Шебер сынып өтушінің аты –жөні: Есимова Жадыра
Жұмыс орны: «Текелі қалалық білім бөлімі» ММ
Лауазымы: Текелі қалалық білім бөлімінің әдіскері
Еңбек өтілі: 12
Санаты: Бірінші
Шебер сынып
Шебер сынып тақырыбы: «Жаңартылған білім берудің тиімді әдістерін жоспарлау»
Шебер сыныптың мақсаты: Мұғалімдердің жаңартылған бағдарламасына сәйкес білім берудің әдістерін жоспарлау және педагогикалық тәжірибедегі дағдыларын жетілдіруге ықпал ету болып табылды.
Міндеттері:
Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты жоспарлау дағдыларын дамыту;
Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерінің сабақ кезеңдерінде тиімді қолдану қажеттілігін түсіндіру
топ құра отырып қатысушылардың жеке басқару мәдениетін жетілдіру және коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
педагогтардың кәсіби біліктілік дағдыларын шыңдай түсуге себепші болу;
психолого-педагогикалық ғылымның жетістіктер негізінде педагогикалық қызметін болжау және талдау қажеттіліктері мен оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |