Дарменова Айбубек Кылышбековна,
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы «Шетпе лицейі» мемлекеттік мекемесі,
информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
|
Меншіктеу операторы. Сызықты алгоритмдерді программалау
|
Сабақтың мақсаты:
|
|
1. Білімділік –.
|
Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
|
2. Дамытушылық –
|
Оқушылардың меншіктеу операторы мен сандық функцияларды қолдану дағдысын қалыптастыру
|
3. Тәрбиелік –
|
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
|
Сабақ түрі:
|
Аралас сабақ
|
Сабақ типі:
|
Жаңа сабақ
|
Әдіс - тәсілдері:
|
түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ – жауап, практикалық, бағдарлама құру және оны қорғау
|
Программалық-дидактикалық жабдықталуы:
|
дербес компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, Windows ОЖ, презентация, оқулықтар, Pascal ABC
Пәнаралық байланыс: математика
|
Ресурстар:
|
АТК, үлестірмелі парақ(А4), пламастер, жапсырғыштар(түрлі түсті)
|
Дерек көздері:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, WWW.epm.kz; Информатика оқыту әдістемесі 7 сынып, С.Т.Мұхамбетжанова, А.Е.Сағымбаева. Алматы «Атамұра» 2015ж.
|
Сабақтың барысы:
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Журналды толтыру. Сабақтың мақсатын қою.
|
Оқушыларды жеребе арқылы топқа бөлу
|
І топ «Ту», ІІ топ «Әнұран», ІІІ топ «Елтаңба»
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
|
Айнымалылардың нақты сан типі
Айнымалылардың бүтін оң сан типі
Айнымалылардың таңбалы бүтін сан типі
|
ІV. Топтық жұмыс
|
Енгізу және шығару операторларын паскаль тілінде жазыңдар
1 топ Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені в см. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
2 топ Шеңбердің радиусы 5 см . Шеңбердің ұзындығын тап
3 топ Квадраттың ауданын табу
|
ІІІ. Жаңа сабақ
|
Меншіктеу операторы – берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады
Меншіктеу операторының жазылу форматы:
:=;
Меншіктеу операторының жазылу құрылымы:
айнымалы := өрнек
Мұндағы ‹айнымалы› - айнымалы идентификаторы, := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды; ‹өрнек› - арифметикалық өрнек немесе сан.
Мысалы,
А := 5; b := 2*x ;
Оператор
|
Түсініктеме
|
Х:= 10;
|
Х айнымалысына 10 мәні меншіктеледі
|
Х:=2*а+6;
|
Х айнымалысына 2*а+6 өрнегінің мәні меншіктеледі
|
А:=‘Информатика’;
|
А мәтіндік айнымалыға ‘Информатика’ мәтіндік тұрақтысы меншіктеледі
|
S:=S+1;
|
S айнымалысына S-тің алдыңғы мәні 1-ге арттырылып меншіктеледі
|
|
Бекіту
|
1. У-ке х-тің квадратын меншікте
2. Анам 2кг қант пен 2кг ұн алды. Қантты С деп , Ұнды U деп , Сомасын S деп белгілеп , меншіктеу операторын жаз
3. Оқушы 2 дәптер, 6 түрлі бояуы бар қарындаш және 1 қалам сатып алды. Құралдарға идентификаторлар беріп, Меншіктеу операторын жаз
|
Жаңа сабақ:
|
Сызықтық бағдарламалар құрылымында бiр амалдан екiншi амалға өту тiзбектi түрде орындалады. Ешқандай шарт тексерiлмейдi, керi қайту немесе амалды қайталау болмайды.
Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау кезінде келесi негiзгi операторлар қолданылады:
read (readln)- берілгендерді енгізу,
write (writeln)-нәтижені шығару.
readln және writeln операторларынан кейін бірнеше мән жазылса олар жақшаға алынып, араларына үтір қойылады.
Сипаттау (var) бөлімінде барлық айнымалылардың типтері анықталады.
Program <программаның аты>
|
Сипаттау бөлімі
|
begin
|
Операторлар бөлімі
|
end.
|
Сипаттау бөлімінде:
Программамен байланысатын кітапханалық модульдерінің атаулары (uses)
Белгілерді сипаттау (label)
Тұрақтыларды сипаттау (const)
Мәліметтер типтерін анықтау (type)
Айнымалыларды сипаттау (var)
процедураларды сипаттау (procedure)
функцияларды сипаттау (function)
Операторлар бөлімінде:
Енгізу операторы read (readln)
Меншіктеу операторы :=
Шығару операторы write (writeln)
Сызықтық алгоритмді схема түрінде сипаттау
Алгоритмдi бастау (begin)
Мәлiметтердi енгiзу (readln)
Математикалық өрнектердi есептеу (:=)
Нәтиженi шығару (writeln)
Алгоритмдi аяқтау (end)
Мысалы: Екі санды қосу
program qq;
var a,b,c: integer;
begin
read ( a, b );
c := a + b;
writeln ( c );
end.
|
«Түртіп алу» стратегиясы
|
Операторлардың қызметтерін дәптерге жазып шығыңдар:
Program-
Var-
Begin-
Read, Readln-
‘:=’ -
Write, Writeln-
End-
|
Сергіту сәті
|
|
Бекіту
|
Программалау
1-топ
2- топ
3- топ
|
VIІ. Оқушыларды бағалау.
|
|
Үйге тапсырма
|
§3.7. Практикалық жұмыс №1,2,3
|