Тақырыбы:
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетті
Физика және ядролық кафедрасы
Семинар жоспары
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтерін, саяси партиялардың типологиясын және партиялық жүйелер, олардың классификациясын жан-жақты түсіну.
-оқу-танымдық – дәрістерде және өз бетінше жұмыс жасау барысында алынған білімдерді бекіту, кеңейту және тереңдету;
-оқытушылық – ел алдында сөйлеу мектебі, материалды таңдап алу және жалпылау дағдыларын дамыту;
-біршама белсенді және мақсатқа бағытталған жұмысқа дайындық күйін талдау негізінде ояту;
-тәрбиелеуші – дүниетаным мен сендірудің қалыптасуы, өз бетіншелікті, ғылыми ізденісті, орындаушылықты тәрбиелеу;
-бақылаушы – студенттердің білім деңгейін және өз бетінше жұмысының сапасын бақылау.
Тақырыптар
1. Саяси партиялар түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтерін айқындау.
2. Саяси партиялардың типологиясын талқылау.
3. Партиялық жүйелер, олардың классификациясы. Партиялық жүйенің қазақстандық үлгісін сараптау
Саяси партиялар түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтерін айқындау.
Саяси партиялардың негізгі мақсаты — қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу. Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері — аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады. Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары: — әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және институционализациялау; — осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету; — мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату; — басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу; — халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту; — партияның белсенді және қабілетті мүшелерінің қатарынан саяси элитаға рекруттеу;
Саяси партиялардың типологиясын талқылау
Партиялар типологиясы Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді. Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым. Беделді жанұялар немесе аса танымал лидерлер қарамағында біріккен саяси топтар бәсекесі көптеген ғасырлар бойы саяси тарихтың негізгі мәселесі болыр отырған. Бірақ, біз саяси партиялар деп атайтын ұйымдар ХIХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада пайда болған екен. Саяси партиялардың негізін анықтау үшін түрлі жолдарды қарастырайық: 1) Партияны бір идеологиялық доктринаны ұстанатын адамдар тобы деп түсіну (Б.Констан). 2) Белгілі бір таптардың мүдделерін білдіретін саяси топ (марксизм). 3) Партияның институционалды түсінігі: мемлекет жүйесінде қызмет ететін ұйым (М.Дюверже). Партияны анықтаудың басқа да жолдары: • партия – идеологияның ұстанушысы ; • партия – адамдардың көп уақытқа бірігуі; • партия мақсаты – билікті жаулап алу
Партиялық жүйелер, олардың классификациясы. Партиялық жүйенің қазақстандық үлгісін сараптау.
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.[1]
Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. Алайда, көппартиялық жүйелердің нақтылы құрылымы әр елде әрқилы. Осылайша, Жапония мен Италияда бір үстем партиямен көппартиялық жүйе қалыптасты. Жапонияда тек 1993 ж. ғана билік басындағы үстем либералды-демократиялық партияны бірнеше партиялардан қүралған одақ (коалиция) алмастырды.