Пәні:
|
Әдебиет
|
Сыныбы:
|
6-сынып
|
Уақыты:
|
19.02.13
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»
|
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:
а) ақпараттық
|
Оқушыларға ақпарат көздері арқылы «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.
|
ә) коммуникативтік
|
«Тұтқын бала» әңгімесі бойынша алған білімдерін өмірде қолдана білуін қалыптастыру.
|
б) проблеманы шешу:
|
Тақырып бойынша бойынша өзіндік жұмыстар, тапсырмалар беріп, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ
|
Сабақтың әдісі:
|
Сөздік әдісі, көркемдеп оқу әдісі,практикалық, көрнекілік
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
|
АКТ
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Интерактивті тақта, Шерхан Мұртазаның, Т.Рысқұловтың портреттері
|
Пәнаралық байланыс:
|
Қазақстан тарихы, қазақ тілі
|
Сабақтың барысы:
|
Мұғалімнің қызметі:
|
Оқушының қызметі:
|
Күтілетін нәтиже:
|
I.Ұйымдастыру бөлімі
|
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Құралдарымызды шығарып, сабаққа дайындалайық.
|
Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу.
-Кезекшінің есебі...
|
Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнатылады.
|
II.Үй тапсырмасын тексеру
|
-Балалар, сіздер өткен сабақта Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне тоқталдыңыздар. Үйге бір өлеңін жаттауға берілген болатын.
-Ал, енді сұрап көрейік. Кім дайын?
|
Оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтады.
|
Оқушылар өткен Мұқағали Мақатев, оның өлеңдері туралы білімдерін үй тапсырмасын тексерту арқылы пысықтайды.
|
III. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
|
-Балалар, сіздерге өткен тақырыптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер белгілі жазушының портреті шығады.
-Балалар, бұл кімнің портреті? Кім біледі?
-Дұрыс-ақ.
-Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынған үзінді «Тұтқын бала» шығармасы.
|
Сұрақтардың жауаптары:
1. Мұқағалидің өмір сүрген жылдары (1931-1976)
3. Мұқағали Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
4. Табиғатты адам кейпінде суреттеу көркемдеудің кейіптеуіне жатады.
5.Повесть
6.Бердібек Соқпақбаев
Жауабы: Шерхан Мұртазаның портреті шығады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |