Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау, тиянақтау, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, төрт түлік мал жөнінде түсініктерін дамыта отырып, үй жануарларының жүріс-тұрысын, сипатын тілімізде дұрыс айтуға баулу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың халық мұрасына, тіліне, жеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру, қазақ халқының төрт түлік малмен байланыста екенін жеткізу, олардың адамға деген пайдасын көрсете отырып, малды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Диалог:
Қазір қандай сабақ?
Қазір қазақ тілі сабағы.
Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?
Үшінші сабақ.
Балалар, қазақша таза, жақсы сөйлеу үшін, сауатты жазу үшін біз қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біліміз керек, сондықтан оларды қайталап жіберейік.
Хормен: Ә, Ө, Ұ, Ү, І, Қ, Ғ,Ң, Һ
Жаңылтпаштарды әуелі жекеше, содан соң хормен айтамыз.
Ай, Айдарбай, Айдарбай Сүт бетінде май қаймақ,
Мүйізі бар сиырыңды Майдан тәтті бал қаймақ
Үйіңе айдай бар.
Диалог:
Биыл қандай жыл?
Биыл мешін жылы.
Былтыр қандай жыл болды?
Былтыр қой жылы болды.
Қазақтар жыл атауларын қалай атаған?
Жылды жануарлардың атымен атаған.
Енді, балалар. «Жыл жануарлар» туралы айтып берейік. Содан кейін сабағымызды жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымызда біз төрт түлік мал иелерімен танысамыз, бізге қандай пайдасы бар екенін білеміз, жазып отырамыз.
Дети посмотрите на рисунок, скажите, что изображено на нем, что связывает их с домашними животными.
Дұрыс балалар.
Көшпелі қазақ халқының өмірі, тіршілігі төрт түлік малмен тығыз байланыста болды. Жесе – азық, кисе – киім, мінсе – көлік. Малды қастерлеген, күтіп-баққан.