САБАҚ ЖОСПАРЫ
____________
Оқу ісінің меңгерушісі
«__20_» ___04__2017 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың тақырыбы: Видео монтажы, анимациялар және визуалды әсерлер.
Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Windows Movie Maker интерфейсі туралы негізгі түсінік бере отырып, Windows Movie Maker бағдарламасын қолдану туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Windows Movie Maker интерфейсі туралы негізгі түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім-білік дағдыларын дамыту; Windows Movie Maker бағдарламасын қолданып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Өткен материалды қайталау
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
І. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:
Windows Movie Maker қандай бағдарлама?
Windows Movie Maker бағдарламасында фильм құру үшін нелерді пайдаланамыз?
Жоба дегеніміз не?
Жинақ дегеніміз не?
Фильм, кадр, клип терминдері нені білдіреді?
Жоба және шығыс файлдары дегеніміз не?
Қандай типтегі файлдарды импорттау арқылы қолдануға болады?
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Windows Movie Maker бағдарламасының интерфейсі бірнеше элементтерден тұрады:
Жоба аты көрсетілген тақырып жолы;
Меню жолы;
Құралдар тақтасы;
Фильмдермен жұмыс жасау панелі;
Жинақтар панелі;
Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ;
Монитор терезесі.
Меню жолы және құралдар тақтасы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы меню командаларымен және құралдар тақтасымен орындалатын тапсырмалар туралы мәліметтердің құрамы.
Фильмдермен жұмыс жасау панелі. Фильм құру кезіндегі орындалатын әрекеттерден (бейне жазу, фильмді монтаждау, фильм құруды аяқтау, фильм құру туралы кеңестер) тұрады.
Жинақтар панелінде импортталған клип жинақтары (кескіндер, бейне және дыбыстар т.б.) көрсетіледі.
Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ. Раскадровка немесе уақыт шкаласында орындалатын әрекеттерді көрсетеді.
Уақыт шкаласы жоба клипіндегі уақыт параметрінің өзгерісін қарастырады. Уақыт шкаласында ағымдағы жобаға қосылған файл типтерін көрсете отырып келесі жолдар бейнеленген: бейне, ауысым, дыбыс, дыбыс немесе әуен, атау кірістіру.
Монитор терезесін жеке клиптерді және толық жобаны көру үшін қолдануға болады. Монитор терезесі фильмді сақтар алдында алдын ала көру үшін қолданылады.
ІІІ. Практикалық жұмыс
Windows Movie Maker бағдарламасында суреттерді пайдаланып видео дайындау.
ІV. Сабақты бекіту сұрақтары
Windows Movie Maker бағдарламасы интерфейсінің элементтерін ата.
Меню жолы және құралдар тақтасы қандай қызмет атқарады?
Фильмдермен жұмыс жасау панелі қандай бөліктерден тұрады?
Импортталған клип жинақтары қандай қатарда көрсетілген?
Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақтың қызметі қандай?
Монитор терезесін не үшін пайдалануға болады?
V. Бағалау
Сабаққа қатысып және тапсырмаларды орындағандарды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: лекция оқу, фильм құру үшін материалдар жинақтау.
Сабақтың мақсаты:
Анимацияланатын құжатқа дыбыс қосу тәсілін көрсету, сөйтіп дыбыстық құжат кұруға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін, программада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
• Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Macromedia Flash MX программасы, тапсырма кар- точкалары.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: Macromedia Flash MX программасында жұмыс істеуді. Оқушылар меңгеруі тиіс: дыбыс эффектілерін, дыбыстық құжаттарды құруды, жария- лауды, Flash MX-те фильмдерді жариялауды жэне экспорттауды.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру
Жаңа тақырыпты үйрету кезеңі
Теория
Flash анимация дыбысты да қабылдай алады. Мұнда дыбысты қолданудың бірнеше эдісі бар. Сендер тоқтамай, сюжеттің мазмұнына қарамай, қолданушының эрекетіне жауап бермей, ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай аласыңдар. Ал жоба одан эрі қызықты болу үшін эр батырманы басқанда дыбыс шығатындай етуге болады. Жэне тагы бір жолы - ActionScript сценарийлерін пайдалану.
Flash-те дыбысты біріктірудің екі үлгісі карастырылған: Оқиғалы-басқару (Eventsound) жэне Ағымды (Streamsound). Оқиғалы-басқару дыбыс кезінде берілген кад- рлар аяғына дейін жүктеліп болғаннан кейін дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла береді. Ал ағымды баскару үшін алғашқы кадрлар жүктелгеннен кейін-ақ ойнату ба- сталып кетеді.
Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін, Flash авторларға келесі мүмкіншіліктерді ұсынады:
Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға болады, яғни енді бір кітапханадағы дыбысты бірнеше фильмдерде қолдануға болады.
• Дыбысты экспортталатын фильмнің сапасы мен колеміне қарап, параметрлерін өзгертуге болады, яғни автор, дыбыс сығу жолын озі таңдай алады.
Сондай-ақ, дыбысты модификациялау үшін эртүрлі қосымша эффектілерді қолдана аласыңдар.
1. Фильмге дыбыстық эсер беру үшін ең алдымен, қажетті файлды File =>Import =>ImporttoLibrary(Файл => Импорт => Кітапханаға импорттау) бұйрығы арқылы импорттаймыз;
Insert Layer (Қабатты кою) бүйрығының көмегімен жа- ңа қатпар қүрамыз жэне оған «Дыбыс» деген атау бе- рейік;
TimeLine қатарында «Дыбыс» қатпарының 1-ка- дрын ерекшелейміз жэне Қасиеттер бөлімінің Sound
панелінде Startup.wav файл таңдаймыз жэне фильмді тестілейміз;
Қосымша дыбыстық эсерлер беру үшін Effect бөлімінен қажетті эсер типін таңдауға болады. Ол үшін «Дыбыс» қатпарының бірінші кадрын белгілеп аламыз да, Effect бөлімінен Fade in (Өсу қарқыны) типін таңдаймыз жэне фильмді орындауға жіберген кезде локомотив жақындаған сайын дыбыстың қаттырақ шығатынын байқауга болады (25-сурет).
25-сурет. Дыбыс эффектісін беру панелі
Үйге тапсырма беру
Тақырыпты оқу.Дыбыс біріккен анимациялық қүжат құру.
Бағалау кезеңі
Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |