ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Облыстық семинар
Ашық сабақ
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Заденова Т.С.
Молодежный орта мектебі
2012 ж.
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
Б 1) «Күз» тақырыбы бойынша әңгімелей білу, өз бетімен жұмыс жасай білуді үйрену, сұраққа нақты жауап беруді меңгеруге дағдыландыру.
Д 2) «Күз» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді дұрыс қолдана білу, сауатты жазуға үйрену, монологті, зейінді, ойлауды дамыту, білімдік мотивациясын дамыту.
Т 3) Эстетикалық мәнерін дамыту, бірін-бірі тыңдау дағдысын тәрбиелеу.
Әр жыл мезгілінің өзіндік қадір-қасиеті барын, пайдасын, ерекшелігін көрсетіп, еңбекке баулу, адамдардың еңбегін қадірлеуге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Күз» тақырыбына байланысты суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың типі – аралас.
Әдістері: Оқыту әдісі (сұрақ-жауап әдісі, сөз тіркесін құрау, практикалық әдісі, сөйлеу әдісі, баяндау әдісі), жартылай іздену әдісі, , көрнекілік әдісі.
Форма – жеке, топтық
Пәнаралық байланыс – география, биология
Құралдар: оқулық, көрнекілік, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (сөйлеу әдісі)
«Күз» туралы суреттер.
Музыка: Тәттімбет «Сарыарқа»
Өлең: Мұзафар Әлімбаев «Алтын күз»
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Нені білуі тиіс: Күз тақырыбы бойынша әңгімелей білу;
«Күз»тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.
Нені үйренуі қажет: «Күз» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, сауатты жазу.
II. Үй тапсырмасын тексеру: (Әңгімелеу әдісі)
1. Мақал – мәтел, жұмбақтар
2. Интерактивті тақтадан оқушылардың суреттері бойынша әңгімелеу.
III. Жан-жақты білімдерін тексеру
Хабарлы, сұраулы, лепті , бұйрықты сөйлемдерге мысал келтіру.
IV. Жаңа сабақты меңгертуге даярлық. Сөйлеу әдісі
Қаптау - скучиваться, собраться. Бұлт қаптау
Топ-топ – группой Құстар топ-тобымен
Ерекше – особенный Ерекше күн
Егін даласы – посевное поле
Қайнау – кипящий Қайнаған еңбек
Үздіксіз – непрерывно Үздіксіз үн
1.Түсіндіру, аудару.
2.Дұрыс айтуға дағдыландыру:
а) Мен өзім оқимын;
ә) Менен кейін дауыстап оқиды;
б) Тізбектеп оқиды.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрау.
4. Сөйлемдер құрау.
Тақтаға бүгінгі күнді жазу.
5. Дәптерге жазу.
6. Интерактивті тақтада сөздердің сәйкестігін табу.
V. Лексикалық тақырып: Алтын күз.
Мақсатын қою.
1. Тақтада берілген сызба бойынша, жаңа тақырыпты түсіндіру.
А) Оқушылар сызбаға қарап, мұқият тыңдайды;
Ә) Сызба бойынша мәтін құрайды;
Б) Интерактивті тақтадағы мәтіннен жасырынған сөзді табады;
В) Тағы бір рет оқып шығады;
Г) Мәтінді өз сөзімен аудару;
Д)Деңгейлік тапсырма:
әңгімелеу (баяндау әдісі, сөйлеуге дағды ландырады)
жаңа сөздерден сөйлем құрау (сауатты жазуға дағдыландырады)
∆ мәтіннен сөз тіркестерін табу
2. Интерактивті тақтадағы мәтінмен жұмыс:
Сұрақ - жауап құру (Сұрақ - жауап әдісі ойлау қабілетін дамытады)
VI. Бекіту:
3-тапсырманы жазбаша орындау, бірінші болған оқушының жұмысын сканерден өткізіп, жұмысын талдау;
Интерактивті тақтамен жұмыс:
А) Сөздерді дұрыс аудар (Әрбір оқушы тақтаға шығып жазады)
Ә) Сұраққа жауап бер.
VII. Бағалау, үйге тапсырма: Сөздерді жаттау, Күз туралы әңгімелеу
VIII. Қорытынды: Сонымен, балалар біз бүгінгі мақсатымызды іске асырдық па, жоқ па соны қарайық..
Күзгі көріністі тамашалау.
Достарыңызбен бөлісу: |