Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word редакторының кесте деректері бойынша диаграмма құру, формула енгізу. Макростар құру, объектілерді импорттау. Негізгі материал: Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат



Дата07.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#84025
түріСабақ
Байланысты:
Microsoft Word редакторының кесте деректері бойынша диаграмма құру, формула енгізу


Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word редакторының кесте деректері бойынша диаграмма құру, формула енгізу. Макростар құру, объектілерді импорттау.
Негізгі материал:
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.
Кесте құрылымы

























Ұяшық - жол мен бағандардың қиылысында түзілетін торлар



























Жолдар –хабарды көлбеу бойымен бейнелейді



























Бағандар – хабарды тігінен бейнелейді
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1-әдіс.Мәзір жолы:Кесте – Қою - Кесте
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: Кесте- Кесте сызу


1 әдіс. Мәзір жолы: Кесте – Қою -Кесте
Word мәтіндік редакторында кестелерді құру үшін:
М еню жолынан «Вставка» батырмасын басып, терезеден «Таблица» командасын шертеміз, қосалқы терезеден бағаны мен жолын сұхбаттасу терезесінен орындасақ экранда Вставка таблицы диологтік терезесі шығады. Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі. ОК батырмасын шертсек жеткілікті.


2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

3-әдіс. Мәзір жолы: Кесте-Кесте сызу




Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер.
Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.

Кестелер құрғаннан кейін мәтіндік процессор жолаққа кестелермен жұмыс істейтін: Конструктор және Макет бөлімдерін қосады. Конструктор кестені әрлеуді өзгертуге арналған, ал Макеттің қызметі – кестенің құрылымын түзету (1 –сурет).





1-сурет. Кестелермен жұмыс. Макет.
Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.

  • Макет- Объединить ячейки



Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:

  • Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.

Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы



Текстік құжатқа формулалар енгізу. Microsoft Word құрамындағы “Формула редакторы” Equation Editor шағын көлемдi программасы қолданылады. Формула редакторы (Equation Editor) көмегiмен көптеген математикалық символдарды (интеграл, матрица, әртүрлi жақшалар, т.б) құжатқа енгiзiп, дәл сондай үлгiде қағазға басып алуға болады.
Кез келген математикалық өрнектердi енгiзу үшiн төмендегi iс-әрекеттер тiзбегi орындалады:

  1. Формула орналасатын құжат бөлігіне курсорды орналастыру;

  2. Equation Editor іске қосу;

  3. Қажетті формулаларды енгізу;

  4. Word құжатының кез келген жеріне курсорды басу.

Equation Editor – математикалық формулалар жиынын құруға, өңдеуге арналған шағын көлемді программа. Формула редакторының (Equation Editor) көмегімен құрылған формуланы редакциялау үшін терілген формулаға екі рет мауыс батырмасымен басса жеткілікті немесе формуланы белгілеп менюдан Правка Þ Объект, Формула, командасын орындаймыз және шыққан қосымша менюдан «Өзгерту» (Изменить) командасын таңдаймыз. Бұл іс-әрекеттер «Формула редакторын» (Equation Editor) іске қосып, формуланы қайта рекдакциялауға мүмкіндік береді.
Формуланы құру үшін:

  1. Курсорды Word құжатының формула орналасатын жерiне орналастырамыз;

  2. Енгiзу   Объект (Вставка Þ Объект) командасын орындаймыз;

  3. Тип объекта тiзiмiнен Microsoft Equation қатарын таңдаймыз;

  4. ОК батырмасын басамыз, “Формула редакторы” (Equation Editor) iске қосылады;


Формула редакторын” (Microsoft Equation) iске қосудың басқа жолы:
“Саймандар тақтасынан” батырмасын таңдаймыз.
Егер “Объектiлер типтерi” тiзiмiнде формула редакторы жоқ болса, онда:

  • Microsoft Word Folder бумасынан Word Commands iшкi бумасын ашамыз,

  • Формула редакторы” (Equation Editor) белгiсiн екi рет маус батырмасымен тез шертемiз;

  • Формула редакторының терезесiн жабу;

  • Word құжатында формула редакторын шақыру.

Экранда Microsoft Equation саймандар тақтасы және қосымша меню шығады (суретте).

“Формула” саймандар тақтасы екi жолдан орналасқа батырмалар жиынынан тұрады.. Батырмалар символдар жинағынан тұрады. Құжатқа енгiзiлетiн математикалық таңбалар батырмаларды мауспен шерту арқылы таңдалынады. Саймандар тақтасының екiншi бөлiгiнде таңдалынған символдардың жазылу шаблондарынан тұрады.
Формулалармен жұмыс iстеу барысында:
- белгiленiп алынған математикалық символға менюдағы Стиль командасының көмегiмен басқа жазылу стилiн қолдануға болады;
- күрделi, көп жолдан тұратын математикалық теңдеулердi жазып қажеттi үлгiде әр жолды орналастыруға болады;
- жеке безендiру элементтерiн қолдануға болады.
Жеке базандiру элементтерiн қолдану үшiн символды белгiлегеннен кейiн менюдан “Стиль” → “Басқа” (Стиль → Другой) командасын қолданамыз. Шыққан сұхбат терезеден басқа жазылу шрифтiн және символдың жазылу көлемiнде өзгертуге болады (символды үлкейтiп, кiшiрейту үшiн “Өлшем” (Размер) командасы қолданылады).
Мысалы:
Ф ормуланы терiңiз: 
Орындалу ретi:

  1. Формула редакторын iске қосу.

  2. Пернетақтадан y әрпiн енгiзiңiз.

  3. У дәрежесiн көрсету үшiн индекстер шаблонынан жоғарғы индекстi таңдаймыз (суретте ).

4. 2 санын енгiземiз
5. Курсорды оңға жылжытамыз.
6. Теңдiк белгiсiн енгiземiз.
7. Түбiр белгiсi бар шаблоннан түбiр белгiсiн таңдаймыз.
8. Түбiр белгiсiнiң астына курсорды орналастырып үлкен жақша ашамыз (2-суретте).
2-сурет
Жақша шаблоны 3-сурет.Бөлшек белгi шаблоны.

9. Бөлшектер шаблонынан көлденең сызықты бөлшек белгiсiн енгiземiз


10. Бөлшектiң алымына а әрпiн пернетақтадан енгiземiз
11 Бөлшектiң бөлiмiне в әрпiн енгiземiз.
12. Жақша сыртына курсорды шығарып индекстер шаблонынан жоғарғы индекстi таңдап 3 санын енгiземiз.
13. Формула дайын. Құжаттың ашық жерiне курсорды бiр басамыз.
3-сурет
Диаграмма_құру____Word_құжатында_диаграмма_орналасатын_жерді_шертіңіздер.__Кірістіру_(Кірістіру)'>Диаграмма құру



  1. Word құжатында диаграмма орналасатын жерді шертіңіздер.

  2. Кірістіру (Кірістіру)қосымшасында Иллюстрация тобында Диаграммапунктін таңдаңыздар.

  3. Диаграмманы кірістіру (Вставка диаграммы) диалогтық терезесінде диаграмманы шертіңіздер және OK батырмасын басыңыздар.

Жеке терезеде үлгі ретінде берілген мәліметтермен OfficeExcel ашылады.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
ТАПСЫРМА №1
Microsoft Word кесте негізінде диаграмма жасау. Диаграмма жасау ҥшін Кірістіру - Сурет - Диаграмма командасын орындаймыз:
1. Кесте жасаңыз.




Информатика

Математика

Тарих

Физика

Алиева С.

100

80

90

80

Сайын Н.

80

80

70

70

Асанова А.

90

90

70

70

2. Осы кесте негізінде диаграмма тҧрғызыңыз:


ТАПСЫРМА №2
Төменде берілген өрнектерді текстік құжатқа Редактора формул формулалар редакторын пайдаланып жазыңыз:
1)   , 2) .
1. Жоғарыда айтылған тәсілдердің бірін пайдаланып Редактор формул іске қосыңыз;
2. Пернелік тақтадан s = символдарын теріңіз;
3. Редактора формул саймандар панелінен бөлшектің (знак дроби) белгісіне шертіңіз;

4. Бөлшектің алымына жазыңыз, содан кейін суммы   , батырмасына шертіп қажет белгіні таңдаңыз;


5. Пернелерден х символын теріп, әрі қарай индекс   , батырмасына шертіліп қажет төменгі индекс таңдалынады да пернелерден i теріледі;
6. Формуладағы бөлшектің бөлімі тұрған обылысқа сырт еткізгеннен кейін пернелік тақтадан 3+х өрнегін тереді;
7. Индекс  , батырмасына шертіліп жоғарғы индекс алынады да пернеден 2 саны теріледі;

Бекіту сұрақтары?

  1. Кесте дегеніміз не?

  2. Ұяшық дегеніміз не?

  3. Кесте құрудың неше тәсілі бар?

  4. Кестелерді біріктіру үшін қандай команда орындаймыз?

  5. Equation Editor қандай программа?

  6. Формуланы құру үшін қандай команда орындалады?

  7. Құжаттың бетіне диаграмманы қалай кірістіруге болады?



Үй тапсырмасы: Тақырыпты меңгеру. Практикалық жұмысты орындау, аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет