|
Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері. Сөйлем. Сөз. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спорт түрлерімен таныстыру
|
Дата | 18.02.2018 | өлшемі | 13,96 Kb. | | #37933 | түрі | Сабақ |
|
Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері. Сөйлем. Сөз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спорт түрлерімен таныстыру.
Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Спорт туралы суреттер
Қолданылған әдіс- тәсіл: сұрақ- жауап
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ өту.
Балалар, біз бүгін спорт түрлерімен танысамыз.
Сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Шахмат , хоккей , футбол , суда жүзу, бокс, қазақша күрес, шашки, би билеу міне осының барлығы спорттың түрлеріне жатады екен.
Сендер қандай спорт түрлерін таңдар едіңдер?
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларды әңгімеге тарту.
Спорттың адам өміріне қандай пайдасы бар екенін сұрау.
IV. Сабақты қорыту.
V. Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|