Сабақтың тақырыбы: «Тұздардың қасиеттері»



Дата11.05.2022
өлшемі87,19 Kb.
#142849
түріСабақ
Байланысты:
Акторгын Шынгысбай тұздар қмж




Пәні:

химия

Педагогтің аты-жөні:

Шыңғысбай Ақторғын Амангелдіқызы

Күні:




Сыныбы: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Тұздардың қасиеттері»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.4.10 – тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
8.3.4.11 – тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

Тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру.
Тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері (мұғалімнің іс әрекеті)

Ресурстар

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың басы
3 мин
6 мин

Сәлемдесу. Сыныпты белсендіру.
ТҰРМЫСТЫҚ ЗАТТАР ҚАЙ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР КЛАСЫНА ЖАТАДЫ?
Тұздар – металл атомдары және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

Мини-тақталармен жұмыс:


Студенттер тұзды формулаларды аттары бойынша жазады: калий гидрокарбонаты, кальций гидронитраты, алюминий сульфаты, темір (III) хлориді, алюминий гидроссульфат, магний сульфаты, магний гидрохлориді, алюминий бромды, күміс нитрат.
Жұмыстың нәтижелерін бірлесіп талқылау. Оқушылар тұздардың жіктелуін және олардың номенклатурасының ережелерін есте сақтайды.



Интерактивті тақта, маркер




Жаңа сабаққа кіріспе

15 мин


Жаңа сабақты қабылдауға дайындық: (1мин)

1.Бұл қай зат?
А) Бұл зат мұхит, теңіз суларында көп мөлшерде болады.
Ә)Ол өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың тіршілігінде өте маңызды қызмет атқарады.
Б)Асқазанда тамақтың қорытылуына, қандағы эритроциттердің сақталуына үлесін қосады.
В)Ол затсыз астың дәмі кірмейді.
Дұрыс, ол ас тұзы. Бүгін біз осы ас тұзы жататын бейорганикалық қосылыстар класы – тұздармен танысамыз.
Тұздардың атаулары:
CuSO4 – мыс(II)сульфаты;
NaCl – натрий хлориді;
NaHSO4 – натрий гидросульфаты;
KH2PO4 – калий дигидрофосфаты;
AlOHSO4 – алюминий гидроксосульфаты;
Fe(OH)2Cl – темір (III)дигидроксохлориді;
KAl(SO4)2 – алюминий – калий сульфаты.
Физикалық қасиеттері:
Тұздар көпшілігі қатты заттар. Олардың ерігіштігі әртүрлі (ерігіштік қисығын қарауға болады) және түстері әр алуан болып келеді.
PbS, CuS – қара түсті
PbI2 – сары түсті
K2Cr2O7 – қызыл сары түсті
CrCl3 – жасыл түсті
CuSO4 – көгілдір түсті
Тұздардың алынуы:
1. Металл мен бейметал әрекеттесуінен:
Mg+Cl2= MgCl2
2. Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтің әрекеттесуінен:
MgO+SO2 = MgSO3
3. Қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуінен:
CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3+H2O
4. Қышқыл мен негіздің бейтараптануынан:
H2SO4+2NaOH = Na2SO4+2H2O
5. Тұз бен қышқылдың әрекеттесуі:
Na2CO3+H2SO4 = Na2SO4 + CO2+H2O
6.Тұз бен негіздің әрекеттесуінен:
CuSO4 + 2NaOH = Cu(OH)2 + Na2SO4
Тұздардың химиялық қасиеттері:
1. Тұздардың металдармен әрекеттесуі:
Белсенділік қатарында бұрын тұрған металл өзінен кейін тұрған металдарды олардың тұздарынан ығыстырады.
CuSO4+Fe= FeSO4+Cu
2. Тұздар қышқылдармен әрекеттеседі:
CaCO3+2HCl=CaCl2+CO2+H2O
3. Тұздар сілтілермен әрекеттеседі:
CuCl2+NaOH= Cu(OH)2 + 2NaCl
4. Тұздардың өзара әрекеттесуі:
BaCl2+Na2SO4= BaSO4+2NaCl
5. Кейбір тұздар қыздырғанда ыдырайды:
CaSiO3 = CaO+SiO2

Интерактивті тақта, химиялық реактивтер, ас тұзы










Сабақтың ортасы
2 мин

7 мин


І. Ұйымдастыру (түгендеу, стикерлер арқылы топтарға бөлу, психологиялық ахуал тудыру)


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Ой қозғау
Сұрақ-жауап
1.Негіздердің номенклатурасы, аталуы қандай?
2.Негіздерді алу әдістері қандай?
3.Негіздер қалай жіктеледі?
4.Екідайлы гидроксидтердің химиялық қасиеттері
5.Негіздердің физикалық қасиеттері
6.Ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттері
Әр топқа екі сұрақтан қойылады.


3 ұпай
0 ұпай












Топтық жұмыс

7 мин
10 мин



Жаңа сабақ: Мағынаны тану.
1 тапсырма оқулықпен жұмыс ( (постер құру)
І топ:
А)Тұздардың құрамы, жіктелуі туралы түсінік береді.
ІІ топ:
А) Тұздардың аталуы, тұздардың формуласын құру туралы айтып береді
ІІІ. Топ:
А) Тұздарды алу әдістері туралы айтады.
2 тапсырма. Мағынаны ашу.
(Әр топқа тапсырмаға сәйкес технологиялық карта беріледі, сол бойынша жұмыс жасайды.)
І топ.
В) Тұздардың металдармен әрекеттесуін зерттеп, әрекеттесу ерекшелігі туралы қорытынды жасаңдар.
ІІ топ
В) Тұздардың тұздармен әрекеттесуін зерттеп, қорытынды жасаңдар.
ІІІ. Топ:
В) Тұздардың сілтілермен әрекеттесуін зерттеп, қорытынды жасаңдар.
Оқушылар тәжірибелер жасайды, реакция теңдеулерін жазады, жасаған тәжірибелерінің негізінде тұздардың қасиеттері туралы қорытынды жасайды.

плакаттар, стикерлер, маркерлер


карта

5 ұпай
4 ұпай


3 ұпай
7 ұпай
6 ұпай
5 ұпай










Жеке жұмыс
3 мин.

Студенттер əрбір əдіс бойынша реакциялардың мысалдарын көрсетуі керек.
Теңдеулер схемасы:
1. Металл + бейметалл = тұз
2. негіздік оксид + қышқылдық оксид = тұз
3. негіздік оксид + қышқыл = тұз + су
4. қышқылдық оксид + сілті = тұз + су
5. қышқыл + негіз = тұз + су
6. тұз +қышқыл = тұз +қышқыл
7. тұз + тұз = тұз + тұз
8. тұз + негіз = тұз + негіз
9. Металл + кислота = тұз + сутек
10. Металл + тұз = тұз + металл
Оқытушы студенттердің жұмысын бақылайды, жазу реакциясы теңдеулерінің дұрыстығын бақылайды.

таратпа материалдар, стикерлер



2 ұпай
1 ұпай


0 ұпай










Сабақтың соңы
Рефлексия
5 мин

Рефлекция «Табыс» ағашы
Оқушылардың бүгінгі қойған мақсатымызға қаншалықты жеткенімізді және де бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижелеріміз:
-Тұздардың алынуын айтады
-Физикалық қасиетіне сипаттама береды
-Химиялық қасиеттерді біліп, меңгеруіміз керек еді. Осы сабақта біз нәтижеге жеттікпе? – деп сұрақ қоя отырып оқушыларға
«Табыс ағашы» рефлекциясын ұсынамын.
Сабақ өте қызықты болды. Маған ұнады. Тапсырмаларды өзім орындадым.
Маған сабақ ұнады, бірақ аздап қателер болды. Маған мұғалім мен оқушылар көмектесті.
Маған сабақ қызықсыз болды. Мен тапсырмаларды орындамадым.














Саралау: Жаңа тақырыпты меңгеру үшін дереккөздер арқылы мәтінмен
жұмыстануға тапсырмалар бердім. Тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне сәйкес жеңілден күрделігі
көтерілу мақсатында бердім.Қарқыны жоғары оқушыныда ескеріп қосымша есептерді де дайындадым. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін оқушымен өзара диолог болды және де
тапсырма орындау барысында түсінбеген кездерінде қолдау көрсетілді.

Бағалау: Бағалау үшін «Жұлдызша беру», «Өзін-өзі бағалау», «Смайликтер» арқылы бағалау әдістерін қолдандым. Әрбір бағалаудан кейін кері байланыс жасалды.










Үйге тапсырма
&48 - &49 (1-11) жұмыс дәптерге орындау
Реакция теңдеулерін аяқтау:
Zn + CuSO4 →
CaCO3 + HCl →
BaCl2 + H2SO4 →
Ba(NO3)2 + K2SO4 →
NaCl + AgNO3 →
AlCl3 + NaOH →





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет