Сабын және синтетикалық жуғыш заттар Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамына пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді.
Сілтімайлызаттардыыдыратады, ал карбон қышқылы — беттікбелсендізат (ББЗ) (43-сурет). Олекісұйықтыңнемесесұйық пен газ шекарасындабеттіккерілудітөмендететінзат. ББЗ болу үшіноныңқұрамындағытоптарәртүрлізатпенәрекеттесуікерек. Карбон қышқылымолекуласыныңбеттікбелсендізаты су мен органикалықсұйықтықшекарасында. Карбон қышқылындагидрофобты (гр.hydro — су жәнеphobos — қорқады) көміртекқалдығыжәнегидрофильді (гр. hydro — су жәнерһіlіо — сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар. 44-суретте сабынныңжуғышқасиетікөрсетілген. Сабынмолекуласыекібөліктентұрады, көмірсутектізбегімайдыңқұрамында, ал —COONa+ тобы суда болады.
Сабындардыңжуғышқасиеті — жуылатынбеткейлердегіжабысқанкірбөлшектерін эмульсия, суспензия түрінеауыстыраалатынмүмкіндігінебайланысты.
Кермек суда сабын "іріпкетеді" де, кірашылмайды. Себебікермек суда карбон қышқылының кальций, магний тұздарытұнбағатүседі:
2C17H35COONa + СаСl2 → (С17Н35СОО)2Са↓ + 2NaCl
Сабынның суда еруікезіндежоғарықышқылдарменсілтітүзегидролизденупроцесібіргежүреді. Бұлжағдайматағазияндыәсерінтигізеді:
C17H35COONa + Н2O → С17Н35СООН +NaOH
Жоғары карбон қышқылдарытұздарыныңқолданылуыжуғышзаттарретіндешектелмейді. Кальций тұзынмұнаймайларынақосып, солидол жағармайыналады. Тығызматаларды алюминий сабынымен (тұзымен) өңдеп, су өткізбейтінбрезенттержасайды. Қорғасын, марганец сабындарынмайлыбояулардайындағандапайдаланады. Қазіргікездесинтетикалықжуғышзаттаркеңіненқолданылуда. Синтетикалықжуғышзаттар (СЖЗ), негізінен, алкилсульфаттардың натрий тұзынантұрады. RO — SO2— ONa. R — құрамында 8—18 көміртек атомы бар көмірсутек радикалы.
СЖЗ алуүшінәуелі спирт пен күкіртқышқылынәрекеттестіріп, күкіртқышқылыныңкүрделі эфирін алады:
R — OH + HO — SO2— OH → R — О — SO2 — OH + H2O
Түзілген алкилсульфаттан күрделі эфирдің натрий тұзын алады:
R — О — SO2 — OH + NaOH → R — O — SO2— ONa + H2O
СЖЗ күкіртсутектің ұзын тізбегі (R) мен ерігіш функционалдың топтан тұратындықтан, сабын сияқты жуғыштық қасиеті жоғары. Сабыннан айырмашылығы — кальций мен магний тұздары ерігіш болғандықтан, жуғыштық қасиетін кермек суда да жоймайды. Синтетикалық жуғыш заттар өте баяу айырылады, сондықтан табиғатқа, қоршаған ортаға, тірі организмдерге зиян тигізуі мүмкін. Сол себепті акаба (кір) суларды тұндырғыштарда тұндырып, балдырларда болатын биологиялық бактериялар көмегімен тотықтыру арқылы тазалайды. Бұл кезде органикалық заттарды көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдыратады. Алкилсульфаттар мен алкилсульфонаттарды ыдырататын бактериялар штамдары әзірленген, осылар арқылы микробиологиялық тазарту іске асады. Сабындар жоғары карбон қышқылдарынъш (палъмитнн және стеарин) калий және натрий тұздары. Сабындар қатты және сұйық болады. Сабын кермек суда "іріп" кетіп, кір ашылмайды. Синтетикалық жуғыш заттардың кір алғыштығы сабыннан жоғары, бірақ қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін.