Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.
Салдар мәнді жай сөйлем
Себеп мәнді жай сөйлем
сондықтан, сол себепті
Салдар мәнді жай сөйлем
Себеп мәнді жай сөйлем
өйткені, себебі,
неге десеңіз
Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз. (Ә.Ә)
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқты.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.
Мысалы: Сөз бергенге ерме, - сөз бергенге ер. (мақ.)
Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті. (Ғ.С.)
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.
Сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай)
Әйел де ай сәулесі сияқты: есікті жапсаң, түсіндіктен түседі. (Құтып.)
Опасыз адам жел сияқты: алдыңда құдық барда артыңнан итереді. (Құтып)
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді.
Не, немесе, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде
Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой. (Шәкірім)
Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.
Жүргенше қара бет боп өлген артық:
Не өлтір, не кеш тағы қолымды шеш. (Шәкәрім)
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас дейміз.
Бірде, біресе, кейде
Қазан тұрып біресе атын мақтады, біресе өзін мақтайды, бірақ айналып келгенде, бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті. (Қорқыт)
Кейде ашу, кейде айламен еп ойлады. Не қулық, не сұмдықпен жұмысым жоқ. (Шәкәрім)
Құрамындағы жай сөйлемдернің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
М: Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абд.)
Достарыңызбен бөлісу: |