9 - cынып
17.02.15
Сабақтың тақырыбы: Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары.Қозғаушы сұрыптау.
Сабақтың мақсаты: Популяция ішіндегі табиғи сұрыпталудың формаларымен қозғаушы сұрыптау формаларын оқушыларға түсіндіру.
1. Білімділік: Табиғи сұрыптау, тіршілік үшін күрес, яғни эволюцияның қозғаушы күші жөнінде түсіндіріп ұғымдарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Тірек - сызбамен жұмыс істей отырып жергілікті жер жануарлары мысалында эволюциялық күштер жөніндегі ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Батыл шешім қабылдауға, іскерлікке, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Көрнекілігі: Ч. Дарвин портреті, слайд, оқушыға көмекші материалдар топтамасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1.Қолдан сұрыптау не дамығаннан кейін ғана пайда болды?
2. Қолдан сұрыптау кімдердің араласуымен болады?
3. Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі не бойынша сұрыптайды?
4. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайма?
5. Қолдан сұрыптаудың жағымсыз жақтары бар ма
3. Жаңа сабақ.
Қолдан сұрыптау кезінде адам өзіне қажетті, пайдалы қасиеттері бар ұрпақтарды қалдырып, жарамсыздарын жойып реттейді. Ал бұл процесс табиғатта қалай жүзеге асады және табиғатта сұрыпталу бола ма? Табиғатта да ұдайы сұрыпталу болып жатады . Барлық тірі организмдерге тән қасиет — тұқым қуалайтын өзгергіштік, сондықтан организмнің кез келген жұбы өздерінің артына ұрпақ қалдырады.
Ч. Дарвин өсімдіктер мен жануарлардың жабайы түрлерінде айқын емес өзгергіштік басымырақ болатынын дәлелдеді. Тіршілік үшін күрес — қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым - қатынастың жиынтығы.
Тіршілік үшін күрестің түрлері. Ч. Дарвин тіршілік үшін күрестің 3 түрін анықтады.
1. Түраралык күрес.
2. Түрішілік күрес.
3. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы күрес.
Түраралық күрес — бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес:
а) жыртқыштың жағдайдағы бәсекелестік — қасқыр мен түлкінің аулайтыны қоян болғандықтан, қасқыр мен түлкінің арасында қорек үшін бәсекелестік туады. Қасқыр мен қоян, түлкі мен қоянның арасында тіршілік үшін күрес жүреді. Әрбір жыртқыш басқа жануардың арқасында тіршілік етеді. Бірі — жыртқыш тісімен, екіншісі — ұзын тырнағымен, үшіншісі — уымен жемтігін өлтіреді. Әр "түрге жататын өсімдіктер жарық, ылғал, қорек үшін бәсекелеседі. Топырақты жарып өніп шыққан өскіннің бәсекелестікте жеңгені ғана дамиды. Ол ересек өсімдікке айналып, көбею кезеңіне жетіп ұрпақ береді;
ә) паразиттік жағдайдағы бәсекелестік. Мысалдары ағаштары қалың болып өсетін ормандарда басқа өсімдіктерге оралып, сүйеніп өсетін өрмелегіш өсімдіктер (лианалар) (17 - сурет). Өрмелегіш сабақтары ұзын, жіңішке, әлсіз болғандықтан ағаштардың діңіне жылан тәрізді оралып, жыл сайын ұзарып өсе береді. Ең ұшына жеткенде қасындағы екінші ағашқа жабысып, өрмекшінің торындай айналасындағы ағаштарға шырмала береді. Ағашқа оралған сабақтар тұншықтырып, сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуын тежейді. Ағаш қурап қалады. Өрмелегіш лианалар тіршілігін жалғастыра береді. Мұндай лианалар, әсіресе тропиктегі ормандарда өседі. Айқын емес өзгергіштік организмдер үшін пайдалы, бейтарап немесе зиянды екендігін анықтады. Табиғатта барлық даралар ұрпақ қалдыра ма? Пайдалы белгілері бар даралар қандай факторлардың әсерінен сақталып, қалғандары жойылады? Осы сұрақтарға нақты жауаптар табу үшін Ч. Дарвин организмдердің көбеюін талдады.
Барлық организмдер ұрпақ қалдыруға тырысады, сондықтан қарқынды түрде көбейе бастайды. Көкнар өсімдігінің бір қауашағының ішінде 2900 - ден 3000 - ға дейін немесе одан да көп тұқымдар жетіледі. Бір түп көкнарда 10 қауашақ дамыса, онда жыл сайын жерге 30000 тұқым шашылады. Дәл осындай мысалды жануарлардан да келтіруге болады. Бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді, жыл сайын әрбіреуі 3 — 6 млн уылдырық шашады. Үй шыбынының біреуі 5 күнде 20 мың жұмыртқа салады. Құлмақ биті бір жазда 13 ұрпақ береді, әр ұрпаққа орта есеппен 100 жұмыртқа салады. Паразит құрттар күн сайын мыңдаған жұмыртқа бөледі. Мұндай қарқынды өсу ылғи бола бермейді, тек қолайлы жағдайға тап болғандары ғана өніп - өсіп тіршілігін жалғастырады. Түрлер неғұрлым көбірек қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, себебі қаркынды даму түрді сақтап қалудың "құралы". Сүтқоректілер мен құстардың 10 — 30%- ы ғана тірі қалады. Көп организмдер орта жағдайында орынның, қоректің, ылғалдың, жарықтың жетіспеуінен және жауына жем болудан қырылады.
1-тапсырма
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталудың салыстырмасы.
2-тапсырма
Қолдан сұрыптау
1. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды
2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады
3. Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі жоспар бойынша сұрыптайды
4. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды.
5. Қолдан сұрыптаудың жағымсыз жақтары — пайда болған белгілері организмге зиян. Олар табиғатта дәрменсіз.
6. Жана іріктемелер (өсімдіктерде) мен қол тұқым
Табиғи сұрыпталу
1. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді
2. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді.
3. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады.
4. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ.
5. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.
6. Қоршаған орта мен популяцияда тепе - теңдік сақталады.
7. Жаңа түрлер пайда болады.
ІҮ. Қорытынды.
Табиғи сұрыпталу — белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін сақтап бейімделуі.
Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта ұдайы (үздіксіз) тіршілік үшін күрес жүреді. Егер арыстан шиебөрінің қорегін тартып алса, қорек үшін күрес жүреді; шөлді жердің шетінде өскен өсімдік құрғақшылыққа қарсы күреседі. Жыртқыш аңның (жолбарыс, арыстан) қорегі — шөпқоректі жануар, оны ұстап қорек етеді, ұстай алмаса аштықтан өзі өледі. Шөпқоректі жануарлар тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдіктермен қоректеніп, мыңдаған өсімдіктерді жояды. Одан басқа жәндіктер (насекомдар) мен жалаңаш шырыштар да өсімдікпен қоректенеді, бұлар құстарға жем болады. Майда құстармен жыртқыштар қоректенеді. Осындай күрделі өзара байланысты Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес деп атады.
Үйге тапсырма $ 42 Популяция ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау. Тақырып бойынша кесте толтыру.
V. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |