Сана және Психика
Мәліков Уәли
Ол өзінің табиғат жаратылысы екенін мойындай тұра, өзін Жер әміршісі ретінде атады. Осыған байланысты адамның психикасын зерттейтін ғылым пайда болды. Адам өзінің санасының жануарөсімдік әлемінен өзгешелігін, артықшылығын көрді. Адамның миының жұмысы мен басқаруы ғалымдарды көп жылдардан бері қызықтырып келеді. Адамның миы деген не? Ғалымдарды адамның психикасы неге қызықтырады? Бұның артында не тұр?
Адамның айналадағы дүниеге деген қызығушылығы оның әлемнің құрлысын білуге деген құмарлығынан пайда болды.
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологияфлық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі- адамның санасы пайда болады.
Адамның санасы пайда болуы
Адам санасының қалыптасуы
Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғары кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы- бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан- жақты сипаттаманы А.Н. Леонтьев өзінің “Іс- әрекет, Сана, Жеке тұлға” атты еңбегінде берген болатын- ды.
Сана – психика дамуының сапалы ереуше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюцияда сананңы өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болады. Адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі- адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың адамдардың саналы қызметі, биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағындайды, олармен қарама- қарсылықта болады немес оларды басып тастайды.
Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшілік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Екінші ерекшелік белгісі
жануарлардың мінез- құлқынан адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталғанг және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез- құлық тәсілдері оның өз тәжірибесініңнәтижесі емес,ұрпақтардың қоғамдық- тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез- құлқынан түбірінен ерекшелейді.
Үшінші ерекшелігі
Сана- психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс- әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық- тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрлымы, оның негізгі психологиялық сипатттамасы қандай? Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.
Сананың құрлымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.
Сана
Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым- қатынасында қоғамдық еңбек іс- әрекетті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан- жақты білуге көмектеседі. Осы заңдарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортаға қажетілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімдейді. Демек, сана,- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!