Шоқанның МӘҢгілік мекені



Дата14.09.2023
өлшемі13,09 Kb.
#181131
Байланысты:
шоқан


ШОҚАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ


29 сәуір күні Журналистика және ақпарат БББ ЖҚ-111 тобы және куратор Ілескен Әлбатырұлымен Шоқан Уалихаеовтың зираты мен мемориалдық музейінде болып қайтты. Шоқан Уәлиханов мемориалдық кешені сол жерге жақын орналасқан Жоңғар Алатауы жотасының атауымен «Алтын емел» деп аталады. Ғимараттың сырты қазақтардың көне сенім-нанымдарына сай дүниенің төрт бұрышын бейнелейтін бұрыш элементері бар мазар түрінде салынған. Музейге кіреберісте белгілі қазақ мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаев граниттен қашап жасаған Шоқан Уәлихановтың мүсіні тұр. Оның артындағы қабырғаға ғалымның әйгілі саяхатының сызбасы көрсетілген қолдан жасалған үлкен гобелен ілінген. Сонымен қатар, музейде Ш.Уәлихановтың өзі және отбасы қолданған бұйымдар бар. Жетекшімен бірге музей ішін аралап болған соң, зират басына барып Құран бағыштадық. Аққан жұлдыздай қас қағым ғұмырында ғылымның бар саласын игеруге құлшынған Шоқан бабамыздың қолтаңбасын музей төріндегі әрбір жәдігер дәлелдеп тұрғандай. Осылай, Шоқанның мәңгілік мекені болған Шанқанай ауылынан ерекше толқыныс күймен кері аттандық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет