Бейшова Зейнеп
Биология пәні мұғалімі
№18 Н. К. Крупская атындағы орта мектеп
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны құрылысының ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1. Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктер жөнінде білім толықтырып, шаянтәрізділер класын ерекшелігіне тоқталу.
2. Кластың көптүрлілігі мен маңызына тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздығын салыстыра баяндау, қорытындылай білу дағдысын дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жолдастарын сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Шаянтәрізділер суреттері»
«Өзен шаянының ішкі құрылысы» – мультимедия
«Өзен шаянының көбеюі» - видеофильм
Сабақтың әдісі: Дәріс, сұхбат, өздік жұмыс, өзін-өзі бағалау.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Тіке жауап. Сұхбат.
Біз қай типті оқып жатырмыз?
Буынаяқтылардың қандай кластары бар?
Неліктен буындаяқтылар деп аталады?
Буынаяқтылардың қандай ерекшеліктері бар?
Хитин жамылғысынан қандай қиындық туындауы мүмкін?
Шаянтәрізділердің дене бөліктері қалай аталады?
Шаянтәрізділерде жүретін аяқ нешеу? 1 жұбы қалай ерекшеленеді?
Құрсақ аяқтары неге керек?
Шаяндар қайда тіршілік етеді?
Немен тыныс алады?
3. Жаңа сабақ.
І. Видеофильм.
ІІ. Слаидпен дәріс.
Дене бөліктері – баскөкірек, құрсақ.
Бұлшықет – көлденеңшолақты талшықты.
Қан айналым – ашық. Жүрегі 5 бұрышты.
Тыныс алу – желбезекпен.
Зәр шығару - жасыл без.
Ас қорыту – ауыз, жұтқыншақ, өнеш, бөтеге, 2 бөлікті қарын,тік ішек – анус тесігі, бауыры бар.
Жүйке жүйесі – жұтқыншақ маңы жүйке шеңбері.
Сезім мүшелер: ұзын мұрын – сипап сезу;
қысқасы – иіс сезу, есту, дәм сезу;
статокисталар – теңестіру;
күрделі көз.
Көбеюі – дара жынысты, іштей ұрықтанады.
Дамуы. Уылдырық – дернәсіл. Тура даму.
4. Физкульт үзіліс.
Шаяндарша жүземіз (қолымызбен).
Шаяндарша қысқыш аяқтарымызбен жем аулап, ауызымызға саламыз.
3 жұп жақаяғымызбен асты ұнтақтаймыз.
Шаяндарша көреміз.
Шаяндарша жүреміз.
Шаян жұмыртқаларына суда еріген оттегін жеткіземіз.
5. Сызықтық диктант.
Шаян желбезектермен тыныс алады.
Шаян денесі 2 бөлікті.
Шаяндар өсімдік қоректі.
Шаяндар артқа қарай қозғалады.
Шаяндар регенерациясы жақсы дамыған.
Қанайналым ашық жүйелі.
Шаяндар суды тазартушылар.
Шаянның қаны қызыл.
Көзі нашар көреді.
Түрленіп дамиды.
5. Тест. Шаяндәрізділер.
Жауаптары: 1 – c
2 – b
3 – c
4 – a
5 – b
6 – a
7 – b
8 – d
6. Шаянның дене бөліктерін тап (Слаидпен)
7. Логикалық сұрақ.
Судағы жасыл шаян піскенде неге қызарып кетеді?
Жауабы: Шаян сауытында каротин көп. Ол, айталық, сәбізде де жеткілікті. Сәбіз содан қызғылт. Ал тірі шаянның каротині түрлі белоктармен аралас жүрген соң жасыл, көкшіл, бурыл түстер береді. Суда қайнаған кезде белоктар бөлініп кетіп, қалған каротин шаянды қызартады.
8. Үйге тапсырма.
§ 45, тапсырма № 3
9. Бағалау.
№ 18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп
Биологиядан ашық сабақ
«Өзен шаяны құрылысының ерекшеліктері»
7 - сынып
Дайындаған: Бейшова Зейнеп
2013-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |