Сабақтың тақырыбы: Құрылымы күрделі өрнектер. Теңдеуді жаңа тәсілмен шешу



Дата21.07.2017
өлшемі57,01 Kb.
#21704
түріСабақ
Математика

Бастауыш
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Жіңішке ауылы, Д.А.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ұлдаркүл Шөней
Сабақтың тақырыбы: Құрылымы күрделі өрнектер. Теңдеуді жаңа тәсілмен шешу.

Сабақтың мақсаты: Құрылымы күрделі өрнектермен әр алуан іс-әрекет орындауға машықтандыру. Теңдеуді шешудің жаңа тәсілін, яғни оны қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екеніне негіздей отырып және тура санды теңдіктің қасиетін қолдану арқылы шешуді енгізу, есепті шығару және түрлендіру.

Дамытушылығы: Кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, танымдылыққа баулу. Ауызша есептей алу дағдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелігі: Отанымызды ширек ғасыр басқарған Ұлы тұлға Д.А.Қонаев атамыздың туылған күні және өмірі туралы қысқаша мағлұмат беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Суреттер, кестелер, бүктеме, қажетті дидактикалық материалдар, үлестірме қима қағаздар, сөзжұмбақ, тест, плакаттар.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.



а) Оқушыларды түгелдеу, сабаққа әзірлеу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем беріп сіздерге

Бас имесіз біз.

ә) Психологиялық дайындық.

- Балалар, бүгін біздің мектебімізде үлкен той Д.А.Қонаев атамыздың туылған күні. Демек, бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр. Балалар біз ұятқа қалмауға тырысайық.



Аружан: Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматы облысының Сарқанд көшесінде дүниеге келді.

Ойын. «Мектеп күні» мерекесінде кім жеңіске жетеді? Ол үшін сұраққа дұрыс жауап беруіміз керек. Өткенді қайталау.

- қосу амалының компоненттерін ата

- азайту амалының компоненттерін ата

Мына кестеден қандай ереже шығаруға болады?

- 9 ондық 9 бірлік қандай сан?

- 99. Д.А. Қонаев атамыздың 99 жылдығы.

Ой ширату.

Берілген тапсырма бойынша өрнек құрып, мәтін табу және оның математикалық тілде оқылуына көңіл бөлу.

«Тез есепте» ойыны. «Танымдық қабілетті дамыту». Белгілі қоғам қайраткері Д.А.Қонаев туралы айтқан ой оралымдары.

Жаңа сабақ.

15-3=12 Теңдік қандай амалмен байланысты? Осы теңдіктен қосу амалымен байланысты қандай теңдік шығарып алуға болады? Сол теңдікті жазайық.

12+3 = 15 3+12=15

Не байқадың? Қандай қорытынды жасауға болады?

Қосу мен азайту өзара кері амал.

57 бен х-тің айырмасы 9-ға тең.

57-х = 7

Теңдеудің сол жақ бөлігі, 57 - х, яғни 57-дан х-ті азайту дегеніміз - х –ке қосқанда 57 шығатындай санды табу. Ондай сан - 7. Демек, берілген теңдеуден қосу амалымен байланысты теңдеуге көшуге болады.

Ендеше, х+7=57

Теңдеудің екі бөлігінен де 7-ні азайтамыз.

х=57-7

х=50


57-50=7

Тексеру: 57-50=7

7=7 тура санды теңдік шықты.

57-х=7 теңдеуін шешу үшін алды мен берілген теңдіктен қосындымен байланысты теңдікке көбейтіп, бірдей санды азайттық.

№3 есептің берілгенін оқыту.

Есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.



Қалам - 40 теңге қалам - 40 теңге

Дәптер - ? 10 теңге арзан > ? дәптер - ? 10 тг арзан

Ш: 40+(40-10) =70 тг Ш: 40-10=30 тг

Ж: Дариға барлығы 70 теңге төледі. Ж: 30 тг

№4 өрнекті жазу және оның мәнін тап:

А) 50+(4-2) =52

Ә) а=40 а+(5-3) =40+2=42

Б) а=9 30+(а-6) =30+(9-6) =33

Келесі кезекте шығармашылық тапсырмалар тізбесі.

Егер, мына тапсырманы шешсек, мектебіміз кімнің есімімен аталатынын

білеміз.


Қ Н А Д А О В Е

49 63 79 19 29 59 99 89



Сөзжұмбақ шешу.

Димаш ата рухы мәңгі бізбен бірге.



Үйге тапсырма.

Бағалау.

Үйге тапсырма №6 шығармa. Есеп

Қорытындылау.



Бірігіп «Ынтымақсыз іс бітпес» мақалын басшылыққа ала отырып, математика пәнінен алғыр, шапшаң, ұйымшыл екендігімізді көрсеттік.

Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан не алдық?



Құрылымы күрделі өрнектерді есептеуді, теңдеуді шешуді, есептер шығаруды, шығармашылық тапсырма тізбегі.

Қосу мен азайту амалын тез, қатесіз шапшаң орындау үшін нені жақсы білуіміз керек? Ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет