Тасты-Талды орта мектебінде өткен пән мұғалімдері арасындағы аудандық семинарда «Бастауыш сынып сабақтарында сындарлы оқытудың сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану» тақырыбына өткізілген коучинг жоспары
І коуч: Какимжанова Айгуль Темиржановна
Еңбек өтілі: 17 жыл 5 ай
Пәні: бастауыш сынып
Сыныбы: 4 «А»
Санаты: І
ІІ коуч: Бейсенова Марина Маулетовна
Еңбек өтілі: 8 жыл
Пәні: бастауыш сынып
Сыныбы: 4 «Б»
Санаты: ІІ
ІІІ коуч: Есенгазина Ляззат Шукировна
Еңбек өтілі: 18 жыл 11 ай
Пәні: бастауыш сынып
Сыныбы: 3 «А»
Санаты: І
Мақсаты: Оқыту үдерісіне сындарлы оқытудың сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулін енгізу арқылы оқуда өзара қарым-қатынас орнатады, ұтқырлық, жан-жақты болуы, өзіндік сана-сезімі қалыптасады, сыни ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын, баланың не үйренгені жайында сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырады.
Негізгі басымдықтар:
Мұғалімдер:
Мектепке оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін енгізу;
Тұрақты түрде кәсіби дамуға ұмтылу;
Сыни тұрғысынан ойлауды үйретуді оқыту үдерісіне енгізуде тиімді стратегияларды қолдана білу;
Коуч мұғалімдер әріптестердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу;
Оқушылардың өз бетінше білімді меңгеруіне, сыни ойлай білуге,сұрақтарды жан-жақты қарастыру білуге бағыттау; бағдар беру, қолдау көрсету;
Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету;
Өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу
Оқушылар:
Жаңашыл, креативті, келешекке деген сенімі бар;
Жағымды «мен» тұжырымы пайда болады;
Оқушылардың метатанымдық, өзін-өзі реттеушілік дағдылары дамиды;
Табыс критерийлері:
Мұғалімдер сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулін оқыту мен оқудың басқа тәсілдерімен ықпалдастыра отырып, өз сабақ үрдісіне белсенді қолдана алады:
Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады: талдау, интерпретация, өзін-өзі реттеу, қорытынды, түсіндіру, бағалау;
Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын белсенді қолданысқа енгізеді;
Мұғалімдер сыни сұрақтар қойып үйренеді;
Мұғалімдер ресурстарды тиімді пайдаланады.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянып, ынталанады ;
Оқушылар белсенді болады, олар мәселеге басқаша көзқараспен қарап, дәлелдемелермен толықтырады
Сұрақ қойып үйренеді, проблемадан шығу жолдарын іздеп үйренеді;
Стратегияларды орынды, саналы түрде қолдана алады;
Өзін-өзі бағалауы артады;
Кері байланыс жасап үйренеді.
07.10.2015 ж
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бойынша коучинг сабағының жоспары.
Коучинг тақырыбы:
|
«Бастауыш сынып сабақтарында сындарлы оқытудың сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану»
|
Мақсаты:
|
Тәжірибе алмасу, ой бөлісу. Прaктикaлық тaпcырмaлaр бeру aрқылы cыни тұрғыдaн oйлaу дaғдыcын қaлыптacтыру, caбaқтa тиiмдi пaйдaлaнуынa ықпaл жacaу
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 20-21 б.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Әріптестерімізде сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады; Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулінің тиімді стратегияларын қолданатын болады.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Слайд-презентация, үлестірме қағаздар,
түрлі-түсті стикерлер, маркерлер
|
Оқыту әдістері:
|
«Қызықты» диктант стратегиясы
«5 жолды өлең» әдісі
Кластер
«Корзина идеи»
«Тыңдалым» стратегиясы
|
Дерек көздері:
|
Интербелсенді тақта, сюжетті суреттер,
|
Тапсырмалар:
|
Топтық талдау, жұптық жұмыс,болжау, тапсырмаларға ат қою, салыстыру, зерттеу
|
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті
І. Ынтымақтастық атмосфера (2 мин)
|
Коучтың іс-әрекеті
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Әсем күлкі» тренингін ұйымдастырамыз.
Рахмет.
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Мұғалімдер жүргізушінің соңынан суретке қарап іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Топтарға бөлу
5 минут
|
|
|
|
1 коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
«Қызықты» диктант стратегиясы
15 минут
|
Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманың тақырыбы: «Аққу». Оларға тірек сөздері таратылады: аққу, ұя, балапан, жұмыртқа. Осы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру керек.
|
Топ спикерлері тапсырмаларды қорғайды.
|
|
2 коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
«Корзина идеи»
15 минут
|
Топтарға әртүрлі суреттер беріледі. Суреттерге зерттеп, ондағы ой мен мағынаны ашу керек.
|
Әріптестеріміз ең алдымен жұпта, кейін топтың ішінде суреттердіталқылайды. Осы сурет арқылы автор не айтқысы келгенді туралы толғанады. Әртүрлі көзқарастар айтылады.
|
|
3 коучтың іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
«Тыңдалым» стратегиясы
15 минут
|
Уақыт өткеннен кейін әрбір топ өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды.
|
Топтар өздерінің пікірін, көзқарасын білдіреді.
|
Рефлексия
Кері байланыс
5 минут
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері.
|
Мұғалімдер бүгінгі сабақ арқылы не білгендігі туралы, әлі де қарастыратын мәселелері жайлы жазады. Әркім өз пікірлерін ұсынады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |