Шығармашылық жоба



Дата18.02.2018
өлшемі102,48 Kb.
#37921
Шығармашылық жоба
«Ел болам десең- бесігіңді түзе»-деп М. Әуезов атамыз айтып кеткендей «Тәрбие басы -тал бесік»-деп балаларды ұлттық тәрбиеде тәрбиелегенді жөн көрдім. Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді, кай елдің болмасын ірге тасы, жарқын болашығы-ұрпағы екені белгілі, олай болса тілдің қадірін, туған жердің салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, ою-орнегін, ұлттық аспабын,ұлттық тағамын, ауыз әдебиетін бала бойына жеткізе білу әр тәрбиешінің басты борышы деп түсініп, шығармашылық жобамның тақырыбын «Халқы мықтының салты мықты»-деп алдым

Тақырыбы: Халқы мықтының салты мықты.

Жобаның мақсаты: Балаларды халықтық педагогика арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


  1. Балалардың санасын туған тіліне, салт-дәстүріне, әдеп-ғұрпына, халқына деген сүйіспеншілігімен мақтаныш сезімін ұялату

  2. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Ұлттық рухты бойларына сіңіріп, қиялдарын қанаттандыру.

Жобаның бағыты:

  1. Денсаулық

  2. Еңбекқорлық пен адамгершілік

  3. Потриоттық

  4. Өнертанымдық

  5. Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Педагогтың міндеті: Балалардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай ете сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта арқылы слаид , суреттер көрсету

Сабақтың барысы: Ата-баба тілеген

Қалмасын деп қаңырап

Төбесін көкке тіреген

Осы қара шаңырақ-дей отыра ауылға саяхатымызды бастайық(интерактивті тақтадан слаид аркылы қазақүйлер көрсетіледі)

Бірінші киіз үйімізде қазақтың ұлттық киімдерімен танысамыз. Олар

: Қазақтың ұлттық киімдері, қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе атқан бай қазына. 


Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртында өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан – сұлтандар салтанатқа киетін болған. 
Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек жеңі оқалы жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. рқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан – сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. 
Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі – түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал – серілер салтанатқа киген. 
Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады. 
Камзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолдар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп өрнектеледі.

Ал енді екінші қазақ үйімізге келетінболсақ мұнда біз қазақтың ұлттық аспаптарын көреміз.

Ұлт аспаптары: 
Адырна – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе таптып, аң-құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. 
Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарысен іліп тартып ойнайды. 
Аса таяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110-130см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды. 
Домбыра – қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалынады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

Келесі қазақ үйімізде қазақ халқының ою-өрнектері. Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.


Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Олар мүйіз, дөңгелек, ешкі мүйіз, төрт бұрыш, қос алқа, қошқар мүйіз, шаршы,бес бұрыш. Ою-өрнектер қай бұйымға болмасын ерекше сән беріп тұрады.

Төртінші қазақ үйіміз ұлттық тағамдарға толы екен. Олай болса қазақтың ұлттық тағамдарымен танысайық. Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

Қазақша ет:Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды

Қуырдақ - соғыммен бірге жасалынатын кәделі әрі дәстүрлі тағам. Соғым сойылған үйде қуырдақтың дайындалмауы мүмкін емес. Әзірленуі қиын емес және тез піседі. Қуырдақты сұрп ет пен өкпе бауырды, бүйректі майлы ішек-қарынға араластырып, қуырып пісіреді. Жас етті кейде апаларымыз қаймаққа да қуырып пісіреді. Мұны «бал қуырдақ» дейді.

Сірне:Жас төлдің етінен пісірілетін дәмді тағам. Қозы мүшесін жіліктеп қазанға салып, үстіне бие сүтін немесе жаңа тартылған сұйық қаймақ құйып, тұз салады да, буын сыртқа шығармай, бұқтырып жайымен қайнатады. Сонда сүт те, қаймақ та етке сіңіп, оның сүйегіне дейін жұмсарып пісіп шығады.

Ақсорпа: Ерте замандардан бері қазақ семіз жылқы, сиыр сойған кезде, соғым сүйектерін далаға тастамай, жинап қоятын болған. Ет таусылған жағдайда, сол сүйектерді қазанға салып, су құйып қайнатқан. Майлы сүйектер қайнаған кезде, одан кәдімгі майлы сорпа шығады. Түсі ақшыл болғандықтан, оны «ақ сорпа» деп атайды.


Салма: «Нансалма» немесе «кеспе» деп аталатын бұл ұлттық тағам нан кеспесінен және еттен пісіріледі. Қамырды жайып, ұзынша етіп кесіп алып, суға салып пісіреді де, үстіне туралған ет қосады. Сорпасы көп бұл ас жеңіл тағам болады. Салманы көбіне сиыр, қой етінен пісіреді. Жылқы етін пайдаланбайды.

Ал енді бесінші қазақ үйімізде ұлттық салт-дәстүрлер танысатын боламыз.

Қазақ халқының қадым замандардан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі ұрпаққа ұлықтау мақсатында "Халқы мықтының салты мықты" деген тақырыппен бастаған жобамызды жалғастырамыз.

Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар, яғни кәделі сый беріледі.

Бала бесіктен белі шығып, еңбектенуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен

алдына қарап, таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.

Алтыншы қазақ үйімізде, қазақтың ұлттық ойындарымен танысамыз

. Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады.



Күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.

Тоғыз құмалақ – жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар. Тоғыз құмалақты арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада  ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (оны кіші отау деп те атайды), әрқатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар екі түске ақ пен қараға боялады. Әр ойыншыға 81-ден екі ойыншыға 162 құмалақ (оның бұршақ, жүгері дәні болуы мүмкін) беріледі. Олар әр үяға 9-дан орналастырылады. Тоғыз құмалақты тақтада немесе қалың қағазға ұялар мен қазанның кескінін сызып та ойнайды.

Ал балалар осымен біздің ауылдарға саяхатымыз аяқталды. Сау болындар.

Тақырыбы: Ою ойғанның ойы ұшқыр

Білім беру саласы; «Шығармашылық», «Қатынас», «Таным»

Оқу іс-әрекеті; Тіл дамыту, жапсыру, қоршаған орта

Мақсаты:


  • Қазақ халқының қол өнерімен оюдың түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру;

  • Тақпақ, мақал-мәтелдер жаттату арқылы балалардың тілдік қорларын дамыту;

  • Ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

  • Ою-өрнектерді жабыстыру арқылы саусақ маторикасын дамыту;

  • Ойын арқылы танымдық қабілеттілікке тәрбиелеу;

Бағыттары:

Ою-өрнек – сәндік, көркемдік, тазалық, нәзіктік, сұлулық, ақылдылық, ептілік, дәлдікке баулиды, тәриелейді.

Ою-өрнек салған адамның жүрегі, жаны нәзік болады. Ол қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.

Ою-өрнектің қандайы болмасын адамдар өздерін қоршаған дүниеден алады.

Шаттық шеңбері

Орнымыздан тұрайық


Қылқаламды қояйық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Бір тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң
Әсем сурет салайық

Сабақтың барысы:


Бұрынғы кезде біздің ата - бабаларымыз киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге - кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады.
Қазақтың қай ұлттық бұйымы болмасын, ою - өрнексіз болмаған. Бүгін біздер ою - өрнектің «Қошқар мүйіз» деген түрімен танысамыз.
«қошқар мүйіз» - ата бабаларымыздың отар - отар қойы болсын деген арман тілегін, молшылықты білдіреді.

Сонымен қатар ою-орнектерді ұлттық киімдерде, ыдыстарда, ұлттық аспаптарда, көрпе-жастықтарда, тұрмыстық бұйымдарда кездестіруге болады. (слайд арқылы супеттерін көрсетіп отырамын)


Ойнайықта ойлайық

Қолөнер, құрақ құру, ою-өрнек,

Атты баптап, айыл-тұрман, қамшы өрмек.

Салт-дәстүрі ешкімге ұқсамаған,

Қазақтар ғой байлаған жіпті күрмеп.
Ою ойып оюларды ыдыстардың сыртына жабыстыру. Балалар ұйымдасып ұжыммен жұмыс жасайды.
Сергіту сәті

Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.


Екі қолды жаяйық,

құс қанатын салайық,

Қос бүйірді таянып,

Ою-өрнек құрайық.


Бекіту

Қошқар мүйіз молшылықты меңзесе, ағаш ою ынтымақ-бірлікті, ирек ою адамның өмір жолын, судың белгісін, шеңбер ою жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

Ал енді балалар қошқар мүйіз оюын ойып үйренейік. Ол үшін бізге қағаз, желім, қайшы мен қатты қағаз керек. (Балалар ою жасап қатты қағазға жабсырып сол оюлармен көрме ұйымдастырады)
Қорытынды

Жарайсындар балалар барлықтарың өте тамаша шеберлікпен ою ойып жабсырдыңдар.



Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сау болындар балалар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет