Үшкомпонентті жүйелер
Үшкомпонентті жүйелер құрамы жазық үшбұрыш диаграммасында көрсетіледі. Тең қабырғалы үшбұрыш төбелері таза А, В, С заттарын, ал сол төбелерді қосатын қабырғалар сәйкесінше екікомпонентті жүйелер құрамын көрсетеді. Үшбұрыш ішіндегі барлық нүктелер үшкомпонентті жүйелер құрамын көрсетеді. Жүйедегі әр компоненттің үлестік құрамы нүкте қай төбеге жақын орналасқан сайын, соғырлұм артады.
Үшкомпонетті жүйенің құрамын анықтаудың екі әдісі бар. Гиббс ұсынған әдісте 100% (н/е 1) деп, дұрыс үшбұрыштың биіктігін алады. P нүктесіндегі әр компоненттің проценттік үлесі осы нүктеден таза компонентке сәйкес келетін қарсы төбеден үшбұрыш қабырғасына түсірілген перпендикуляр ұзындығымен анықталады.Суретте Ра кескіні А– ның проценттік үлесіне, Рb - В проценттік үлесіне, Рс – С проценттік үлесіне.
Сурет. Үш компонентті жүйенің құрамын көрсететін үшбұрыш.
Розебом әдісі бойынша 100% (н/е 1) деп, дүрыс үшбұрыштың қабырға ұзындығын алады. А компоненттінің құрамы pa кескініне, С құрамы –pc кескініне, В құрамы –рb кескін ұзындығына тең.
Экстракция әдісімен бөлу екі фазалы жүйеде қоспа компоненттерінің әртүрлі ерігіштігіне негізделген, көбінесе су және онымен араласпайтын органикалық еріткіш алынады. Ондай экстракцияны сұйықтық деп атайды.Экстракция әдісі органикалық табиғи және минеральды заттарды концентрлеуге және бөлуге қолданылады. Заттардың фаза аралық таралуы органикалық және сулы фазадағы концентрацияларының қатынасымен сипатталады.
Со/Сс=К К-таралу коэффициенты(тұрақты мән)
Қанық ертінділер үшін Со мен Сс мәні анықталатын заттың екі еріткіште ерігіштігімен анықталады. Сондықтан, заттың органикалық еріткіштегі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым судағы ерігіштігі төмен болады, ал зат толық экстракцияға ұшырайды. Экстракциялану дәрежесі көбінесе органикалық еріткіштің қасиетіне және сулы фазадағы зерттелетін заттың күйіне байланысты. Кейде затты сулы фазадан бірнеше қайталап экстракциялап толық бөліп алуға болады.Металдарды экстракциялау олардың органикалық реагенттермен қосылыстары қолданылады. Ондай қосылыстар суда аз ериді, ал органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Мысалы, іс жүзінде суда ерімейтін металдардың оксихиналинаты бензолда, хлороформда жеңіл ериді. Бұл қосылыстардың сандық мәнін экстракциялаған соң сусыз фазада оптикалық тығыздығын өлшеу арқылы анықтайды.Экстракциялау процессі өнеркәсіпте материалдарды және реактивтерді тазалауға қолданылады.
Орындаған:Адилов Асқар
Достарыңызбен бөлісу: |