Сағи жиенбай күтемін сені



Дата10.05.2020
өлшемі14,55 Kb.
#66973
Байланысты:
КҮТЕМІН СЕНІ


САҒИ ЖИЕНБАЙ

КҮТЕМІН СЕНІ

Мен әлі сені

Сәбидей күтем, Жаңа күн,

Қанша рет көрдің...

Қанша рет келдің үйіме,

Мен әлі саған

Сәбидей сенем, Дүние!

Өсірдің қанша...

Қосылдым қанша күйіңе?!

Күтемін соны,

Күтемін сені түн қатып,

Сәбидей сеніп,

Жүрегімді тай тулатып...

Әзірге мейлі

Алыстап жүрсін ол менен

Әйтеуір маған

Келетіні анық бір Бақыт!

Желменен бірге

Тербелген талай сиқырлы ән,

Кезі жоқ менің

Қырымда бір сәт күй тынган...

Мен бұрын әсте

Естімей журген дауысын,

Бір ақку-қаздың

Оятары анық ұйқымнан.

Тауларым да әлі,

Аспаным да әлі жап-жаңа,

Жаңа бір күннің

Жас иісі бар қарда да.

Сипайды баяу

Балауса жүзін даланың

Жап-жаңа ғана

Тараған жүпар таңғы ауа,

Қөктем де келер,

Көк ала бұлттар көшер кеп,

Оранып шыққа,

Көздерін ашып өсер көк...

Далама менің —

Мен бүрын әсте көрмеген



Бір ақ жаңбырдың

Құяры анық нөсерлеп.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет