақ өйткені бізде қонақ тар көп.Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді.Ойын ойнау арқылы мектепке баратын жолды біліп аламыз.Онда өткен әріп дыбыстарды еске түсірейік.
- Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1. «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
«О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау.
- «О» қандай дыбыс?
- Ол сөздің қандай буындарында кездеседі?
Бірінші:
Жолымызда не кездесті? «Азық түлік дүкені» ОЛАЙ БОЛСА БАЛАЛАР -Бізге дүкен сатушысының қоятын сұрақтары бар екен Егер біз қойылған сұрақ немесе шарт тарды дұрыс орындасақ мектебімізге тез жетеміз. Жарайма?
--Кім Оо дыбыспен мақал келтіреді?-
--- Отан оттан да ыстық.
—Отан үшін отқа түс, күймейсің
Екінші:
Енді балалар алдымыздан не кездесті? «Балабақша» Айгөлек ОЛАЙ БОЛСА БАЛАЛАР -Бізге балабақша тәрбиешісінің қоятын сұрақтары бар екен Тәрбиешінің сұрағын толық орындасақ «Сергіту сәтін орындаймыз»
--Кім жылдам жаңылтпаш айтады
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
2 слайд
3 слайд
4 слайд
5 слайд
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ. Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?
Үшінші:
Енді балалар алдымыздан не кездесті?
«Мектеп №9» ОЛАЙ БОЛСА БАЛАЛАР -Бізге мектеп директорының қоятын сұрақтары бар екен Аудиожазба: үнтаспадан тыңдаған мәтінге байланысты беріледі
–Балалар қандай кешірім сұрау сөздерін қолданды?
-Арал мен Оралдың мұндай қылықтарына қалай қарайсың?
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
6 слайд
|
Дәптермен жұмыс
|
Төртінші: Енді балалар алдымыздан не кездесті? «Дәріхана» ОЛАЙ БОЛСА БАЛАЛАР -Бізге дәріхіхана сатушысының қоятын шарты бар екен –сауат ашу дәптерде берілген Оо әріпін әдемі көркем жазу.
|
Дәптер мен жұмыс
7 слайд
|
Қызықты тапсырма
8 минут
|
Бесінші: Енді балалар алдымыздан не кездесті? «Каспии мейрамханасы» ОЛАЙ БОЛСА БАЛАЛАР -Бізге тойхана қызметкерлерінің қоятын шарты бар екен Оқулықтағы №2 тапсырманы дауыстап оқу. (Оқылым.)
ОР ОЛ ОН
ОРАЛ ОЛАР ОРА
|
Түрлі тапсырмалар
8 слайд
|
Аяқталуы
16 минут
|
Алтыншы: Енді балалар алдымыздан не кездесті? «Мешіт» ОЛАЙ БОЛСА БАЛАЛАР -Бізге мешіт молдаларының қоятын шарты бар екен Оқулықтағы .№3 Сыныптасыңмен ізденуді ұйымдастыр айдарын толық орындаңдар.
Олар.........................әншілер
Олар.....................бишілер
Алақай!!! біз «Мектепке баратын жолды» толық біліп алдық.
|
Оқулық, дәптерлер.
9 слайд
10 слайд
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
|
Кеменің суреттері
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
1.Көбірек сұрақтар қою арқылы және смайліктер тарату.
2.Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы тапсырмалар дайындау (бірнеше)
3.Пәнаралық байланыс дүниетану өзін өзі тану
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|