Сананы жаулаған ғаламтор немесе бос уақытты пайдалы өткізіп жүрміз бе?



Дата07.02.2022
өлшемі15,6 Kb.
#89771
Байланысты:
эссе


Сананы жаулаған ғаламтор немесе бос уақытты пайдалы өткізіп жүрміз бе?
Қазіргі таңда ғаламтор барлық үйде бар. Ғаламтордан біз оқу үшін немесе басқа да нәрсе үшін пайдалы ақпаратты таба аламыз. Көптеген адамдар ғаламтордан көбіне кино көреді және ойын ойнайды. Ғаламтор алыс жерде тұратын туыстармызбен және достарымызбен бейне қоңырау(видеозвонок) арқылы байланыстыра алады. Ғаламтордың арқасында біз олармен кез-келген минутта байланыса аламыз. Сондай-ақ, ғаламтор жиі жаңа кітап сатып алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға көмектеседі.
Бір жағынан,ғаламтор өте пайдалы, өйткені онда әртүрлі ақпарат бар. Қазірге кезде ғаламторды өте жиі пайдаланамыз. Себебі, оқу,жұмыс барлығы да онлайн болғандықтан ғаламторға тәуелдіміз. Ғаламторда бізге оқуға көмектесетін көптеген пайдалы веб-сайттар бар. Бізді қызықтыратын барлық нәрсені ғаламтордан таба алғанымызбен, бірақ ғаламтор адамға зиянды болуы мүмкін. Егер, адам ғаламторда ұзақ уақыт отырса, онда ол басқа нәрселермен айналысуыға үлгере алмай қалуы мүмкін.Сондықтан әрбір адам ғаламтода отырған уақытын бақылауы қажет. Өзіне бос уақыт тауып, оны тиімді пайдалану қажет.
Жалпы, кез келген адамда бос уақыт болады дегенмен біреуінде көп, ал басқаларында керісінше аз. Бұл әр адамның өзіне және оның жұмыс істеуге деген ұмтылысына байланысты болады.Өздеріне көп уақыт бөлетін адамдар мейрамханаларға барып, саябақтарда серуендейді және фильм қарап, кітап оқып өзінің миын тынықтырғанды ұнатады.АЛ бос уақыты аз адамдар олар үнемі жұмыс жасап, ізденісте жүретін адамдар. ОЛар әр минутын,секундтын бос өткізгісі келмейді, себебі көп нәрсе үйренгісі келеді.
Менің ойымша әрбір адам кешкісін серуендеп ,спортпен айналысып, табиғат аясына шығып өз жан дүниесімен сырласуы қажет деп ойлаймын. Қазіргі таңда көптеген адамдар көшеде достарымен серуендеудің орнына ғаламторда отырады. Сонымен, ғаламтор көптеген жағдайларда керемет көмекші болып табылғанымен,оны бірінші орынға қоймай ғаламторсыз уақытымызды тиімді өткізуіміз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет