Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің



Дата31.12.2019
өлшемі15,35 Kb.
#54079
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Госплемстанция жалпы орта білім беретін мектебі

Бейбитова Балжан Мураткызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:  М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді.
Сыныбы: 9
Типі: Жаңа білімді меңгерту 
Мақсаты:
М.Әуезовтің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушы білімін тереңдету. «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнын ұғындыру
Күтілетін нәтиже:
Сөз тереңдігін түсініп бағалай біледі, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиеленеді,ұлы ғұлама туралы ойлары кеңейеді.Оқушының өзіндік пікір жасау дағдыларын қалыптасады.
Сабақтың өту жоспары:

І кезең Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу


Тренинг
ІІ кезең Үй тапсырмасы
Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы, реферат дайындау.
Оқушылар дайында,ын жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.

Тұсаукесер

М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзінді бейнематериал көрсету.

Бейнекөрініс бойынша сұрақтар қою.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Әлемдік асыл мұралар қатарынан орын алып, қазақ халқын бүкіл жер жүзіне  танытқан  дарынды қаламгер, қазақ әдебиетіндегі Алаш арыстарының ізін өшірмей, солардың аманатын бүгінгі күнге жалғаған жасампаз тұлға –М.Әуезовтің көркемдік әлемімен танысамыз. Оның әйгілі «Абай жолы» романы  қазақ балалар  әдебиетінде ойып орын алған көркем шығармаладың бірі. Бірақ бүгінгі сабақта біз тек М.Әуезовтің тамаша ғұмырымен танысамыз, алған білімдерімізді ортаға салып, қорытынды жасаймыз. Яғни бүгін зор шығармашылықпен жұмыс жасауға тырысамыз. Үлгі, өнеге аламыз

«Қапшықтағы фасоль» әдісі бойынша сұрақтар қою

«Абай жолы» эпопеясы туралы түсінік

Абай кім? Топтастыру

Мұғалім тарау бойынша қысқаша мәлімет береді.

Оқулықпен жұмыс. «Абай өткен белестер» тарауынан Абай бейнесін ашатын жерін тауып оқу.
Тапсырма.  «Қос жазба күнделігі» әдісі

Мұхтар Әуезов өмірінен алған әсерім .Неліктен?

 Дәптермен жұмыс

«Абай - дана» эссе жазу.



 

Рефлексия «Әлемге Абайды танытқан Мұхтар, ал Мұхтарды әлемге танытқан Абай» сөзін қалай түсінесіз?



Ү. Үйге тапсырма беру «Абай жолынан үзінді оқу
Бағалау. Критерилер арқылы бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет