Сабақтың әдістері:Әңгіме - сұхбат, өзіндік жұмыс, жұптық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс, кітаппен жұмыс, тест жұмысы, зертханалық жұмыс
Оқыту технологиясы: блум жүйесі, жаңа форматтағы 7 модуль
Мотивация: Жаңа тақырыпты ашу
Сабақтың көрнекілігі: Биология 7 сынып, “Қосмекенділердің ішкі құрылысы” таблица, “Бақаның ішкі құрылысы” дымқыл препарат, “Қосмекенділер қаңқасы” макеті
Оқытуды басқару және көшбасшылық
КӨҢІЛ КҮЙІҢ ҚАНДАЙ?
Психологиялық дайындық
Ұйымдастыру кезеңі. Көңіл-күйді анықтау.
«Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев
1. Балықтар қандай клас тармақтарына бөлінеді?
2. Балықтардың кәсіптік маңызы қандай ?
3. Балық денесі қандай бөлімдерден тұрады?
4. Балық денесінде қандай жүзбе қанаттары болады?
5. Шеміршекті балықтар қандай қандай класс тармағына бөлінеді?
6. Шеміршекті балықтарға тән белгілерді ата?
7. Ерте заманнан бері сақталып келе жатқан балық
8. Балықтардың терісінде болатын ерекше сезім мүшесі
9. Қара уылдырық алынатын балықтар
10. Балықтарға торсылдақ не үшін керек?
11. Балықтың аталық безінен бөлінетін зат?
12. “Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды”- деген ұғым нені білдіреді
13. Балықтардың өрістеуі дегенді қалай түсінесіңдер?
14.Каспийдің тірі алтыны деп қандай балықтарды айтамыз?
15. Жергілікті жерімізде балық өндіретін зауыт бар ма?
1 топ: Баяндаушы топ. Жаңа тақырыпты баяндап беру.
2 топ: Түсінік беруші топ.Жаңа тақырып ішіндегі сөздіктерге түсінік беру.
3 топ: Ізденуші топ.Қосмекенділер жөнінде қосымша материал жинақтау
Бақалар даусы
Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклі. Қоректенуі. Көбеюі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдердің балықтарға ұқсастығы.
Сабақтың жоспары
“Түсіну”жүйесі
1. Қосмекенділер класына сипаттама
2. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы
3. Жылдық циклі және қоректенуі
4. Көбеюі және дамуы
5. Қосмекенділердің түр өзгерістері
6. Қорытынды
Қосмекенділер класына сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысы, оның тіршілігі, жылдық тіршілік циклы, қоректенуі, көбеюі және дамуы туралы, қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдердің балықтарға ұқсастығы туралы түсіну.
Қосмекенділер – алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төрт аяқты омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде қосмекенділердің 5000-нан астам түрі белгілі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген (2010ж) Қосмекенділерді зерттейтін ғылымды “барахнология” деп атайды.
Мекені: жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерінің су айдындарында, ылғалы мол жерлерде мекендейді. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділерді кейде амфибиялар деп атайды.
Ас қорыту жүйесі: жақ сүйектеріндегі ұсақ тістері мен тілі қорегін ұстауға көмектеседі. Тілінің көмегімен ұсақ жәндіктерді ұстап қоректенеді. Ауыз-жұтқыншақ қуысы - қысқа өңеш – қарын - ащы ішек - тоқ ішек - клоака.
Қан айналымы: қосмекенділер - салқын қанды. Қосмекенділер ересектерінің жүрегі 3 бөлікті (екі жүрекше, бір қарынша тұрады). Қан айналымының кіші және үлкен шеңбері болады.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері: қосмекенділер миы 5 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша ми және мишықтан тұрады, дыбыс қабылдайтын дабыл жарғағы көздің артқы жағында орналасқан.
Көбеюі және дамуы: Қосмекенділер – дара жынысты қосмекенділердің көбеюі мен дернәсіл дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанған жұмыртқа-дернәсіл-ересек қосмекенді.