Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі
1.1.4.1 Түрлі мазмұнда қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді
1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды
1.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен прозалық және поэзиялық мәтіндерді құрайтын басты элементтерді таниды, салыстырады
1.1.3.1 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады. (мұғалім көмегімен)
Сабақтың мақсаттары
Оқушылардың мәдениеттілігін, болашақта өмірде кездесетін барлық жағдаяттарға дайын болуға баулу, үйрету.
қарым-қатынас барысында үйренген жаңа сөздерді дұрыс мағынада қолдана алады;
қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді орынды қолдана алады;
оқиғаның мазмұнын ретін сақтай отырып, жүйелі баяндай алады.
Сөздік қор
кафе, даяшы, ас мәзірі, тапсырыс, кафеде өзіңді ұстау мәдениеті, көпшілік орындарда әдептілік, сыпайылық сақтау ережесі, шанышқы, пышақ.
Құндылықтарды дарыту
Даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көру арқылы оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйрету, мәдениеттілікке баулу.