- ЖҰМБАҚТЫҢ ШЕШУІН ТАБЫҢДАР
- Сартылдайды күнімен,
- Сартылдайды түнімен.
- Білгің келсе уақытты,
- Көрсетеді тілімен
- САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
- САҒАТ
- ЖӘНЕ
- УАҚЫТ
- ЖАҢА СӨЗДЕР
- Уақыт – время
- Кеш – вечер
- Жарым – половина
- Қазір – сейчас
- Ғасыр – век
- Дәуір – эпоха
- Тәулік - сутки
- Тура – ровно
- Түс – полдень
- Минут қалды – минут осталось
- Минут кетті – минут ушло
- Сағат неше? – Который час?
- Уақыт қанша, айтыңызшы? – скажите, пожалуйста, который час?
- Қазір уақыт қанша? – Сколько сейчас времени?
- Тыңдалым бойынша сұрақтарға
- жауап беріңдер
- 1. Сағатпен нені өлшейді?
- 2. Сағаттың қандай түрлері бар?
- 3. Ең алғашқы сағаттар қандай және оның кім ойлап тапқан?
- Содан кейін қандай сағаттар
- пайда болған?
- СУРЕТТЕГІ САҒАТТЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАНДАР
- 1.Қол сағат
- 2. қабырға сағат
- 3. үстел сағат
- 4. қалта сағат
- 5. құм сағат
- 6. су сағат.
- Оқылым
- Уақыт өлшемдері
- Бір ғасырда жүз жыл бар.
- Бір жылда 12 ай бар: қаңтар, ақпан, науырыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде,тамыз,
- қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.
- Жылда 4 мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір аптада 7 күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Бір күнде 24 сағат бар. Бір сағатта 60 минут бар. Бір мунутта
- 60 секунд бар.
- Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.
- - Сағат қанша болды?
- - Сағат екі.
- - Сен мектепте қашан барасың?
- - Мен мектепке таңертеңгі сағат сегізде барамын.
- - Сабақ сағат нешеде басталады?
- - Сабақ сағат сегіз жарымда басталады
- - Соңғы сабақ нешеде аяқталады?
- - Соңғы сабақ сағат бірде аяқталады.
- - Үйірмеге қашан барасың?
- - Қазақ тілі үйірмесіне сағат төртте
- барамын.
- САН ЕСІМ
- Заттың санын, ретін білдіретін сөзді сан есім дейміз. Сан есім Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: екі, үшінші, жетеу
- КҮРДЕЛІ
- ОН ЖЕТІ, ЖҮЗ ЖИЫРМА БІР
- Жазылым
- Диалогты толтырыңыз.
- 1. - _____________ ?
- - Мен сағат жеті жарымда тұрамын.
- - _____________ ?
- - Үйден жетіге он бес минут қалғанда
- шығамын.
- 2. - _____________ ?
- - Біздің үйіміз ауылдың шетінде.
- - _____________ ?
- - Сабақ сағат сегіз жарымда басталады.
- 3. - _____________ ?
- - Асханадан тамақ ішеміз.
- - _____________ ?
- - Сабақ сағат бірде аяқталады.
- Толықтырып жаз. Жаттап ал
- • Бір жылда ............ ай бар.
- • Бір айда .......... күн бар.
- • Бір аптада ............ күн бар.
- • Бір тәулікте ............ сағат бар.
- • Бір сағатта ............ минут бар.
Достарыңызбен бөлісу: |