Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы.Қосымша мүмкіндіктері. Бағдарламалық оетс, Windows ож



Дата12.03.2018
өлшемі81,65 Kb.
#38929
түріСабақ
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы.Қосымша мүмкіндіктері.

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1.Windows 98-дің колданбаларымен, қарапайым WordPad мәтіндік

процессорымен танысу. Құжаттың құралымы,стилі, баспа бетінің

геометриясы туралы түсінік беру. WordPad қолданбасының терезесі

меню, пішімдеу құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік

алу. Мәтінімен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу).

Құжаттарды құруға, ашуға үйрету.

2. Оқушылардың мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын, берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын;

  • берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін;

  • процессорда жұмыс істеу мен режімін;

  • WordPad қолданбасы терезесінің құрылымын;

  • тақталар мен сызғыштарды қолдану әдістерін;

  • мәтінді пішімдеу тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • мәтіндік файлдарды құруды, редакциялауды, сақтауды, ашуды;

  • алмасу буферін қолдануды;

  • пішімдеу тақтасы мен сызғышты қолдана отырып, құжатты

пішімдеуді;
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Сәлеметсіңдерме оқушылар, сабақта кім жоқ, жұмыс үстелінің тіркеу журналын толтырайық. Ал енді болсақ, барлығымыз тақтаның алдына келіп шаттық шеңберін құрайық, бір – бірімізге тілек айта қолымызды жоғары көтерейік, құрылған шаңырағымыз,яғни Егеменді еліміздің шаңырағы шайқалмасын дей келе сабағымызды бастайық.

А) сынып журналын толтыру

Ә) жұмыс үстелінің журналын толтыру

Б) Тренинг «Шаңырақ» /сынып оқушыларымен дөңгелене шаттық шеңберін құру,тілек айту/



II. Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім: Өткен сабақта біз Paint графикалық редакторы бөлімін аяқтағанбыз, енді осы бөлімді қалай меңгерген білімдеріңді сынап көрейік. Төмендегі үш қадам бойынша білімдеріңді тексерейік.

Слайд

А) Алма ағашы /Блиц-сұрақтар/

- Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

- Paint графикалық редакторында сурет салудың неше кезеңі бар, ата?

- Paint терезесінің мына бөлігі қалай аталады?

- Paint графикалық редакторында неше құрал бар?

- Терезенің қандай қатары.

/Оқушы қоржынынан сурет./

Ә) Перфокарта /Құрал саймандар арқылы сөз шығару, «Тәуелсіз» , «Қазақстан» екі қатарға екі түрлі перфокарта таратылады./

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай оқушы өлеңін тыңдау.

Б) Сиқырлы пернелер. /Жаңа тақырыбымызға байланысты блиц-сұрақтарға жауап беру/

-Пернетақта неше бөліктен тұрады? /Төрт/

- Bacкspace не үшін арналған перне? /Сол жақтағы символды өшіруге арналаған/

- Shift не үшін арналған перне? /Бас әріпті теруге арналған/

- Delete не үшін арналған перне?/ Оң жақтағы символды өшіруге арналаған /

- Num Lock не үшін арналған перне? /Цифрлар жазу үшін арналған/

- Пернетақтада неше перне бар? /101 немесе 102 перне бар/

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім: Ал,енді оқушылар дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазайық, бүгінгі өтетін тақырыбымыз жаңа бөлім бастағалы отырмыз. «WordPad мәтіндік редакторы. Қосымша мүмкіндіктері»

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.Word Pad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге , шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді қоюға болады.

Ал енді дәптерлеріңді ашып мына сөздікті жазып қояйық
Термин сөздер сөздігі:


Қазақша атауы

Орысша атауы


Іске қосу

Пуск

Бағдарламалар

Программы

Меңзер

Курсор

Қәріп

Шрифт

Пішім

Формат

Түр

Вид

Түзету

Правка

Қою

Вставка

Анықтама

Справка

WordPad бағдарламасын іске қосу үшін: Іске қосу----Бағдарламалар----Стандартты----- WordPad



/Оқушылар бірге орындап экрандағы көрініске назар аударады/
ТЕРЕЗЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

WordPad мәтіндік редакторы қолданбасы терезенің құрылымы.

  1. Қолданбаның пиктограммасы, файлдың аты, қолданбаның аты мен терезенің оң жақ бұрышындағы оның өлшемін басқаратын үш батырма бар тақырыптық жол.

  2. Меню жолы.

  3. Құрал-саймандар тақтасы.

  4. Пішімдеу тақтасы.

  5. Пішімдеу сызғышы. Негізгі мәтінді теру өрісінің басы мен аяғын, бас жолды, маркерлерді орнату үшін қолданылады.

  6. Жұмыс өрісі. Терезенің негізгі бөлігі мәтінді теру үшін пайдаланылады.

  7. Қалып-күй жолы.

  8. Тақталар, сызғыш және қалып-күй жолы пайдаланушының қалауы бойынша экранда болуы немесе алынып тасталуы мүмкін ( меню жолындағы «Түр» пункті).

WORDPAD қолданбасының арналуы:

1.Мәтінді теру.

2.Мәтін түзету.

3.Мәтінді пішімдеу.

-Қаріптің гарнитурасын таңдау.

-Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.

-Қаріптің әлпетін басқару

-Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)

-Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)

-Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру






Аты

Міндеті

1

Тақырып жолы

Терезені басқару батырмасы, құжаттың аты, жүйелік меню бар.

2

Меню жолы

Негізгі командалар бар

3

Құрал-саймандар тақтасы

Көп қолданылатын командаларды тез шақыруға арналған батырмалар бар

4

Пішімдеу тақтасы

Мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары бар

5

Абзац шегінісінің маркері

Шегініс орнатуға арналған

6

Сызғыш

Мәтінді шекарасын реттеуге арналған

7

Жұмыс алаңы

Мәтінді енгізуге арналған

8

Қалып- күй жолы

Терезенің қазіргі жағдайын көрсетуге арналған




  1. Практикалық жұмыс

Мұғалім: Практикалық жұмыстың тақырыбы мына сөзжұмбақта жасырылған.Ал енді мына сұрақтарға жауап берейік.

Сөзжұбақ шешу

  1. 8 бит неге тең? /Байт/

  2. Компьютер миы /Процессор/

  3. Басып шығарғыш /принтер/- мынадай түрлері бар: бүріккіш,матрицалық ........./Лазерлік/

  4. Аты бар бірқатар байттар тізбегі /Файл/

  5. WordPad-та 4 жолқалай аталады? /Пішімдеу/

  6. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым /Информатика/

  7. Объектілер бірлестігі /Қапшық/

Сөзжұмбақ шешімі: «Болашақ»

Мұғалім: Практикалық жұмыс тапсырмасы: «Жастық шақтан - болашаққа», «Мамандық» тақырыбына шағын шығарма теру. Тақырып қаріп өлшемі:16, мәтіннің қәріп өлшемі: 14.

Мәтінді тергендеріміз енді шығармамызды сақтап қояйық.



Құжатты сақтау: Файл-----Сақтау

  1. Қорытындылау

Paint афикалық редакторы мен WordPad мәтіндік редақторының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

  1. Сергіту сәті

/Шаршағанда, көз талғанда жасалатын жаттығулар жасау./

  1. Үй тапсырмасы.

/5.1 тақырып. «8 наурыз» тақырыбына шығарма жазып келу./

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Ломоносов атындағы орта мектеп

Ашық сабақ тақырыбы:
«WordPad мәтіндік редакторы.Қосымша мүмкіндіктері»
Сынып: 7 «А»
Өткізген: Садвакасова Зульфия Мадениетовна

Информатика пәнінің мұғалімі

Мамай батыр ауылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет