Үш тілде білім беру-бұл тек қарым-қатынас құралы ғана емес,көптеген жаңа мәліметтерге қол жеткізу,түрлі халық мәдениеті мен өмір-салты мен танысу және өз еліңнің дәстүрін,тұрмыс тіршілігін әлемге таныстыру болып табылады



Дата16.02.2023
өлшемі13,59 Kb.
#168936
Байланысты:
Үш тілде білім беру
osd zarar zalal sagindykova zha, 6 БЖБ 5-сынып. Наурыз 7

Үш тілде білім беру-бұл тек қарым-қатынас құралы ғана емес,көптеген жаңа мәліметтерге қол жеткізу,түрлі халық мәдениеті мен өмір-салты мен танысу және өз еліңнің дәстүрін,тұрмыс тіршілігін әлемге таныстыру болып табылады.Қазақстанда үш тілде білім беру – заман талабы. Оны жүзеге асыру идеясы білім мен ізденістің әсерінен және әр адамдар арасында тіл мәселесі бойынша түсіністікті қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі білім жүйесінде үш тілді білім беру жүйесі еліміз үшін қабылданған пайдалы әрі болашаққа бағытталған нақты дұрыс әрекеттердің бірі болды деп санаймын.Себебі әлемдік деңгейдегі ақпараттар көптеген іс-шаралар,технологиялар шет тілдерінде ұымдастырылады.Яғни әртүрлі ақпарат пен хабардар болып,адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін тіл жағынан білімің болу керек.Үш тілді жетік меңгеру үшін оны дұрыс қолдана білу үшін мектептерде 1-2 сыныптан бастап оқытады.Әрине бұл жүйе әр бала үшін жас кезінен үш тілді жетік меңгеру өте қиынға соғады және әр тілді оқу арқылы ана тілінде сөйлеудің маңыздылығын төмендеуі,ұлт тағдарының жоғалуы,өз ойын ашық жеткізе алмауы секілді көптеген қорқыныш ойлар туады.Бірақ бұл тілдерді білмей біз білім деңгейі бойынша алға жылжуымыз,көптеген әлемдік деңгейлік сайыстарда,еліміздің атын шығаруымызға және т.б. жағдайларға кедергісін тигізетіні сөзсіз.Сондықтан қазіргі жастар болып тіл мәселесіне келгенде өзін артқа тартпай,дамуымызды қадағалап,жетік меңгеруіміз керек.Үш тілді білім жүйесінің нәтижесінде әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады, сонымен бірге қазақ тілін дамытуға байланысты халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени дәстүрі сақталып, нығая түседі және шет тілдерін үйрену адамның интеллектісі мен ақыл-ой қабілетінің дамуына оң әсер етеді.
Қорыта келе,үш тілді белім беру жүйесі біздің еліміз үшін нақты пайдасын тигізер іс-әрекеттердің бірі болып табылды,оның нәтижесі ретінде әлемде еліміздің салт-дәстүрінің танылуы,білім бойынша көптеген жетістіктеріміз мысал бола алады.Үш тілді білім жүйесін ары қарай деңгейін арттыру өз тіліміз үшінде,болашағамыз жарқын болуы үшінде келешегі зор идея.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет