Сабақтың тақырыбы: Шеміршекті балықтар класы. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата10.03.2017
өлшемі1,07 Mb.
#11300
түріСабақ
  1   2   3
Күні: 18.03.2015 ж Сыныбы: 7 «Ә» Пәні: Биология

18.03.2015 ж 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Шеміршекті балықтар класы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік. Оқушыларға шеміршекті балықтар класы бойынша тән белгілеріне тоқталу, олардың қаңқасы тек шеміршектен тұратынына түсінік беру; алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.

ә) Дамытушылық. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.

б) Тәрбиелілік. Оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: кестелер, слайд

Сабақтың жүру барысы:
І.Үй тапсырмасын тексеру

Ой қозғау (нені білеміз?) .

1.Желілі жануарлардың үш тип тармағы қалай аталады?

Бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар



2. Бассүйексіздер тип тармағының өкілі?

Қандауырша.



3. Омыртқасы жоқ желілі жануардың өмір бойы сақталатын құрылыс

мүшелері?

Желі.


4. Қандауырша деп аталуы?

Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас

болуы.
5. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелігі .

Терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы



6. Қаңқаның қызметін не атқарады?

Желі.


7. Желілілердің дене құрылысында, тіршілік әрекетінде

омыртқасыздарға ұқсас белгілерді атаңдар ?

Үш қабатты, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты.



8. Асқорыту жүйесінің ерекшелігі неде?

Жұтқыншағы әрі ас қорыту әрі тыныс алу қызметін атқарады.



9. Қандауыршаның жүрегінің қызметі не арқылы орындалады ?

Құрсақ қолқа қан тамыры.



10. Жүйке түтігі қандай қызмет атқарады ?

Орталық жүйке жүйесінің



Кестемен жұмыс

Қандауыршаға тән белгілер

Омыртқасыздармен ұқсас

тән белгілер

1. Қантарату жүйесі-тұйық.

2. Желісі бар.

3. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады.

4. Дененің соңғы қуысы болады.

5. Денесі үш қабаттан тұрады.

6. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары бар.

7. Ішкі қаңқасы-желі.

8. Денесі екі жақты симметриялы .

9. Сырттай ұрықтанады.

10.Аналь тесігі бар.



III. Жаңа сабақ.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет