Пропорциясыз
есептер шешу
Реакция бойынша қоспа есептері
Бір өлшемді жүйелі қоспа есептері
21г металл мен металл оксидінің қоспаларында, тотығу дәрежесі +3-ке тең қосылысты массасы 100г 24% натрий гидроксиді ерітіндісінде толық ерітті. Нәтижесінде 13.44л газ бөлінді. Қоспаның массалық үлес(тер)і
Массасы 7г жез құймасын тұз қышқылымен өңдегенде 0.896л (қ.ж.) сутек алынған. Құймадағы мыстың массасы?
Массасы 30г мыс пен мырыш құймасын тұз қышқылымен өңдеген кезде көлемі 6.72л (қ.ж.) сутек бөлінген. Құймадағы металдардың массалық үлесі?
Массасы 200г құйманың құрамында 13.5% алюминий, 32.5% мырыш, 54% магний бар. Осы құйманы тұз қышқылымен өңдегенде бөінетін сутек газының (қ.ж.) көлемдері?
Тұз қышқылының артық мөлшеріне темір мен мыс құймасын салса, 224мл сутек бөлінеді, құймадағы темірдің массалық үлесі 0.2 болса, бастапқы құйманың массасы?
Массасы 48г мыс пен темірден тұратын қоспаны қышқылмен өңдегенде 11.2л газ бөлінсе, бастапқы қоспаның құрамы?
Массасы 20г мыс пен алюминий қоспасына концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 5.6л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспаның құрамы?
Мыс және алюминий ұнтақтар қоспасын 20грамына күкірт қышқылының ерітіндісімен әсер еткенде 6.72л (қ.ж.) сутек бөлініп шықты. Қоспадағы мыстың массалық үлесін анықтаңыз?
Массасы 10.4г темір мен мыс қоспасын тұз қышқылында еріткенде 2.24л (қ.ж.) сутек бөлінді, қоспадағы әр металдың массасы?
Массасы 9г Al мен Cu қоспасын тұз қышқылымен өңдегенде 5.6л (қ.ж.) газ алынды. Қоспадағы мыстың массалық үлесі?
Массасы 12г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлініп шыққан сутек 7.4л көлем алды. Әр металдың қоспадағы массалық үлесін анықтаңдар?
Этан мен этиленнің 8л қоспасын бромды су арқылы өткізгенде 18.8г 1.2- дибромэтан түзілді. Қоспадагы газдардың көлемдік үлестері?
Массасы 5г Ғе, ҒеО қоспасын тұз қьшқылымен әрекеттестіргенде 0.56л Н2
бөлінді. Қоспадағы оксидтің массалық үлесі?
Көлемі 5л (қ.ж.) этан мен этиленнің қоспасынбромның ерітіндісі арқылы өткізгенде 9.4г дибромэтан түзілді. Қоспадағы көмірсутектердің көлемдік үлестері?
Мыс пен алюминийдің 50 г қоспасына тұз қышқылымен әсер еткенде 33.6л (қ.ж.) сутек бөлінді. Қоспадағы мыстың массалық үлесі?
Жалпы массасы 1.5г мыс пен магний үгінділері қоспасын тұз қышқылының артық мөлшерімен өңдегенде көлемі 0.56л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспадағы мыстың массалық үлесі?
1:2:3 (санау ретімен) мольдік қатынаста мыс, көміртек, темір(ІІІ) оксиді бар. Массасы 5.68г осы қоспаны қажетті массалық үлесі – 80%, тығыздығы – 1.8г/мл күкірт қышқылы ерітіндісінің көлемін есептеңіздер.