«Сапқа тұр», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Түзел», Пәрмендер: «Бөлімше,бірінші,екіншіге-санал», «Бөлімше бір қатарға саптал»



Дата19.09.2023
өлшемі464,84 Kb.
#181582
Байланысты:
пәнмендер үлгісі


Саптық пәрмендер үлгісі:

Саптық қалып: «Сапқа тұр», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Түзел»,


Пәрмендер: «Бөлімше,бірінші,екіншіге-санал»,
«Бөлімше бір қатарға саптал»
«Бөлімше санақ бойынша санал»
«Бөлімше 1 қатардан екі қатарға саптал»
«Бөлімше 1 лектен 2 лекке саптал»
Бөлімше Оңға бұрыл, Солға бұрыл, Артқа бұрыл
Саптық адыммен қозғалыс жасау үшін «Саптық адыммен-БАС»,
Мәлімет беру үлгісі: «Взвод түзел, тік тұр, назар ортаға-
Прапоршик мырза 8 «Б» Взводы 9 мамыр ЖЕҢІС Күніне және Қазақстан республикасының Қарулы күштеріне 31 жыл толуына орай арналған саптық сайысқа дайын!
Баяндап тұрған взвод басшысы-Дюхан Арсен»
Саптық жүріспен жүруге арналған пәрмендер:
«Взвод түзел,тік тұр,Әскери сәлем беру, Басшы он жақта(Сол жақта) АЛҒА АДЫМ БАС
«ВЗВОД ЖӘНЕ БІР» пәрмені алдыңғы қатардағы оқушылар Командир жанына 3-5 адым жақындаған кезде дауыстап айтады, орындалу барысында оқушылар бастарын оңға бұрып,қолдарын жамбастарына қысады.
Бірінші лектегілер бастарын бұрмай тік жүреді.
Басшының деңгейінен соңғы оқушы өткеннен кейін,соңғы оқушылар дауыстап «Және екі» деген пәрменді айтқанда бастарын түзу қаратып,қолдарын қимылын жалғастырады.
Саптық ән айту үлгісі: Взвод түзел,тік тұр, әскери әнді айтуды баста.(Сол аяқтан бастап ән айтуды бастауы тиіс)

Әрбір взвод әдепкі тұрған жеріне қайта оралу қажет!

Саптық қалып "САПҚА ТҰР" командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екі жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.
Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.


"ЕРКІН ТҰР" командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
"РЕТТЕЛ" командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
"РЕТТЕЛ" командасы алдында "ЕРКІН ТҰР" командасы беріледі.

Орнында бұрылулар


31. Орнында бұрылулар: "Оң-ҒА", "Жарты айналым оң-ҒА", "Сол-ҒА", "Жарты айналым сол-ҒА", "Артқа БҰРЫЛ" командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл - дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
екінші тәсіл - қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.
Саптық адыммен қозғалыс жасау "Саптық адыммен - БАС" командасы бойынша басталады.
Жорықтық адыммен қозғалыс "Адым - БАС" командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.
Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын анағұрлым еркін, созбай, аяқты жерден 10-15 см биіктікке алға көтеру және табанды нық басу керек.

Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: "Оң-ҒА", "Сол-ҒА", "Артқа бұрыла - БАС".



Прапоршик мырза 8 «Б» Взводы 9 мамыр ЖЕҢІС Күніне және Қазақстан республикасының Қарулы күштеріне 31 жыл толуына орай арналған саптық ән сайысына дайын! Сапта 25 оқушы
Баяндап тұрған взвод басшысы-Дюхан Арсен»

Орнынан дауыстап мәлімдеме беру



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет