Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары Мамырсу ауылы, 2018 ж



Дата08.07.2018
өлшемі1,05 Mb.
#48797
Мамырсу ауылдық округінің

жергілікті Қоғамдық жиналысының

«15» наурыз 2018 жылғы

№1 хаттамалық шешімімен



«БЕКІТІЛДІ»

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020

жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Мамырсу ауылы, 2018 ж





  1. КІРІСПЕ

Мамырсу ауылдық округі «Сергиополь ауылдық округі» болып 1996 жылы жылы құрылған, 2007 жылы ауылдық округ және ауыл атауы Мамырсу болып өзгертілді. Ауыл шаруашылығы жерлерін қоса алғанда ауылдық округтің жалпы ауданы 186 880 га. Округ құрамына 3 ауыл кіреді: Мамырсу, Бозай, Батпақ. Ауылдық округ бойынша жалпы халық саны – 3169 адам, оның ішінде Мамырсу ауылында – 2673, Бозай ауылында – 443, Батпақта – 53 адам. Жұмысқа қабілетті экономикалық белсенді азаматтар саны 1629. Мамырсу ауылдық округінің аумағында 2 мектеп (біреуі Мамырсу ауылында, екіншісі Бозай ауылында орналасқан), 1 дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, мәдениет үйі және оның жанындағы кітапхана, учаскелік полиция пункті, «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшесі ауыл экономикасының дамуына, тұрғындардың мемлекеттік қызметті алуына қолайлы жағдай тудырып отыр. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының негізгі бағыты – мал шаруашылығы болып табылады.


Мамырсу ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайын талдау


  1. Талдау

2.1 Мамырсу ауылдық округінің экономикасы және ауыл шаруашылығы

Ауылдық округтің экономикасының негізгі басымды бағыттарының бірі шағын және орта бизнес, және ауыл шаруашылығы. Бүгінгі таңда ауылда 11 сауда нысаны, 62 шаруа қожалығы, 40 жеке кәсіпкер, 2 АӨК, «Ақ бота» өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығындағы басымдылық мал және мал өнімдерін өсіруге бағытталған.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылдық округтің экономикалық саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 62 шаруашылық, 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі, 1 өндірістік кооператив мал өсірумен, мал өнімдерін өндірумен айналысады. Шаруа қожалықтарында және ауылдың қосалқы шаруашылығында барлығы 5072 бас ірі қара, 2170 бас жылқы және 8219 ұсақ мал, 1755 үй құстары тіркелген.

Аудан орталығына жақын орналасуы ет-сүт өнімдерінің нарығына сұранысты арттырады, сондықтан ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру мүмкіндіктері бар. Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығы саласының қожалықтарына қажетті орын - 2 мал сою пункті бар.

Мал шаруашылығы саласы фермерлерінің жаңа технологияларды қолдануға бейімдеу және білімдерін жетілдіру, тәжірибе алмастыру деген сияқты шаралар жүргізілу қажеттілігі де бар.


ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мамырсу ауылында құс шаруашылығы дамымаған сала. Дегенмен құс шаруашылығы - мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім - етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруге болады.

Осы артықшылықтарына байланысты құс өсірудің экономикалық жағдайлары мал шаруашылығының басқа салаларының экономикалық жағдайларына қарағанда едәуір тиімді болып табылады. Құстан ет және жұмыртқа алу үшін өсіргенде оған жұмсалған қаржы сиыр етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 8-9 есе тез өтеледі.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Ауылдық округте 40 жеке кәсіпкер тіркелген. Тойхана, шеберхана, көлік жөндеу цехы, наубайхана, азық түлік дүкендері, такси қызметі бойынша шағын бизнес нысандары бар. Шағын бизнестің қарқынды дамуына аудан орталығы Аягөз қаласына жақын орналасуы да әсер етіп отыр.


АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

  • шаруа қожалықтары, мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланулары қажет

  • Ауылда малдың ет-сүт, құс өнімдерін өңдеуді дамыту – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс және құс өнімдерін өндіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің қосымша құнын арттыру

  • Аягөз қаласының сауда нүктелерінде Мамырсу ауылдық округінің ет-сүт өнімдерін өткізу ауыл бизнесінің экономикаға қатысу тетіктерін әзірлеу болып табылады




Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  • Жеке тұрғын үй құрылысының өсуі

  • аудан орталығына жақын орналасуы

  • Республикалық маңызы бар автотрассаның бойында орналасуы

  • мал басының көбеюі

  • бөлшек сауда

  • тұрмыстық қызмет көрсету

  • Кәсіпкерлік мақсатқа бөлінген жерлер

  • Ауылдық округтың тиімді географиялық орналасуын және өткізудің негізгі нарығына жақындығын пайдалану




  • ауыл шаруашылығының техникаларының жетіспеушілігі және ескі болуы

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі қол жетімсіздігі

  • Шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі

  • мал өнімдерінің өткізу мәселесі

  • кәсіпкерлік салаға қажет мамандар тапшылығы, білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз

  • Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланбауы

Мүмкіндіктері

қауіптері

  • Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  • «2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

  • «Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары»

  • «Агробизнес 2020» бағдарламасы

  • Округтегі ауыл шаруашылығының негізгі өнімдеріне деген бағаның төмендеуі

  • Ауыл шаруашылығы қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі

  • Бағаның қымбаттауы

  • Инфляция




ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

БІЛІМ БЕРУ:

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ОРТА БІЛІМ БЕРУ.

Мамырсу ауылдық округінде жалпы білім беру мекемелері Мамырсу ауылындағы «С. Ғаббасов атындағы ЖББОМ» КММ мен Бозай ауылындағы «Сергиополь ЖББОМ» КММ - мен ұсынылған. Мектептерде оқу екі маусымда ұйымдастырылған. Материалдық-техникалық базалары толықтай талапқа сай қамтылған, интернетке қосылған.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Мамырсу ауылында дәрігерлік амбулатория, Бозай ауылында фельдшерлік – акушерлік пункт ауыл тұрғындарына қызмет етуде. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда 1 терапевт дәрігер, 1 жалпы тәжірибелік дәрігер және фельдшерлік – акушерлік пунктті қоса алғанда 10 орта буынды мамандар қабылдау жүргізеді. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Амбулаторияда жоқ мамандарға пациенттер Аягөз қаласының аудандық емханасына жолданады. 1 жедел жәрдем көлігі бар.


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ауылда материалдық-техникалық базасы музыкалық аппаратурасымен жабдықталған мәдениет үйі және ауыл кітапханасы бар.

Ауыл ішінде жаңа спорт кешені бар. Мұнда балаларға волейбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақша күрес спорт секциялары және әр түрлі спорттық іс – шаралары ұйымдастырылады. Мамырсу ауылында «Қазығұл мешіті» орналасқан.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Мамырсу ауылдық округі бойынша барлығы 390-нан астам адам әртүрлі деңгейдегі зейнетақы мен жәрдемақыларын алып отыр. Әлеуметтік қорғау бағдарламаларына қатысуға және қолдау алуға жағдай толық бар.


ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Мамырсу ауылдық округінде қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртібіне жауапты учаскелік полиция қызметкері бар, ол арнаулы көлігімен қамтамасыз етілген.



Мамырсу ауылдық округінде әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну саласын дамыту перспективалары:

  • Кудерин – Ғаббасов көшелерін жарықтандыру

  • Мамырсу ауылын абаттандыру Street Workoot

  • Өңірлерді дамыту



Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну бойынша SWOT – Талдау

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

  • Кітапхана мен мәдениет үйінің болуы

  • Спорт кешенінде спорттық үйірмелердің болуы

  • Мамырсу, Бозай ауылдарында спорт алаңдарының болуы

  • Мамырсу ауылында спорт кешенінің бар болуы

  • Ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың келуі

  • Полиция қызметінің болуы

  • Мектептерде кабинеттер тапшылығы

  • ауыл аумағында және білім мекемелерінде спорт алаңдарының кейбір заманауи спорт құралдарымен қамтамасыз етілмегені




Мүмкіндіктері

Қауіптері

  • ҚР 2016-2019 жылдары білімді дамыту бағдарламасы

  • «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

  • Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  • 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

  • «Өрлеу», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары

  • Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  • Әлеуметтік инфрақұрылымдар саласына мемлекеттік бағдарламалардан бөлінетін қаржының төмендеуі

  • Әлеуметтік салаға қажет мамандарға баспананың болмауы

  • Инфляция

  • Жұмыссыздық

  • Маман тапшылығы




2.3 Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Сумен жабдықтау
Мамырсу ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызмет етеді. 2016 жылы Мамырсу ауылының су құбырының жүйесі жаңартылды. Ауылдық округтегі аула саны - 716, Мамырсу ауылында -610 үй, Бозай ауылында – 96 үй, Батпақта – 10 үй. Тұрғын үй иелерімен «Су» КММ мен келісім шартқа отырғызу жұмыстары және су құбырына қосу жұмыстары жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Энергиямен жабдықтау

Ауылдық округ тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету «ШҚ АЭК» АҚ Аягөз электр желілері арқылы жүзеге асырылып отыр. Мамырсу, Бозай, Батпақ ауылдарының тұрғындары 100 % тоқпен қамтылған.



Байланыс және коммуникациялар

Мамырсу ауылдық округіндегі байланыс және коммуникациялармен Казахтелеком АҚ қамтамасыз етеді. Ұялы байланыс операторларының да қызметі 100 % қамтылған. Интернет байланысымен қамту 80%-ды құрайды. Мамырсу ауылында «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Тұрғындарға жергілікті және республикалық басылымдарға жазылу және жеткізуге жағдай жасалған.

Интернет жылдамдығы жақсы, жұмыс жасауға кедергі туғызбайды. Теле - 2 ұялы байланыс базалық станциясы бар. Мамырсу ауылында орналасқан пошта бөлімшесі жеке ғимаратта орналасқан, бірақ күрделі жөндеуді қажет етеді.
Көліктік қолжетімділік және ауыл ішілік жол

Мамырсу ауылы аудан орталығынан 5 км, ал облыс орталығынан 315 км қашықтықта республикалық автотрассасының бойында орналасқан. Ауыл жолдарының жалпы ұзындығы 7,8 шақырым. Жолдардың жағдайы – қанағаттанарлық. Ауылдың Көшкімбаева – Ғаббасов көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ауылдағы жол жиектеріне ескерту, шектеу белгілері орнатылған.

Қысқы уақытта жолдарды «Аягөз жолдары» мекемесі қардан тазартып отырады.

Ауылдық округ тұрғындары аудан орталығына қатынау үшін тасымалдаушылардың (такси) қызметтерін пайдаланады, Мамырсу ауылынан аудан орталығы Аягөз қаласына қоғамдық тасымал қызметі – автобус жүреді.
Абаттандыру және экология

Мамырсу ауылында мәдени-демалыс орындары саябақ, балалардың ойын алаңдары, тротуарлар бар. Мамырсу ауылдық округінде абаттандыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жергілікті бюджеттен ауылды абаттандыруға және көгалдандыруға қаржы бөлінеді, жасалған жұмыстың сапасы тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Ауылда малдардың жайылуы үшін табын ұйымдастырылған, иесіз қаңғыған иттер жоқ. Көше аттары берілген, үйлер нөмірленген. Ауылды көгалдандыруға тұрғындарды тарту үшін «Ең жасыл көше» немесе «Ең үздік аула» деген сияқты әр түрлі байқаулар ұйымдастыру ұсынылады.



Ауылдың инфрақұрылымын дамытудың негізгі басым бағыттары мыналар болып табылады:

  • ауылды абаттандыру бойынша одан әрі жұмыстар жүргізу – парк, балалар алаңдарын, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, селден қорғау құрылғылары

  • Ресурстарды үнемдеу, ауылды абаттандыру, ауылдағы инфрақұрылымдық жобалардың жобалануын және іске асырылуын қоғамдық бақылау мәселелеріндегі ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыру


SWOT-талдау

Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

  • Электр энергиясымен 100 % қамтамасыз етілуі

  • телекоммуникация (ТД, телефон) қолжетімділік – 100%

  • Тұрғын үй салуға жер бөлінуі

  • Аудан орталығымен қоғамдық көлік байланысының қамтамасыз етілуі

  • 85 % көше жарықтандырылған

  • Жеке тұрғын үй құрылысының өсуі

  • Ауылға кіре берістегі автомобиль жолының қанағаттарлықсыздығы

  • Электр энергиясын қамтамасыз ететін кейбір желілердің тозуы

  • Ауылды абаттандыру саласындағы проблемалар (жарықтандыру, көгалдандыру)



Мүмкіндіктері

Қауіптері

  • Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

  • Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы




  • инженерлік инфрақұрылымның даму деңгейлерінің төмендігі





3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Көрініс

Бәсекеге қабілеттілігі жоғары шағын және орта бизнесі дамыған қызмет саласы бар және ет –сүт өнімдерін өндіру жолға қойылған, жоғары жұмысбастылық орын алған ауылдық округ.

Ауылдық округ - ауылға жақын орналасқан аудан орталығы Аягөз қаласындағы сауда нүктелерінде, жәрмеңкелерінде сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруда.

Елді мекеннің тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылымның барлық қызметтерімен қамтылған. Балаларды мектепке дейінгі мекемелер қызметтерімен және мәдениет үйіндегі үйірмелермен, спорт кешеніндегі секция қызметтерімен қамтамасыз етілген. Ауылдың балаларының жабдықталған жайлы мектептерде оқуға мүмкіндігі бар.

Ауылдың халқы заманауи жабдықпен қамтылған медициналық мекемелерге бару қол жетімділігіне ие, мәдени-тынығу қызметтері дамыған, саябақтар, балалар алаңқайлары сияқты бұқаралық демалыс орындары бар. Мамырсу – сумен, ауыл ішілік жолдарымен, ауыл ішінде де, ауылдан тыс жерде де қоғамдық көліктік қатынаспен қамтылған, жарықтандырылған және абаттандырылған көшелері, саябақтары, тынығу орындары бар өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалған ауылдық округ.


    1. Мақсаттар және басым бағыттар

      1. Шағын және орта бизнес


1-ші стратегиялық бағыт: шағын және орта бизнес саласын дамыту арқылы Мамырсу ауылдық округінің экономикасын әрі қарай жақсарту.

1-ші стратегиялық бағытқа жету ауылдың қолда бар экономикалық базасына, сонымен қатар пайдаланылмаған экономикалық әлеуетке негізделетін болады.

Шағын бизнес бірінші кезекте қызметтер нарығы. Бұл тұрмыстық және сервистік қызметтер, сонымен қатар бөлшек сауда саласы. Әкімдіктің шағын бизнесті қолдаудың мәні мемлекеттік қолдау шараларына ие болуға жәрдемдесу, ауыл халқын шағын бизнес негіздеріне оқытуға жәрдемдесу болып табылады.

1-ші басым бағыт. Ауылдағы шағын және орта бизнестің одан әрі дамуын ауылдағы шағын және орта бизнестің өндіріс көлемдерін, ШОБ жұмыспен қамтылғандар санын арттыру арқылы қолдау
Міндет:

Келесі бағыттар бойынша ШОБ одан әрі дамуы:



  • Қызмет көрсету саласы (тұрмыстық)

  • Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің дамуы




  1. ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қолдау алған кәсіпкерлер саны

  • жаңа кәсіпкерлер санының артуы, соның ішінде жастар

  • әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер саны




      1. Экономика және ауыл шаруашылығы


2-ші стратегиялық бағыт: Жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы бизнесті дамыту арқылы Мамырсу ауылдық округінің экономикасын әрі қарай жақсарту.
2-ші стратегиялық бағытқа жету ауылдың қолда бар экономика базасына, сонымен қатар пайдаланылмаған экономикалық әлеуетке негізделетін болады.

2-ші басым бағыт:

Мал ұстайтын шаруа қожалықтары болғандықтан, барлық күштерін ауыл шаруашылығында ауданның нарықтарына бағыттап, ет және сүт өнімдерін шығаруды ұйымдастыруға жұмылдырылғаны жөн.



2-ші басым бағыт. Көкөніс шаруашылығы өндірісін, ет-сүт өндірісін арттыра отырып, ауылдық округте агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын қолдау.

Міндет:


Қолда бар экономикалық әлеует негізінде нарық қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыстарды жалғастыру:

  • көкөніс өнімдерін өндіруді ұйымдастыру

  • ет өнімдерін өндіруді дамыту

  • сүт және сүт өнімдерін өндіруді дамыту

  • ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзге өңірлердегі озық тәжірибелермен алмасу

  • мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау және қатысуға қолдау көрсету

  • Мал шаруашылығы саласының ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:



  • Ауылда өндірілетін көкөніс өнімдерінің көлемдерін ұлғайту

  • өндірілетін сүт өнімдерінің көлемін ұлғайту

  • өндірілген ет өнімдерінің көлемдерін ұлғайту

  • ауыл шаруашылығында пайдалануға бөлінген жерлер көлемін ұлғайту

  • шаруа қожалықтар кооперативтерінің санын арттыру

  • мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау алған шаруа қожалықтары мен кооперативтер


3.2.3 Инженерлік-көліктік инфрақұрылым
Стратегиялық мақсат: Мамырсу ауылдық округінің тұрғындарын сумен, электрмен жабдықтауды жақсарту үшін барлық коммуналдық мекемелер, әкімшілік және халық арасындағы тығыз ынтымақтастық, көліктік қолжетімділікті арттыру, өмір сүрудің жайлы жағдайларын ұйымдастыру болып табылады.

Стратегиялық мақсатқа Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі, комммуналдық мекемелер және ауыл тұрғындары арасындағы бірлескен және үйлестірілген қызмет есебінен қол жеткізілетін болады. Бұл ретте, аталған барлық мүдделі тараптар айқындаған жобалардың іске асыру басымдығы болады. Осындай әріптестіктердің арқасында жергілікті халық ауылдық округті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етудегі ең маңызды және басым проблемаларды айқындауға және олардың шешімін іздестіруге қатысатын болады. Әкімдік белсенді тұрғындармен бірлесіп, қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану, инфрақұрылым саласындағы жобалардың іске асырылуын қоғамдық бақылаудың тиімділігін көтеру, халықтың өз елді мекенін абаттандыруға деген қызығушылығын арттыру мәселелері бойынша ауылдық округ тұрғындарының арасында үгіттеу іс-шараларын өткізетін болады.

Жоспарланған кезеңде ауыл тұрғындарының алдында ауыл ішілік жолдарды жөндеу және жаңа жолдар салу және көліктік қолжетімділікті арттыру, абаттандыру, кәріз жүйесі, көшелерді жарықтандыру, экология бойынша проблемалар өзекті күйінде қала бермек.

Жоспарланған кезеңде стратегиялық мақсатқа жету үшін, жұмыс мына басым бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:


1-басым бағыт. Жақсы жай-күйдегі автожолдар үлесін арттыру арқылы ауылдық округтегі елдімекендердің жолдарын дамыту

Міндет: 1-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

• жолды жөндеу және жаңаларын салу есебінен ауылдық округтегі автожолдарды одан әрі дамыту арқылы жүргізіледі
1-басым бағытқа қол жеткізу индикаторы:

• Ауыл ішіндегі жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі автомобиль жолдарына асфальт, қатқыл табанды және қара жол төселген.


2-басым бағыт. Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін дамыту.

Міндет: 2-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

• Жүргізілген су құбырлары желісі арқылы ауыз сумен толық қамтамасыз ету арқылы


  • Су кәріздері желілерін салу арқылы ауылдың жайлылығы мен экологиясын жақсарту арқылы


2-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:

  • Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту

  • Мамырсу ауылын кәріз жүйесіне қосу

  • Ауыл тұрғындарының жергілікті коммуналдық қызметіне қанағаттанушылық деңгейінің өсуі

  • Апаттық жайлардың орын алмауы


3-басым бағыт. Электр энергиясымен жабдықтау

Ауыл тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің жоғары сапасына қол жеткізу

Міндет: 3-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:


  • Электр энергия трансформаторларын жаңғырту

  • электр беру желілерін жөндеу

  • энергия үнемдейтін технологияларды енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу

4-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:



  • Трансформатор қуатын 100%-ға дейін көтеру

  • электр энергиясымен қамтамасыз ету, желілер мен трансформаторларға қызмет көрсетудің сапасын 100 % ға арттыру


4-басым бағыт. Мамырсу ауылдық округін абаттандыру және экологиялық ахуалды жақсарту
Міндет: 4-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

  • ауыл тұрғындарының мәдени-демалыс орындарын (парктер, балалар алаңдарын және басқаларын) жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс шаралар ұйымдастыру арқылы

  • дренаждық арықтар салу

  • көгалдандыру, ауыл көшелерін абаттандыру

  • «С. Ғаббасов ЖББОМ» КММ жанынан автокөлік жолына жасанды кедергілерді орнату

  • жобаланып және іске асырылып жатқан жобаларды қоғамдық бақылауды арттыру арқылу

  • қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жолдағы кедергілермен қамтамасыз ету арқылы

  • тұрғындарды абаттандыруға тартуға бағытталған түрлі конкурстарды өткізу арқылы халықты ауылдық округті абаттандыру үдерісіне тарту

4-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:




  • көгалдандырылған көшелердің үлесі 60% құрайды

  • Ауылдық округ тұрғындарының жаңа парктер мен қоғамдық орындарды пайдалануға қанағаттанушылық деңгейі 100%-ға дейін өседі

  • Тротуарлармен қамтамасыз етілген көшелердің үлесі 50% құрайды

  • Жаңадан салынған балалар алаңдарының саны және қанағаттанушылық деңгейінің өсуі

  • Конкурсқа қатысқан көше, аула санының өсуі

5 - басымды бағыт Байланыс және коммуникациялар қызметінің сапасын жақсарту

Міндет: 5-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:




  • Байланыс операторларының қызметін жақсарту іс шараларын ұйымдастыру арқылы

5-басым бағытқа қол жеткізу индикаторлары:


3.2.4 Әлеуметтік сала

2-ші стратегиялық мақсат: Мамырсу ауылдық округінің барлық тұрғындары үшін қол

жетімді, сапалы әлеуметтік қызметтер және жағдайларды қамтамасыз ету


Ауылдық округтің әкімшілік қызметкерлері және серіктестері әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосқысы келеді. Бұл үшін әлеуметтік инфрақұрылымды және әлеуметтік қызметтерді жақсартуда барлық мүдделі жақтардың күштері талап етіледі. Бұл мәселеде жергілікті қауымдастық мүшелерінің күш салуымен анықталған бірқатар проблемалар бар, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы жергілікті тұрғындарға тиісті өмір сапасын қамтамасыз ету үшін әрі қарай жақсартуды талап етеді.

Өткізілген талдауға сәйкес аумақтың білім беру (мектептік), спорт пен мәдениет және денсаулық салаларын жақсарту басым бағыты болып табылады. Аталмыш салалардағы жақсартулар ауылдың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Әрине, ауылдың барлық осы мәселелерді шешу үшін жеткілікті қорлары жоқ. Өңірлерді дамытуға және әлеуметтік қызметтер сапасын жақсартуға (мысалы, денсаулық сақтау және білім беру саласында) арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысу, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар және бірлестіктердің қорларын тарту қажет.

Осы себептермен атталмыш саланың дамуы келесі бағыттарда шоғырланатын болады:


1-ші басым бағыт: ауылдық мектептегі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын көтеру болып табылады.

Міндет: 1-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:



  • С. Ғаббасов орта мектебіне математика кабинетін алу

  • С. Ғаббасов орта мектебіне химия кабинетін алу

  • С. Ғаббасов орта мектебіне робототехника кабинетін алу

  • С. Ғаббасов орта мектебінің жанындағы шағын орталыққа қажетті құрал-жабдықтар алу

  • Сергиополь орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу

  • Сергиополь орта мектебіне химия кабинетін алу

  • Білім саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету


1-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • Ауылдық округтегі оқушы орнының тапшылығын 0% ға дейін қысқарту

  • 2-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі қызметтермен қамту

  • білім саласының мамандар тапшылығын 0% ға дейін қысқарту



2-ші басым бағыт: Ауылдағы мәдениетті және спортты дамыту

Міндет: 2-басым бағытты іске асыру бойынша жұмыс:

Спорт, мәдениет салаларын дамыту арқылы ауылдық округ тұрғындары айналысуы үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету

• Мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық – техникалық базасын дамыту

• мәдениет және спорт саласы мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету


2-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 30% өсті

  • Ауылдық округтің білім мекемелерінің, спорт алаңдарының заманауи спорт құралдарымен 100 % қамтамасыз етілген

  • Балалар мен жастардың шығармашылығы мен қабілетін дамытатын мәдениет үйінің, спорт мектебінің қызметімен қамтылған ауыл балалар саны 30% өсті

  • Спорт түрлері бойынша қолжетімді спорт секциялары мен кешендерінің желісін кеңейту

  • Бала ойнайтын қауіпсіз алаңқайларды пайдаланатын ата-аналар мен бала саны артты


3-ші басым бағыт:Ауыл халқының денсаулығын нығайту

Міндет: медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін көтеру

  • медициналық қызмет алу мүмкіндігін кеңейту


3-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • ауыл тұрғындары заманауи талабына сай медициналық қызметпен қамтылған

  • медициналық қызмет көрсету орталықтары білікті мамандармен қамтамасыз етілген

  • Жедел жәрдем қызметі ауыл тұрғындарына қол жетімді


4-ші басым бағыт: Әлеуметтік қорғау

Міндет: 4-басым бағыты іске асыру бойынша жұмыс

  • Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру


4-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

  • Жұмыссыздық деңгейі төмендейді

  • Әлеуметтік қызметтер көрсетіледі


5-ші басым бағыт: Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Міндет: 5-басым бағыты іске асыру бойынша жұмыс

  • Қоғамдық тәртіпті арттырып, Мамырсу ауылындағы «С. Ғаббасов ЖББОМ» КММ жанынан жасанды кедергілерді орнатып, тұрғындардың қауіпсіздігін көтеру


5-ші басым бағытқа жету индикаторлары:

• Ауыл ішінің жолдарының қауіпсіздік деңгейі 100 % артты

• Ауылдық округта жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер 0 % төмендеді


  • Тәртіп бұзушылық 100 % төмендеді



Іс шаралар жоспары

1-ші стратегиялық мақсат




Іс шара

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауаптылар

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындарының саны

1-ші басым бағыт. Ауылда шағын және орта бизнестің өндіріс көлемдерін арттыру арқылы ауылда шағын және орта бизнестің одан әрі дамуын қолдау, ШОБ жұмыспен қамтылғандар санын арттыру

1

Мәселелерді шешу және ШОБ дамыту перспективаларын талқылау үшін ауыл бизнесі мен әкімнің тұрақты кездесулерін ұйымдастыру

2018– 2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі


Өткізілген кездесулер саны



Ауылдағы жаңа кәсіпкерлер және кездесулер саны

Кездесулерге қатысқан кәсіпкерлер санының артуы

Ұсынымдар және шешілген мәселелер





2

«Жыл кәсіпкері» және «Ауылға демеуші болған шаруа қожалығы», «жыл Меценаты» байқауларын ұйымдастыру

Жыл сайын

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі



Байқауға қатысушылар саны

Байқауға қатысушылар санының өсуі

Марапат алған кәсіпкерлер саны





2-ші басым бағыт. Ауылда ет -сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыра отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын қолдау

3

Шаруа қожалықтарына ветеринарлық қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету

2018 – 2020

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

2017 – 2021 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

1.2.2-міндет. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту


Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі


Аягөз аудандық Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі


Шаруа қожалықтарына көрсетілген ветеринарлық қызметтің саны







4


Мал басының санын арттыру

2018 – 2020

Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы



Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

Жеке инвестиция





Өндірілген ет өнімі




5

Ауыл шаруашылығы саласының өнімдерінің жәрмеңкелерін

аудан, облыс аумағында ұйымдастыру



2018 – 2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығыбөлімі

Шаруа қожалықтар кооперативтері


Жәрмеңкелер саны
Қатысқан шаруа қожалықтары саны

Жәрмеңкеде сатылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі





2-ші стратегиялық мақсат



Іс шара

Іске асыру мерзімі

Мүмкін болатын қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауаптылар

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындарының саны




1-ші басым бағыт. Ауылдық округтегі мектептерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын көтеру




6

«С. Ғаббасов атындағы ЖББОМ» КММ –де математика, химия, робототехника, ағылшын, қазақ тілі , кабинеттерін ашу

2018-2020

2016- 2020 ж.ж. арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы
Жергілікті бюджет

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Аягөз аудандық білім бөлімі










7

С. Ғаббасов орта мектебіне жиһаз, компьютер комплектісін алу

2018-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі








-

8

С. Ғаббасов орта мектебінің жанындағы шағын орталыққа қажетті құрал – жабдықтар алу

2018-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары


Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі











9

Сергиополь орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу

2018-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі











10

Сергиополь орта мектебінде химия, ағылшын кабинеттерін ашу

2018-2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы


Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі











11

Ауыл аумағында және білім мекемелерінде спорт алаңдарының заманауи спорт құралдарымен жабдықтау

2018-2020

Кәсіпкерлер

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарына арналған кешенді даму жоспары



Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі


спорт алаңдар жабдықталады

спорт алаңдары заманауи спорт құралдарымен 80 % қамтамасыз етілген




3-ші басым бағыт: Әлеуметтік қорғау

12

Жұмыссыздық деңгейін төмендету

2018-2020

«2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

Аягөз аудандық жұмыспен қамту орталығы

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі












4-ші басым бағыт: Ауылдық округте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жағдай жасау

13

«С. Ғаббасов ЖББОМ» КММ жанынан автокөліктерге арналған жасанды кедергілерді орнату.

2019

Кәсіпкерлер

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі






Ауыл ішілік жолдарының қауіпсіздік деңгейі 100 % артты, жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер 0 % төмендеді.








3-ші стратегиялық мақсат




Іс-шара

Іске асыру мерзімі

Ықтимал қаржыландыру көзі

Іске асыруға жауапты

Өнім индикаторы

Нәтиже индикаторы

Құрылатын жұмыс орындарының саны

1 басымды бағыт Жақсы жай-күйдегі автожолдар үлесін 50%-ға дейін жеткізумен ауылішілік жолдарды дамыту

14

Терлікбаев көшесінің жолын көтеру

2018-2020

Өңірлерді дамытудың 2016-2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары



Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі


Асфальт, қатқыл табанды жол тегістеліп қиыршық тас төселді

Ауыл ішіндегі жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі автомобиль жолдарының үлесі




15

Жол салу құрылысының іске асырылуын қоғамдық бақылау мәселелеріндегі ауыл тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттыру

2019-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Мониторинг жүргізілген обьектілер

Мониторинг қорытындысы

Ұсынымдар

Жөнделген кемшіліктер





2-басым бағыт. Халықты сумен жабдықтау, кәріз жүйесін дамыту

16

Мамырсу ауылдық округінде жаңартылған су құбыры

2016-2019

Шығыс Қазақстан облысында 2016-2020 жылдары өңірлерді дамыту бағдарламасы

«Ақ бұлақ -2020» мемлекеттік бағдарламасы

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары


Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі


Су құбыры жүргізілді

Мамырсу ауылының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды


-

17

«С. Ғаббасов атындағы ЖББОМ» КММ жанындағы шағын орталығына су құбырын тарту жұмыстары

2019-2020

Жергілікті бюджет


Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері













3-басым бағыт. Электр энергиясымен жабдықтау

Ауыл тұрғындарына электр энергиясымен қамтамасыз етудің жоғары сапасына қол жеткізу



18

Электр беру желілерін жөндеу және жаңғырту


2018-2020

Жергілікті бюджет

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары



«ШҚ АЭК» АҚ АЭЖ
Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі










4-басым бағыт. Мамырсу ауылдық округінде экологиялық ахуалды жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары

19

Кудерин – Ғаббасов көшелерін жарықтандыру

2019

Жергілікті бюджет

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі










20

Street Workoot (Мамырсу ауылын абаттандыру )

2018-2020

Жергілікті бюджет

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі










21

Өңірлерді дамыту

2018-2020

Жергілікті бюджет

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі











22

Мәдени-демалыс орындарын (парктер, балалар алаңдарын және басқаларын) жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс шаралар ұйымдастыру

2018-2020

Жергілікті бюджет

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары


Жеке инвестиция

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Демеушілер




Ауыл паркі жөндеуден өтті

Ағаштар отырғызылды

Ойын алаңдары мен орындықтар орнатылды


Балалар ойнайтын және спортпен шұғылданатын алаңдардың сапасына қанағаттану деңгейі

Ойнайтын бала саны






23

Ауыл тұрғындарын абаттандыруға тартуға бағытталған түрлі іс шараларды өткізу

2018-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері

Демеушілер


«Балалар алаңқайын бірге сырлайық»

«Ең үлгілі көше»



Жөнделген балалар алаңы

Байқауға қатысқан көшелер






24

Көшелерді көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу

2018-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары


Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері

Кәсіпкерлер

Ауыл тұрғындары



Ауылдағы көгалдандырылған көшелер саны

отырғызылған ағаш саны




Көшелердің жалпы санындағы көгалдандырылған көшелердің үлесі






25

Аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлерінің қоршауын жөндеу жұмыстары

2018-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары

Жеке инвестиция



Демеушілер




Ауыл көшелері 80 % жарықтандырылады




26

Орталық саябақты абаттандыру жұмыстары

2018-2019

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдары дамыту жоспары


Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері












6 - басымды бағыт Байланыс және коммуникациялар қызметінің сапасын жақсарту

27

Байланыс операторларының қызметін жақсарту іс шараларын ұйымдастыру

2018-2020

Мамырсу ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары
Цифрлы Қазақстан бағдарламасы

Мамырсу ауылдық округінің әкімшілігі

Жергілікті қауымдастық жиналыс мүшелері



Байланыс операторлары

Байланыс операторлары желілердің жұмысын күшейту үшін қосымша қондырғыларын орнатты

Ауыл тұрғындары байланыс қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі өседі сапа қызметі артты







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет