Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі кмм жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу



Дата08.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#98295
Байланысты:
Ақпарат ПРавн


Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі КММ
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу
мақсатында жүргізілген жұмыс ақпары

2020-2021 оқу жылының басында мектеп директорының бекітуімен құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыс жоспары бекітілді.
1-11 сынып аралығында мектеп әлеуметтік педагогы Рахимова М.Т құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбы аясында мектеп оқушылармен онлайн баяндама оқыды.
29 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанбекова М.Б және мектеп әлеуметтік педагогы Рахимова М.Т инстаграмм желісі арқылы «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты семинар жүргізді
Қазан айының 7 күні 1-11 сынып жетекшілері Zoom платформасы арқылы «Құқықбұзушылыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
31.10.2020 ж сағат 16:30-да 5-11 сынып ата-аналарымен ZOOM платформасы арқылы жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыста талқыланған негізгі тақырыптар:
1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын – алу
/ Баяндамашы әлеуметтік педагог: Рахимова М.Т/
2. Карантин жағдайындағы балалар мен ата-аналарға психологтың ұсыныстары
/Мектеп психологы: Байсагызова А.К/
3. Карантин уақытындағы жасөспірімдердің көшеде тыс жүруі
/Кент учаскелік полицейі Амирханов Б.О/
Жиналыста әлеуметтік педагог мектеп оқушыларынының құқықбұзушылыққа бейім болмауын және түнгілік рейд, оқушылардың ата-ана рұқсатынсыз жұмыс жасауының болмайтығын ескертіп, құқықбұзушылықтың алдын-алу шарасы бойынша баяндама оқыды.
Мектеп психологы дәл қазір ақпараттық күйзеліс жағдайында өмір сүрудеміз, карантиндегі басты міндетіміз өте қарапайым: аман қалу, мүмкін болса ауырмау, сонымен қатар басқа адамдарға жұқтырмау секілді тақырыптар аясында ұсыныстар айтылды.
4.11.2020 ж әлеуметтік педагог Ғабиден Нурсая 9-11 сынып оқушыларының арасында «Біз құқықбұзушылыққа қарсымыз» тақырыбы аясында танымдық ойын өткізді
Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында құрылған жоспар бойынша әр аптаның сенбі, жексенбі күндері және мереке күндері бекітілген кесте бойынша мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер тиісті рейдке шығып, жұмыстар жүргәзәләп отырды.
Мектепішілік тіркеуде қазіргі уақытта – 1 оқушы тіркелді. КР 442 бап бойынша.
https://www.instagram.com/p/CHAYj8xJipI/?igshid=16ji4p5lqzpho
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=713109829571903&id=100026186783099
https://www.balkhash.goo.kz/journal/view/10/18007






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет